I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет319/369
Дата04.10.2023
өлшемі2,32 Mb.
#183615
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   369
Байланысты:
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жа-emirsaba.org

3 мәтін 
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі
шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі
шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге
жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді.
Бүл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын
қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау
шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей
мұңайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су
тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда
ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?»
деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып
құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай
жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды
толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жок. Одан да
қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана.
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы
жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп
тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? - деп сұрапты, - бұл сендегі кемшілікті
менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, - деп сөзін
жалғастырыпты. Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз
өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдермен
қожайынды таңқалдыра, өтер жолды жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда
қожайынымыздың үйінде мүндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен.
7. Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз
1.Гүлге оранған жол
2.Екі шелек туралы
3.Тапқыр су тасушы
4.Кінәлі тесік шелек
A) 3.1.2.4. B) 1.3.2.4. C) 4.1.2.3. D) 2.1.4.3. E) 2.4.3.1.
8. Тесік шелекке тән қасиет
A) Өшпенділік B) Менмендік C) Батылдық D) Ізеттілік E) Қорқақтық
9. Су тасушының ерекше қасиетін көрсетіңіз.
A) Сенімсіздігі B) Дарындылығы C) Әңгімешілдігі D) Алғырлығы
E) Тапқырлығы
10. Мәтін стилі
A) Іс қағаздар B) Ауызекі сөйлеу C) Публицистикалық D) Көркем әдебиет
E) Ғылыми
11. Мәтінге лайык атау
A) Тесік шелек B) Өзен жағасы C) Бүтін шелек D) Риза қожайын E) Жана шелек
12. Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді?
A) Мақтаншақтығы B) Жағымпаздығы C) Намысқойлығы D) Жалқаулығы
E) Озбырлығ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   369




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет