I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет322/369
Дата04.10.2023
өлшемі2,32 Mb.
#183615
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   369
Байланысты:
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жа-emirsaba.org

3- 
мәтін 

Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскен беті сірескен қалын қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге


тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалғыз-аяқ жолдың
жатасында бармақтай-бармақтай кілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен
алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді.
- Coншақадалып, қайда қарап тұрсыңдар? деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып
алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа.
- Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда барып
тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмын.


296

- Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді.
ІІІөбі де қою, құйқадай ұйысқан.
- Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.
- Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар.
- Е, неге, біз де жол тауып алайық та.
- Гүлдср ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұқымы келесі жылда көктеп, ұрпағы
тарайды. Ал гүлдің ұшқаны өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында
жаншылып жатады.
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау айтпастан
бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді.
Жұлдыздар төніп,
Қадала жерге қарайды.
Жарығын төгіп,
Бакытқа соны балайды.
Үмітке теліп,
Телміртіп тұрды талайды.
Алайда гүлдер кызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла ұшар емес.

7.
Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жен, босқа әуреленбей- ақ койыңдар»


деген сөздері қандай мақсатпен айтылған?
A) Жігерлендіру үшін
C) Қанағаттандыру үшін
Е) Көңілін көтеру үшін
B) Қол ұшын беру үшін
D) Босқа үміттендірмеу үшін.
8.
Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді!
A) Талапшылдығы
C) Даукестігі
E) Қайрат-жігері
B) Мақсатшылдығы
D) Арманшылдығы
9.
Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел
A) Жол мұраты - жету
C) Арманның үлкен, кішісі болмайды E) Жақсы сөз - жарым
ырыс
B) Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді D) Таң атпаймын десе, күн қоймайды
10.
Мәтіннің стилі
A) Публицистикалық
C) Ғылыми
Е) Көркем әдебиет
B) Ресми іс қағаздар
D) Ауызекі сөйлеу
11.
Гүлдердің армандауына себеп болған не?
A) Құмырсқа
C) Жұлдыздар
Е) Көбелек
B) Қарағай
D) Жел

12. Мәтіннің тақырыбына лайық атау


A) Қызыл қанат көбелек
C) Арманшыл гүлдер
E) Гүлдер айтысы
B) Орындалған арман
D) Қызғаншақ құмырсқа




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   369




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет