2350-Нұсқа
1-мәтін
1. Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау
алыстан көк толқынның қонырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.
2. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге
ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
3. Құсы кеп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс кұраққа салады.
Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан,
әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін
шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.
1. Екінші азатжолда не туралы айтылған?
A) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
B) Көл атауы туралы
C) Көлдің көлемі туралы
D) Қамысты құрақтағы құстар туралы
E) Көлдегі балықтар туралы
2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
A) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты
B) Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
C) Көл толқынының сылдырына байланысты
D) Көлдің әдемілігіне байланысты
E) Көл толқындарының бұйралығына байланысты
2-
мәтін
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға
дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде
бойдақ болғаны ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады»,
— деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ».
Осындай ойымен түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйінің
алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей
бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар - қартайғанымда олар
маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам
болмайды», — дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір
қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш
азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып
жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге
қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тыя
алмады.
3. Автордың мэтінді жазудағы мақсаты қандай?
A) Ниеттес адамдардың мейірімділігін үлгі ету
B) Үлкенді сыйлауды дәріптеу
C) Адал еңбек етуге шақыру
D) Адамдарды кәсіппен айналысуға шақыру
E) Көркем мінезді үлгі ету
4. Екі дос неліктен өнімді бір-бірінің үйіне тасыды?
A) Досы отбасын асырай алмағандықтан
B) Досы өтініш жасағандықтан
C) Досына қарыз болғандықтан
D) Өзі үйленбеген, бойдақ болғандыктан
E) Досына көмектескісі келгендіктен
299
5. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A) Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
D) Айтулы достың малы бір,
B) Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды,
Кемедегінің жаны бір.
Жер - қазына саусаң да таусылмайды.
E) Еңбегің қатты болса,
C) Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.
Татқаның тәтті болар.
6. Неліктен достардың өнімі азаймады?
A) Жерлері құнарлы болғандықтан
B) Өнімді үнемдеп пайдаланғандыктан
C) Екеуі еңбексүйгіш болғандыктан
D) Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан
E) Өнімді көп жинағандықтан
Достарыңызбен бөлісу: |