316
Сонда Қажекең:
-
Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы
қалада да
бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты.
-
Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар,
әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды қоса шақыратын
да, отырыстьң өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдің мол дастарқанының төрінде
жалғыз мен. Үй
иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске
сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт
түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып,
нан ауыз
тиді де, маған карап:
-
Қажы ага! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! - деп
түрегелді. Атып тұрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске келдік. Бір қайықшы
қайығымен тосып тұр екен. Қайықка отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ аралына
алып келді. Аралда бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып, тамақты түсіріп
болған соң мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп өалды.
Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін
түсіндіргені.
-
Аға, арманым елдің даңқын көтерген сізді бір көру,
қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Енді
сізден бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды жолықтыра
алмай жүрмін, - дегені.
-
Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым.
-
Иә.
Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі
алаңкайға ертіп барып:
-
Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды.
Әлгіні олай-бұлай итерем, тартам. Тартып тұрып, итеріп қалам.
Итеріп
тұрып, тартып қалам. Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрған орнынан
қозғалта алмай-ақ койдым, қақиған мойны да иілмейді.
-
Ал енді өзің көр, - деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра ұстады
да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, жерден
көтере айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта мұндай
күйге түспеген едім. Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып жүрмін. Бір
уақытта тік көтеріп алды да, жерге екі аяғыммен дік еткізіп қоя койды. Сосын басын иіп, тізесін
бүгіп,
еңкейе тағзым етіп Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді.
Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына
жолатпағаны да менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы
екен.
Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді
сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына
қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жас та шығып кетті.
Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын.
-
Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі
жаныңда болам. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! - дедім.
Сөзіме, көңіліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын
тапқандай, елжіреп ағалай береді.
13.
Әңгіме соңында Қажымұқан кандай көңіл күйде болды?
A)
Сабыр етті
B)
Басу айтты
14.
Күресте кім жеңіске жетті?
A)
Бейтаныс жігіт
B)
Балуан Шолақ
15.
Мәтіннің стилі кандай?
C)
Ренжіді
D)
Толқыды
C)
Қажымұқан
D)
Қайықшы жігіт
E)
Күмәнданды
E)
Тең түсті
A)
Ауызекі сөйлеу стилі
B)
Ғылыми стиль
C)
Көркем әдебиет стилі
D)
Ресми іс-қағаздар стилі
E)
Публицистикалык стиль
16.
Мәтін мазмұнынан жігіттің қандай қасиеті көрінеді?
A)
Атаққұмарлығы
B)
Кішіге мейірімділігі
C)
Үлкенді сыйлауы
17.
Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
D)
Шешендігі
E)
Барға қанағатшылдығы
A)
Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін насихаттау
317
B)
Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету
C)
Қазақ халкының үлкенді құрмет тұтатын салт-дәстүрін дәріптеу
D)
Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету
E)
Балуандардың дүниежүзілік күреске
жету жолын көрсету
18.
: Жігіттің Қажымұқанды қонаққа шақыруының басты себебі неде?
A)
Жора-жолдастарымен таныстыру
B)
Қажымұқанды жығып, даңққа бөлену
C)
Дәм таткызып, әнін тыңдату
D)
Күшін Қажымұқанға сынату
E)
Үй ішін балуанмен таныстыру
19.
Түйемойнақ аралында неліктен Қажымұканның жамбасы жерге тимеді?
1.
Қажымұқанның күші басым болғандықтан
2.
Қажымұқанды сыйлағандықтан
3.
Қажымұканның абырой-данқына сызат түсіргісі келмегендіктен
A)
Біріншісі мен екіншісі дұрыс
B)
Барлығы бұрыс
C)
Екіншісі мен үшіншісі дұрыс
20.
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A)
Күш атасын танымас.
B)
Ep айтқанынан қайтпас.
C)
Батыр жарасыз болмас.
D)
Тәуекел тау жығады.
E)
Шешінген судан тайынбас
D)
Барлығы дұрыс
E)
Біріншісі мен үшіншісі дұрыс
Достарыңызбен бөлісу: