I.
Қазақ - күнлелікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе
39
шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді болып табылады. Түйе түлігі күй
таңдамайды, басқа
мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе
қүндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды.
Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
III.
Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтустік
Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған. Туйенің шығу тарихы. Туйелер - ірі
табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір
түрі. Қолда есірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл
бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі - лама. Түйелер -
шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың
башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың
орнында башпайларының
ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және
астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қалталған. Сондықтан бұл жануарларды
контабандылар деп атайды. Түйенің
кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі,
түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүиелді жерлері ыстық құмның
әсерін сезбейді. Осыған байланысты туйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді.
IV.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр
жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді
аймақтарда тіршілік
етуге бейімделген, Сондықган халык туйені «шөл дала кемесі» деп
атайды. Айыр өркешті түйенің қолга уйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті
түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы туйе
жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Моңғолиянын Гоби шөлінде ғана
сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Туйенің пірін -
«Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: