63
екен, ол ұрлаған акшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,’’-деп
күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне
қайтты. Бай сонынан бұқпантайлап барып тагы тың тыңлады. Құлағына шықырлаған
акша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тагы
да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жагына алып рахаттанып уйықтап
жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті.
Сонда да күдігі сейілер емес. Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін
мазақ қылып тұрғандай керінді. Бай ақыры:
- Менің казынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді
жүресің, тыққан акшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. Сонда жалшысы:
- Қожайын. жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың.
Менің байлығым - екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім.
Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме
деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды, “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты.
Мен сиякты қызганатын байлығы да жоқ. Байлық маган бақытсыздық үшін біткен бе?
Басым ауырып кетті”.
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Онын сыртынан қарап тұрган бай алдынан жүгіріп
шыққан екі баласына қызыға карап калды...
Достарыңызбен бөлісу: