I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі
әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас құлындар қарақұлақ
бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып,
тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей қаз-қағар тізіліп
байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы
болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.
II. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шақырып, кейде мал сойып немесе
қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарының
басын қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындық» тойын өткізеді. Бүл кезде желі
қазыққа, айғырдың сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып,
бие сауынын бастайды.
1. Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып
A) Тартылған желілер
D) Бие байлау
B) Ноқталанған құлындар
E) Жүннен есілген ноқталар
C) Жас құлындар
2. Бие байларда қандай ырым жасалады?
A) Қыстан қалған сүрді пісіреді.
B) Желіге құлын байланады.
C) «Қымызмұрындық» тойын өткізеді.
D) Жұмсақ жүннен ноқта жасалады.
E) Желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағылады.
2- мәтін
1. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың
қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет»
өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл
көтереді.
2. Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды, Әдетте, шілдеханаға ауыл
үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан
қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі
нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген, «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып
күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы
сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның
бір түрі.
3. Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші
сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта
жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады.
Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір
қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл
адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.
4. Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден
көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала
екен!» - деп түкірген болады.
5. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін
мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.
3. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы
A) Тіл-көзден сақтау ырымдары
B) Ескі наным-сенімдердің сақталуы
C) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы
D) Немерелі болған әже қуанышы
E) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері
4, Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?
215
A) Төртінші B) Бесінші C) Екінші D) Үшінші E) Бірінші
5. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?
A) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы
D) «Қырық жеті» деген сөз арқылы
B) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы E) «Ат ұстар» деген сөз арқылы
C) «Күл шашар» деген сөз арқылы
6. Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің
мәнісі
A) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
B) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі
C) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан
D) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
E) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады