I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


- мәтін  Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір



бет287/367
Дата28.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#193790
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

3- мәтін 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір 
1. Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп,
жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу
мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи
оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен
өткен кезеңдерден сыр шертеді.
2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз
Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде
Қозыбасы биігіне жақын болыпты.
3. Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ
мемлекеті құүрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі
жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мухаммед Хайдар Дулатидің
«Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасыда
деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихи-географиялық тұрғыдан алғанда XIV- XV
ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар
жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.
4. Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының
тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек
көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін
қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта,
Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі
болды.
5. Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан
аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы
екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән
айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге XIV - XV ғасырлардағы
этноүрдістер жатады. Бүл кезеңнің басты белгілерінің біріне - қазақ халқының этнос ретінде
тарих төріне шығуы жатса керек.
6. Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар
негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр, территория, менталитеттегі байырғы этностың
қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі
аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие
болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ



264



хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың
алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы,
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет
ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі
«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі
тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек.
Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекетгер
біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ
хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез келген елімен
тең тұра алатын.
7. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз
A) Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған?
B) Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды?
C) Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді?
D) «Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай?
E) Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   367




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет