I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет290/367
Дата28.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#193790
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

3- мәтін 
Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы
«Әр елдің салты басқа, итгері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт-
дәстүрлері бар.
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға
міндетті түрде самса қойылады екен.
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың
барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы
сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа
жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына
шығарып тастайды екен.



267



Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны
ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде
жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана
қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен. Айтса
айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап
кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар
көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып,
көркемдейтін көрінеді.
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл
тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір- бірінің үстеріне су
шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға
болады.
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын
көрінеді.
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен.
Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар
атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс
гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы
мен ақпан айының басына келеді.
Ұлыбритания алғаш ашықхатгарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да
Жаңа жылда осы елдің әр отбасы таныстарын ашықхат арқылы құттықтағанды ұнатады.
Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі
бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көңіл күйде
болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде
мерекелік дастарқан жайылады. Бүл күні күн мен түн теңеседі.
7. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай,
кетерінде сыйлықтар беруінің себебі
A) Қолы ашық екенін көрсету үшін
B) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін
C) Ырымдарға сенгендіктен
D) Ұстамдылығын байқату үшін
E) Адалдығын көрсету үшін
8. Мерекелерде ашықхаттармен құттықтау бізге қай елден келген?
A) Үндістаннан B) Голландиядан C) Ресейден
D) Ұлыбританиядан E) Қытайдан
9. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали» деп аталуының себебі
A) Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен
B) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
C) Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан
D) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан
E) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан
10. Жаңа жыддық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет
A) Голландия B) Үндістан C) Қазақсан D)
Ресей E) Қытай
11. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел
A) Эквадор
B) Франция
C) Италия
D) Венгрия
E) Болгария



268



12. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер
A) Венгрия - Эквадор B) Голландия - Куба
C) Қытай - Ұлыбритания D)
Гвинея - Эквадор E)Үндістан - Куба



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   367




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет