271
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи
күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде
Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы
халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек,
Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және
шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде
орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бүл өнерді
дамьпуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет
Мыкдыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
7. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері
2. Күйлердің тақырыптары
3. Күйдің өрістеп дамуы
4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі
5. Күй - аспаптық жанр
A) 4,3,1,5,2
B) 1,5,2,4,3
C) 3,1,5,2,4
D) 2,4,3,1,5
E) 5,2,4,3,1
8. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер
A) Ықылас, Айрауық B) Тәттімбет, Баламайсан
C) Қазанғап, Дина D) Есжан, Байжігіт E) Махамбет, Даулеткерей
9. Ең көне музыкалық шығармаларды жегкізген аспап
A) Дауылпаз
B) Домбыра
C) Сырнай
D) Жетіген
E) Қобыз
10. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі
A) Психологиялық, батырлық күйлер
B) Арнау күйлер, лирикалық күйлер
C) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер
D) Тартыс күйлер, саяси күйлер
E) Тарихи күйлер, эпостық күйлер
11. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
A) Домбыра әуені B)
Дауыс ырғагы C) Орындау мәнері
D) Шертпе күй E)Қобыз күйі
12. Шертпе күйлері қалай орындалады?
A) Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен
B) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен
C) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
D) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
E) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
Достарыңызбен бөлісу: