291
A)
II
B)
І
C)
V
D)
III
E)
IV
12.
Неліктен әкесі бес бөлмелі пәтерден бас тартты?
A)
Ауылға
көшіп кетпек болғандықтан
B)
Біреуге тиесілі үйді бермек болғандықтан
C)
Аумағы кішкентай болғандықтан
D)
Отбасы мүшелеріне ұнамағандықтан
E)
Қалада үйі болғандықтан
4- Мәтін
1.
Ұрыс сәрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Ценан-Доржи да елшілер арқылы
уәделескен мезгілдерінде өз әскерлеріне «Аттан!» деп бұйрық берді.
Көлденеңі он
шақырымдай жазық далада қан төгіс қырғын тез-ақ қызып кетті. Алып майданның екі жақ
шетіндегі Сырымбет пен Батыр Баян бастаған қазақ әскері қиын да болса алға қарай жылжып
бара жатқаны сезіледі. Тек екі жақтың екі бас қолбасшысы тұрған майданның орта шебі
мызғыған жоқ. Тағы:
2.
-* Аттан! Аттан! - деген ұран шықты. Сол сағатта-ақ Сеңгірбай,
Сағымбай, Қанай бастаган
сұлтанның мың жігіті зеңбірек оғы жетпейтін қалың жыңғылды сайдан шыға сала Цеван-
Доржидың тұрған төбесіне қарай лап қойған. Бірақ бір шақырымдай шапқан кезде кенет
гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден жауған жойқын оқтар дәл аттарыныц маңдай алдынан кеп
гүрс- гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер
қауып, заматта арттарында келе жатқан жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе
жатқан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы
да жүзге
таяуы қаза тауып, қалғаны кейін серпілді. Зеңбіректі Цеван-Доржиды бұлай ала
алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін басқаша қүрды. Зеңбіректерге тікелей шаппай,
оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ үш рет шабуылға шығып,
ең батыр деген үш жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған әскер не істерін білмей, тағы
дағдарып қалды. Бұған Абылай:
3.
- Япырмай, осыншама, қазақтан жауға шабар бір еркек кіндікті тумаған ба?
- деді қатты
дауыстап. - Қайсың барсың? Осы кезде топ ішінен «Абылай!» деген дауыс шықты. Бүл ұран
салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап, зеңбіректерге қарай атой
салды. Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан әбден үркіп қалған астындағы басы қатты
кертөбел, бала жігітті жау шебіне емес, бір бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт
тағы тына қалды. Дәл осы кезде, Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігітгерінің оң жақ
тұсынан Цеван-Доржи түрған төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз
бала «Қабанбай! Қабанбай!»
деп ұран тастан, суырыльш шыға берді. Ақбоз ат көсіле сермеп
келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау
қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды.
4.
- Абылай! - Атығай! - Ақжол! - Қарақожа! - Қабанбай! - Абылай! Абылай! «Қабанбай» аты
аталған тұстағы Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында келеді. Зеңбіректер
ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. Бірақ екі бүйірдегі
сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты әскері келіп үлгергенше,
түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен таптап кетті.
Ақ болат сауыты жарқылдап,
Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын
жинай бастады. Сөйткенше болған жоқ, Жоңғардың шаян құйрықты сары жібек жалауы
шығысқа қарай шегіне берді...
5.
Осылай жоңғар мен қазақ арасындагы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды. Бұл казақ
елінің жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіп, атамекен жерінен қуудын ең алғашқы айқасы
еді. Абылай
өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз
карсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың
батыр қызы Гауһардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік
көрсеткеніне
риза болтан Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп
берді. Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды.
Достарыңызбен бөлісу: