I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет333/367
Дата28.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#193790
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

4 мәтін 
Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне
бөленіп жүргенде, бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты:
8.
Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей кушті бар ма? Болды ма, кезікті ме?
Сонда Қажекең:
9.
Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы
қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты.
10.
Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар,
әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды коса шақыратын
да, отырыстың өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдін мол дастарқанының төрінде
жалғыз мен. Үй иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске
сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт
түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз
тиді де, маған қарап:
11.
Қажы аға! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! -
деп түрегелді. Атып тұрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске келдік. Бір қайықшы
қайығымен тосып тұр екен. Қайыққа отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ
аралына алып келді. Аралда бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып,
тамақты түсіріп болған соң, мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп қалды.
Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін
түсіндіргені.
12.
Аға, арманым елдің даңқын көтерген сізді бір көру, қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Енді
сізден бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды
жолықтыра алмай жүрмін, - дегені.
13.
Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым.
14.
Иә.
15.
Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі
алаңқайға ертіп барып:
16.
Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды.
Әлгіні олай-бұлай итерем, тартам. Тартып тұрып, итеріп қалам. Итеріп тұрып, тартып қалам.
Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрған орнынан қозталта алмай-ақ
қойдым, қақитан мойны да иілмейді.
17.
Ал енді өзің көр, - деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра
ұстады да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да,
жерден көтере айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта
мұндай күйге түспеген едім. Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып
жүрмін. Бір уақытта тік көтеріп алды да, жерге екі аятыммен дік еткізіп қоя қойды. Сосын
басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп:
18.
Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді.
Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына
жолатпағаны да менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы екен.
Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына
қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жас та шығып кетті.
Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын.
19.
Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі



310



жаныңда болам. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! - дедім.
Сөзіме, көніліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын
тапқандай, елжіреп ағалай береді.
13. Жігіттің Қажымұқанды қонаққа шақыруының басты себебі неде?
A) Қажымұқанды жығып, даңққа бөлену B) Күшін Қажымұқанға сынату
C) Жора-жолдастарымен таныстыру D) Дәм татқызып, әнін тыңдату
E) Үй ішін балуанмен таныстыру
14. Түйемойнақ аралында неліктен Қажымұқанның жамбасы жерге тимеді?
1. Қажымұқанның күші басым болғандықтан
2. Қажымұқанды сыйлағандықтан
3. Қажымұқанның абырой-даңқына сызат түсіргісі келмегендіктен
A) Барлығы дұрыс B) Екіншісі мен үшіншісі дұрыс
C) Біріншісі мен екіншісі дұрыс D) Барлығы бұрыс
E) Біріншісі мен үшіншісі дұрыс
15. Мәтіннің стилі қандай?
A) Ауызекі сөйлеу стилі B) Публицистикалық стиль C) Көркем әдебиет стилі
D) Ғылыми стиль E) Ресми іс-қағаздар стилі
16. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A) Күш атасын танымас. B) Ер айтқанынан қайтпас. C) Батыр жарасыз болмас.
D) Шешінген судан тайынбас. E) Тәуекел тау жығады
17. Әңгіме соңында Қажымұқан қандай көңіл күйде болды?
A) Күмәнданды B) Басу айтты C) Ренжіді D) Толқыды E) Сабыр етті
18. Күресте кім жеңіске жетті?
A) Қажымұқан B) Қайықшы жігіт C) Тең түсті D) Балуан Шолақ
E) Бейтаныс жігіт
19. Мәтін мазмұнынан жігіттің қандай қасиеті көрінеді?
A) Шешендігі B) Кішіге мейірімділігі C) Үлкенді сыйлауы
D) Барға қанағатшылдығы E) Атаққұмарлығы
20. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A) Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін насихаттау
B) Қазақ халқының үлкенді құрмет тұтатын салт-дәстүрін дәріптеу
C) Балуандардың дүниежүзілік күреске жету жолын көрсету
D) Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету
E) Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   367




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет