Біреулер келін түсіру ырымын жасайды, біреулер баланың тұсаукесерін өткізеді
деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың басы, бірнеше мың жылдық тарихы бар
қасиетті мейрам есебінде тойланбай келеді. Менің ойымша, Наурыз біздің ұлттық
жаңғыруымыздың,
ұлттық
құндылықтарымызғадеген
көзқарасымыздың,
ұлтжандылығымыздың көрсеткіші.
IV.Егер қазақтың байырғы дәстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде
қызықты деректер бар екенін айтқан жөн. «Наурыздың келген сәтін жандыда
балық біледі» дейді шежіреші. Наурызнама той қылатын жұрттың патшалары тірі
балықты көп қылып ұстатып алып, бір керсен суға салып, көптің алдына
қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға көздерін тігіп қарап отырады.
Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады.
Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жағынан екінші жағына қарай
аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа
жыл келді!» дегені бұл. «Жаңа жыл тойы!» – деп, сегіз күн ұдайымен қол астына
қараған жұртқа той, тамаша береді. Қазақтың «Наурыздың келгенін жандыда
балық біледі, жансызда Самарқанның көк тасы біледі» деген сөзінің шешімі осы.
«Самарқанның көк тасы» Мәуреннахр өлкесінде хан тағына иелік жасаймын деген
патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып келіп отырғызатын
қасиетті тас. Қазақтың хандарының ішінен бұл тасқа Тәуекел отырған. Наурыз
туғанда хандар мен сұлтандар тұтқындарға кешірім жасайды, зынданда
отырғандарды босатады, құлдар азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк
тасы жібіді» делінеді.
V.Ертеде Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі құжыраларды мекен қылған қаптаған
дуаналар әлем-жәлем киініп, аса таяқтарын салдыратып тойдың қызығына олар да
қосылған. Нағыз карнавал деуге келеді. Қызық думан кезінде жастар қазақтың
мүшел деген он екі жылдық есебіне сәйкес кеп киіп шығады. «Кеп» қазіргі бет
перде деп жүргеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын жасанды түр. Қозы
Көрпештің Баян сұлу ауылына келгенде Тазшаның кебін киетінін есіңізге алыңыз.
«Маска-шоудың» орнына бәріміз он екі мүшелдің бейнесінен костюм жасап, кеп
киіп «Наурыз-шоу» неге өткізбеске?! Наурыз келгенде он екі жылға ие болған
жануардың біреуі таққа мінеді, біреуі тақтан түседі, өзгелері де орнынан бір-бір
саты жылжиды. Наурыз тойында шығырды алып келіп алаңның ортасына орнатып
он екі жылға ие болған жануарлардың кеп-маскасын киген адамдардың бәрін сол
шығырға отырғызады. Әрине, той мереке өзінен өзі басталып, әнші-күйшілер
ортаға шығып жаз бен қыстың айтыстарын жасайды, бишілер тойды қыздырып
жатады.
VI.Наурызда арнайы наурызнама жасап құрбы-құрдас, сырлас азаматтар бір-
бірінің ауылына барады. Наурызнама жасап арнайы келген адамға деген құрмет
шексіз болады. Дәулеті жеткендері «тоғыз» деп тоғыз мал байлайды, орта
шаруалар ат мінгізіп, шапан кигізіп жатады. Әйтеуір наурызнама жасап келген
адам құр қол қайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп мата береді.
VII.Қазақ – қызықшыл халық. Наурыз мейрамы күндері туыс-туған көрісіп
жатады. Даланың бала сияқты аңғалақ халқы әр әдемі қимыл, әр маңызды сөзге
бола той-мереке жасайды. Осының бәрі елді көңілдендіріп, бәрі де мәз-мейрам,
қыстың ызғары той мерекемен естен шығады, қыстың шығыны, қиындығы
ұмытылады. Наурыз мейрамы да осы үшін керек.
Достарыңызбен бөлісу: