2.Киіз үйдегі киелі орын
A)Үй иесінің жататын орны
B)Қонақтар орналасатын орын
C)От жағылып,
қазан асылатын орын
D)Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
E)Ер тұрман, киім ілінетін орын
1.3-мәтін
ЭКСПО. Асқақ әнші – Әміре Қашаубаев
«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ – 1925 жылы Парижді салған әнімен
тамсантқан Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын
жарты ғасырға
жуық уақыт зерттеп келе жатқан зерделі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді.
Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Қашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән
асқары – Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған автордың
«Амре в Париже» атты орыс тіліндегі жаңа еңбегінің таныстырылымы Астанадағы
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Аталмыш шара «ЭКСПО-2017»
көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына арналды.
Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. 2016
жылы Әміре
тұлғасы театр сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев
атындағы Мемлекеттік
академиялық қазақ музыкалық драма театрында әнші туралы драма қойылған
болатын.
1.«ЭКСПО-2017» көрмесі мен әншінің 130 жылдығына арналған іс-шара
A)Қалың көрерменге жететін кинотуынды
B)«Ән жұлдызы» атты кітаптың шығуы
C)Ұлттық академиялық кітапханада өткен таныстырылым
D)Ұлттық академиялық
кітапхананың ашылуы
E)Әміре туралы фильмнің түсірілуі
2.Тірек сөз бола алмайтын нұсқа
A)ЭКСПО-2017
B)Астана
C)ЭКСПО-1925
D)Алматы
E)Париж
1.4-мәтін
Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік,
аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді,
өйткені тамақты үйдің маңайынан іздейді. Үй
тиіні өзінің иесін танып, лақап
атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы – тиіннің ақылдылығын дәлелдейді.
Өздеріңіз
білетіндей, егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін
адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарында ұстайды. Сәндік
егеуқұйрықтың басқа түрлерінен айырмашылықтары аз емес: өте ақылды, сүйкімді
және адаммен ойнағанды ұнатады. Қоңыр түсті егеуқұйрық көне Қытай елі ерекше
қадірлейтін жануар болған.
Достарыңызбен бөлісу: