1.7-мәтін
Хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі
1821 жылы Уәли хан дүниеден өткенде Айғаным 38 жаста болатын. Үміт күткен
ұлы Шыңғыс әкеден бар болғаны 10 жасында қалыпты.
Осы тұста Ресей
патшалығы Айғанымды «Орта жүздің ханы» деп таниды.
Уәлидің өзге әйелдерінен қаншама ұлдары бола тұра,
таққа Айғанымныңотыруы
патша үкіметіне өте қолайлы еді. Осыған орай Айғанымды «хандық дәрежесіне
көтерілген тұңғыш қазақ әйелі» деп атаушылар да бар. Бірақ бұл«хандық»
ұзаққа
созылмай, 1822 жылы М.М.Сперанскийдің «Сібір қазақтарынбасқару» атты
ережесі шығады да, Орта жүздің
хандығы жойылып, қазақтары:Құсмұрын,
Көкшетау, Ақмола, Баян, Қарқаралы, Аякөз аталған алты дуанғабөлініп кетеді. Ал
Айғаным Көкшетау дуанына біраз жыл аға сұлтан болыптұрады. Бұл туралы
ғалым Әлкей Марғұлан: «Айғаным – ақылды, көреген,
өззаманына сай білімді
болған әйел. Ол шығыстың бірнеше тілін білген,
орысмәдениетіне ден қойып,
Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментіменжәне Петербордағы Сібір
комитетімен
хат жазысып, байланысып отырған», – дейді. Айғаным жергілікті
халықтың арасында өте зор беделге ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: