Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................2
І-Тарау. Александр Македонскийдің таққа келуі........................................6
ІІ-Тарау. Александрдың жорықтары. Дүниежүзілік державаның
құрылуы......................................................................................................................12
ІІІ-Тарау.Александр Македонский империясының ыдырауы............37
Қорытынды................................................................................................47
Қосымшалар..............................................................................................49
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................51
Кіріспе
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.-деп Абай атамыз жырлағандай осы Ескендір кім болды? Ұлы қолбасшының жасаған жорықтары мен басып алған территориясының ауқымы мен монархиясының күйреуінің себебі неде?.
Александр Македонский 33 жасқа қараған шағында, патшалықтың 12 жыл, 8-ай мерзімінде бүкіл Персия мен Шығыстың арасында сауда байланысын орнатып, Балқан түбегінен Үндістан территориясына дейін жерлерді өзіне қаратып, ұлы македон монархиясының ұлы билеушісі, ұлы қолбасшысы болып тұрған шағында қайтыс болды.
Александр Македонский туралы жазу қиын да оңай. Оңай дейтініміз егерде антикалық дәстүрлерді сақтай отырып, тиісті ұсыныстарды қабылдасақ, қиын болуы үлкен көлемдегі антик авторлары мен бүгінгі таңдағы зерттеушілердің еңбектерінен ең маңыздысын таңдай біліп, оның әлеуметтік-экономикалық позициясын түсіне білу.
Александрдың жеке басы туралы толып жатқан повестілер, романдар- және ертегілер жасалды. Олардың көбі антик заманы дүниесін басынан өткізіп, орта ғасырға және жаңа дәуірге жетті. Мысалы, солардың біреуі — осы күнге дейін Иран халықтарының арасында сақталып келген тамаша Ескендір (Александр) туралы ертегі. Александрдың қолбасшылары Птолемей мен Аристотель патшаның өмірі мен қызметі туралы жазғандары осы ертегілердің көпшілігіне алғашқы дерек болды. Арриана (б. э. II ғ.) мен Курцийдің (б. э. I ғ) шығармалары Птолемейдің, Арестотельдің және сол сияқты Клитархтың еңбектеріне сүйеніп жазылған. Патша сарайындағы тарихнамашы Каллисфеннің Александр тірі күнінде жазған тарихы толып жатқан романдар мен ертегілерге материал болды.
Кеңестік тарих ғылымы да Александр туралы көптеген зерттеулер жүргізгені белгілі. Солардан атап айтатын болсақ А.Г. Бокщанин, С.И.Ковальев, К.К.Зельин, А.С.Шофман, Э.Д.Фролов т.б. айтуымызға болады./1/
Соғысқа дейінгі жылдары А.Македонскийге арналған үш ғылыми жұмыс С.А.Жебелев (1922ж),С.И.Ковалев (1937ж), И.Резников (1940ж) жарық көрген болатын.
Ал 70-ші жылдары Е.А.Костюхиннің «Александр Македонский в литературный и фольклорный традиции» (1972ж), А.С.Шофманның «Восточная политика Александра Македонского»(1976), Г.Г.Гафуров пен Д.И.Цибукидистің бірлескен «Александр Македонский и Восток» атты атақты еңбегі 1980ж жарық көрді./2/
Александр Македонский туралы шығыс мемлекеттері өзіне тән нәрсе көбіне аңыздар мен мифтерге көбірек көңіл бөлетіндігінде, бұлай дейтін себебіміз диплом жазу барысында менің қолыма түскен «Средне-Азиатский вестник» 1896ж ғылыми-әдеби журналдағы Н.Остроумовтың Искандер Зуль-карнайн атты мақаласы./3/ Мұнда автор Ескендір Зұлқарнайын кім деген сауалға «Быстрота, соображения, стратегическая проницательность, решительность и уверенность в победе соединялись в нем, как говорит историк Веберь, с личной храбростью и неутомимою деятельностью, таланты великого полководца и правителя с блестящей отвагой воина; его личность очаровывает возвышенным энтузиазмом, благородною любовью к знанию я окружена ореолом непрерывного счастья и молодости... Он был таким дивным явлением, величие его было так ослепительно, что скоро история его жизни стала предметом легенды и поэзии: вымыслы закрыла истинная его очертания: народная фантазия последующих веков овладела его фигурою и прикрасила его подвиги поэтическими вымыслами. В его натуре лежала любовь к приключениями, располагавшая его считать близким, легким далекое, трудное; для него было заманчиво все необыкновенное, удивительное: он восхищался миром гомеровских героев, хотел воскресить этот мир, перенести его из области поэзии в действительность.
Oн очаровывал своею молодостью; его недолгая жизнь была непрерывным рядом отважных предприятии, геройских подвигов; у него было врожденное влечение к великим делам. - все это внушало и современникам, и потомкам изумление» дей келе, құранның Рухуль-баянда Зулькарнайн есімін, әсіресе оның «екімүйізді» деген жорамалдарға талдау жасай білген. Мәселен:
Ескендір өз өмірінде күннің екі мүйізіне жете білген яғни шығыс пен батысқа, Шығыс пен Батыс патшасы болып, сондықтан да «екімүйізді»
Ескендір өз қол астындағыларды таза сенімге шақырғанда, оның басы оң жаққа иілді, ол өлді, бірақ құдайдың әмірімен қайта тірілді, бұдан соң өз халқын қайта сенімге шақырғанда оның басы солға иіліп қайта өлді, бірақ құдай әмірімен қайта тірілді. Міне осы жағдайда ол «екімүйізді»
Ескендір өз түсінде күнге жақындап оның екі мүйізінен ұстағанын халыққа айтқанда, «екімүйізді» деген атаққа ие болды.
Оның өмірінде екі ұрпақ ауысқан
Оның тұқымында екімүйізді болған.
Ол қолымен және үзеңгімен соғысқан
Оның шашы екі жағына мүйіз тәрізді оралып қойылатын
Бірде ол өз шаштаразшысымен моншаға барып, мүйізді ешкім білмейтінін ескеріп, егерде кімде-кім естісе оны өлтіретінін айтқан. Моншадан шықан шаштаразшы қорқаннан есі ауып, айдалаға барып «Патшаның басында екімүйізі бар»(У царя на голове два рога) деп айқайлайды, міне осы жерге қамыс өсіп, бірде қойшы осы қамыстан сырнай жасап тарта бастаған сол баяғы-«Патшаның басында екімүйізі бар» деген дауыс шығып бүкіл елге тарайды.
Қалай дегенменде Александрдың талабы мен жоспары египеттік Амон құдайына деген көзқарсы, өз өмірінде осы Амон құдайдың мүйізіндей мүйіз киіп, соның ұлымын деп санағандықтан Птолемей І және Лизимах өз монеталарында Александрды екімүйізді етіп бейнелеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом мақсаты- А.Македонский ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, ұлы қолбасшының жорықтары мен басып алған жерлеріндегі әрекеттерін деректерге сүйеніп зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында мынандай міндеттер алға қойылды:
-А.Македонскийдің жастық шағы мен өскен ортасын, оның көзқарасының қалыптасуына әсер еткен жағдайларды айқындау;
- Александр Македонскийдің жорықтары, оның қолбасшылық қасиетін;
-Александр Македонскийдің Монархиясының орнауы
- Александр Македонскийдің державасының әлсіреуін;
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысында негізгі деректер мен құжаттарыдан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар жинақтарынан, естеліктерден және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан алынды
Зерттеу жұмысының методикалық негізі. Диплом жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен құралған.
І-Тарау. Александр Македонскийдің таққа келуі.
Коринф конгресі Шығысты эллиндендіру (грек ықпалына бағындыру) тарихының, жаңа кезеңі болды. Осы кезден бастап ұйымдастырылмаған отарлау тасқыны Македония патшасы бастаған ұйымдасқан басқыншылык қозғалысына айналды. Шығыстың байлығы үшін қозғалыста бірінші орынды Македония мен Грецияның соғыс және сауда элементтері алды.
Шығыс туралы, шығыстын тәртібі, діні және байлығы туралы толып жатқан әңгімелер, ертегілер және поэтикалық фантазиялар жасалды.
Александр Македонский Македония орталығы Пелледе б.з.д. 356 ж. шілде айының аяғында дүниеге келген. Оның әкесі Филипп ІІ ежелгі македон патшасы Каранның тұқымы, шығу тегін мифтік батыр Гераклмен байланыстырса, шешесі Олимпиада Эпир патшасының қызы, эллиндік миф батыры Ахиллмен шығу тегін байланыстырады.
Македония тағына отырмай жатып Александр жөнінде не айтуға болатын еді? деген сауалға түрлі мағұлматтарды кездестіруге болады. Солардың кейбіріне тоқала кетсек- Мәселен:
Александр 13 жасқа дейін Леонид, Лисимах, Филиска, Менехма т.б.ұстаздардан тәрбие өнеге алды.
13 жасында оған Аристотель ұстаздық етеді. Аристотель грек колониясы, Фракия жағалуындағы Стагир қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Никомах Македония патшасы Аминтанның сарай емшісі еді. 367жылы Аристотель Афинаға барып Платонға шәкірт болады. Ал, 343жылы оны Македонияның патшасы Филип баласы Александрдың тәрбиешісі етеіп тағайындайды. Ал, Александрдың өзі патша болып тақққа отырғаннан кейін, Аристотель Стагирге қайтып келеді де, 335жылы Афиныға барып бір жола тұрақтап қалады.
Александрға этика, саясат ғылымдары бойынша дәріс беріп, оны болашақ гректердің қолбасшысы рухында тәрбиелеу мақсаты тұрды. Аристотель мектебінен ол үлкен білімді азамат болып тәрбиеленіп «Илиада» мен «Одиссеяны» әрдайым ықыласпен оқитын болатын.
Алексанрдың өзі Плутархтың айтуы бойынша Аристотельді әкесіндей құрметтеген. Александр 10 жас шамасында өзінің бейнесін тек Апполлеске ғана салуға рұқсат еткен. Ал Александр мүсінін Лисип бейнелеген еді./4/
Б.з.д. 340ж Филип ІІ Пиринфке қарсы жорыққа кетіп бара жатып, мемлекеттік билікті 16 жасқа толған Александр Македонскиге тапсырады. Қысқа уақыттағы басқару кезінде Александр Пэони тауының солтүстігіндегі халықтары мэдтардың көтерілісіне тап болып, көтерілісшілерді аяусыз жазалап қаланы Александрополь деп атап, сонда орнығады. Филипптің б.з.д. 339ж Фивы мен Афинаға жорығында Александр аттты әскерді басқарып негізгі соқыны берген болатын. Осы жорықтағы жеңіс Александр өмірінде өте үлкен маңыз алады. Оның қолбасшылық қабілеті айқындалып, көп ұзамай Александр мен әкесі Филип арасындағы келіспеушіліктер туындайды. Филип ІІ әйелі Олимпиада мен ажырасып Атталдың туысы Клеопатраға үйленеді. Үйлену Аттал македондықтардан құдайдан Филипп ІІ мен Клеопатрадан патша билігіне заңды мұрагердің туылуын сұрауды өтінеді. Бұны естіген Александр «мені заңсыз мұрагер деп санап тұрмысың» деп, Атталға қарсы сөз айтады. Осыдан соң шешесін туған жері Эпирге орналастырып өзі Иллирге жасырынды. Иллир Македония патшалығының әлсіреуіне мүдделі болатын. Ал Эпир әскери-саяси потенцалы жағынан мықты болғандықтан, Филипп ІІ әйелі м ен Александрмен татуласуды жөн көрді.Осы кезде Кари билеушісі Пиксодар Филипп ІІ-нің Филлиниден туған ұлы Филипп Арридейге қызы Аданы қалыңдықа бермекші болды. Бұл дегеніміз тақ мұрагеріне үлкен қаіп болатын, сондықтан Александр Пиксодарға қызыңды «маған бер» деп ұсыныс жасайды, алайда бұл ұсынысқа әкесі Филипп ІІ қатты қарсылық тудырып, Александрға бұл қыз сенің теңің емес деп үгіттеп, үйленуге тиым салды.
Жорыққа әзірлік Филиптің кенеттен өлуіне байланысты біраз бөгеліп қалды. Филипп өз қызын ұзату тойында өлтірілді. Филиптің өлуі тек оның тастаған әйелі (Александрдың шешесі) Олимпиаданың, кек алуы ғана болып қоймай, саяси уақиғаға да байланысты болды. Бұл Филиптің абсолюттік саясатына наразы Македония аристократтарының жасаған астыртын әрекеті еді. Бұл астыртын әрекетке парсылардың да қатынасқандығы, Парсыға қарсы дайындалып жатқан жорықтық ұйымдастырушысы мен бастаушысын өлтіруге Парсының патшасы адам жібергендігі туралы лақап та шындыққа жатады.
Патшаның кенеттен өлуі бүкіл грек дүниесіне қатты әсер етті. Македония билігіндегі облыстарда толқу басталып, олар бірінен кейін бірі бөлініп шыға бастады. Көтерілісшілер жағына әскерлердің бір бөлігі өтіп кетті. Дегенмен Филипп гетайрларының үлкен бөлігі-Антипатр, Парменион т. б. Филипп пен Олимпиаданың баласы Александрды патша етіп жариялады (336 ж.)/5/
Александр бұл кезде жиырма жаста еді. Оның жаратылысына біткен ерекше қабілеттілігінің арқасында, ол Аристотельдің басшылығымен толық білім алды. Александрдың сүйген жазушысы Гомер, ал сүйген батыры Ахилл болды. Александр Ахилды тек қадірлеп қана қоймай, өз істерінде оған еліктеп бақты, басқа мәселелер жөнінде Александр өз төңірегіндегі патша сарайындағылардың көзқарастары мен әдеттерін қолдады. Александрдың жеке басының қасиеттері жөнінде қазіргі заманғы және сол сияқты ертедегі тарихнамаларда әртүрлі пікірлер бар. Оның кейбіреулері Филипп ұлының қасиеттерін асыра керсетуге бейім болса, ал енді кейбіреулері оларды кемітіп көрсетеді. Қалай дегенмен, Александрдың ақылды, жігерлі және қойған мақсатын орындайтын адам болғаны даусыз. «Бұл адамның ақылы кәдуелгі адамның ақылынан артық, бұл жөнінде дау жоқ»,-дейді Полибий.
II Филипп Македонскийдің өлімі және Александрдың патша болып жариялануы Б.ә. дейінгі 336-шы жылдың күзіне белгіленген Персиямен соғыстың басталуы кейінге қалдырылған. Б.э.дейінгі 336-шы жылы Македонияның ескі Еги астанасында өз қызының тұрмысқа шығу тойында II Филипп өлтірілді. Өлтірген адамды ұстап алды, азаптады, бірақ одан ешбір мәлімет ала алмады: ол ештеңе айтпай өлді. Филипптің өлтіру себебі жайлы түрлі-түрлі лақап тарап жатты. Кейбіреуі өлтіруші Филипптің әйелі Олимпиаданың әмірімен әрекет жасады десті, себебі бұл кезде Атталдың жиеніне үйлену үшін әйелінен айырылысқан болатын. Басқалар ФилипптІң тұсында өз ықпалынан айырылған және өзінің билігін қалпына келтіргісі келген Македон аристократиясының тапсыруы бойынша Филипп өлтірісті десті. Үшінші біреулер - ол парсылардың жүргізген өсегі бойынша өлтірілді деді, өйткені Персия соғысты кейінге қалдыруға мүдцелі болды. Филипптің баласы Александр үшінші лақапты қабылдады, соны шын көрді. Персиямен соғысуға өз әкесінің өлтірілгені үшін кек алуды да қоса сылтау етті.\6\
Филипп өлтірілгеннен кейін әбігер -абыржу басталды, таққа отыруға дәмеленушілер белгілі болды. әскерлер Александрды қолдада. Көп кешікпей оның шешіесі Олимпиада да келеді. Әкесіне адал қызмет еткен қолбасылардың бәрін өзіне қаратқан Александр әскерлер жиналысында Македонияның патшасы болып жарияланды.
Филиптің өлуіне байланысты Грецияда македониялықтарға қарсылық күшейді. Афиныда Демократиялық партия бас көтерді. Салтанат киімін киіп басына венок тағып, құдайға құрбандық шалған Демосфеннің ықпалы қайта артты. Бірақ оппозиция қарсылық ұйымдастырып үлгіргенше Александр Грецияға келіп, Фессалиямен қайта одақ жасады, өзін парсылармен соғысушы әскерлердің қол басшысы етіп бекітуді амфиктиондарға ұсынды Коринфте Филипп жасаған шартты қалпына келтірді.
Одан соң Македонияға қарсы көтерілген фракиялыктарды басуға Македония мемлекетінің, солтүстігіне аттанды. Ол кеткен Македония өктемдігіне қарсылардық маңызы қайта артты. Парсы дипломатиясы алтынды аямай, оларға қаражат беріп қолдады. Александр өліпті деген хабар көтерілістің тездеуіне себеп болды. Фивы көтерілді, кейбір Пелопоннес қалалары көтеріліс жасады; Афиныда соғысқа әзірлік жүріп жатты.
Грецияда болып жатқан уақиғаларды естісімен Александр көтерілісті басып үлгіріп, қайта оралып, ойламаған жерден, қисапсыз жылдамдылықпен он төрт күнде Фивыға келіп жетті. Қала кенеттен жасалған шабуылмен алынып, қиратылды. Александр тек қана храмдарға және Пиндар ақынның үйіне тимеді. Демосфенді және антимакедония партиясының басқа да көрнекті адамдарын ұстап беру афинылықтардан талап етілді. Бірақ Афиныдағы Александрды жақтаушылардың ара түсуі, оның бұл талапты өзгертуіне әкеліп соқты.
Эгей теңізінде үстем болып отырған Парсы флотының Греция мен Македония жағаларын қоршап алуынан қауіптенген Александр 335 ж. күзінде және 335/34 ж. қысында кенеттен Парсы патшасына шабуыл жасауды ұйғарып, Парсыға жорыққа аттануға асығыс түрде әзірлене бастады.
Александр жорыққа аттанарда өзінің барлық иелігін, табыстарын, құлдарын және малдарын достарына бөліп берді. Серіктерінің біреуі енді не қалды деп сұрағанда Александр: «Үміт»,— деді.
Алыс жорыкқа аттануды мақсат еткен көсемді еліктеген Пердикка және басқа гетайрлар да көсемнің өнегесіне еріп, өздерінін, мал-мүлкін жұртқа үлестірді.
Александр армиясының негізі македониялықтардың ауыр және жеңіл жаяу әскерлері болды. Жаяу әскерлерді македониялықтар мен фессалиялықтардың атты әскерлері қолдады. Бұл негізгі әскер құрамына грек қалаларының әскерлері мен Македония қарамағындағы одристар, иллириялықтар, трибалдар және басқа тайпалардың жасақтары қосылды. Александр жорығының бас кезінде флот елеулі роль атқармады.
Соғыс ашу кезі өте қолайлы болып белгіленген еді. Бұл кезде Парсыны инициативасы кем, қабілеті шамалы Дарий III Кодоман (336—330 жылдар) биледі. Ахеменидтер державасы ол кезде ауыр ішкі кризиске ұшырауда және күйреу қарсаңында еді. \7\
Жерорта теңізі саудасына қатысушы және грек қалаларымен байланысты батыс облыстар - Кіші Азия, Финикия және Египет Парсыға тәуелді болудан құтылу үшін гректер жағына шығып кетуге әзір еді. Олар македониялықтарды Парсының езгісінен құтқарушы деп таныды. Тіпті, эллиндендірілген Финикияның өзі де Парсы патшасына тәуелді болып қала беруге қарсылық ете бастады. Керісінше, шығыс облыстарында патша өкіметі едәуір берік және орнықты жағдайда болды, мұның өзі соғыс кезінде өте айқын көрінді. Парсы армиясының соғыс дәрежесі және техникамен жабдықталуы жақсы емес еді. Бұлардың бәрінен де ескілктің исі аңқып тұрды.
Парсы шаруаларынан құрылған солдаттар ынтасыз соғысты, соғыс майданынан қашты, соғыс тәртібі мүлде нашар болды. Әрбір сатрап өздерінің білгенінше, бет-бетімен қимыл жасады. Парсы армиясының күштірегі грек Мемнон басқарған грек жалдамалылары болды.
Керісінше, Македония армиясы соғысқа мұқият даярланған болатын және Парсымен соғысуға әзір еді. Жалғыз ғана соғыс ашуға сылтау жетпеді, кешікпей ол да табылды. Сылтау ретінде тағылған айып грек-парсы соғысы кезінде парсылар гректердің әулие үйлерін қорлағаны және Александрдың әкесі Филипп II-ні «өлтіруге қатынасқаны үшін парсылардан кек алу керек деп жарияланды. Парсы патшасының. өктемдігінен азап шеккен халықтарға бостандық беріледі деп уәде берілді.
ІІ-Тарау. Александрдың жорықтары: Дүниежүзілік державаның
құрылуы.
Сонымен, 334 жылдың көктемінде Александр әлі де жуасымаған тылын қорғауға ұрыстарда ысылған Антипатрды басшы етіп өз әскерлерінің бір бөлегін Македонияда қалдырдыда, өзі 30 мыңдай жаяу әскер және 4 500 дей атты әскермен Азияға аттанды.
Македониялықтар мен парсылардың бірінші ұрысы Пропонтидаға құятын Граник өзенінің Геллеспонт жағасында (334 ж.) болды. Мұқиятты Мемнонның кеңесіне көнбей, парсылар ұрыста жеңіліске ұшырады. Мемнон македониялықтармен бетпе-бет соғыспай, оларды елдің түкпіріне еліктіру керек деп ұсынған болатын. Кіші Азия сатраптары елдің күйзелуінен қорқып, бұл ұсынысты қабылдамады және қолма-қол соғысу керек деді. Парсы атты әскері шегіндіріліп тасталды, көбі бытырап кетті немесе қолға түсті. Алдыңғы саптағы грек жалдамалы әскері ұрысқа қатыса алмады. Александр оларды қоршап алып, бір бөлігін кырғынға ұшыратып, бір бөлігін ( 2 мыңдай адам) тұтқынға алды, бұларды жалпы грек ісінің, яғни парсыға карсы күресте опасыздық жасағандар деп жариялап, құлға айналдырды да, Македонияға ауыр жұмысқа жіберді. Граник жанындағы ұрыстан кейін Александр Сардыға бет алды, ол ұрыссыз берілді. Парсы сатрапиялары Фригия мен Лидия енді Александрдың қолына түсті. Грек калаларының көпшілігі ұрыссыз бас иді. Александр тек Милет пен Галикарнаста ғана Парсы патшасының қызметіндегі грек жалдамалы әскерлерінің қарсылығына кез келді.\8\ Грек қалаларының бәрінде жаппай бостандық жарияланып, демократия қайта орнатылды. Сөйтіп Парсы өктемдігінің ауыртпалығындағы эллиндік халықтардың көпшілігі Александр жағына тартылды.Александр Галикарнасты алғаннан кейін Кіші Азияның ішкі облыстарын бағындырды, Таврдан етіп, Тарсты алды, мұнда ауруына байланысты, оған бөгелуге тура келді. Тарстан Александр жаға бойымен Сирияға қарай бет алды. Көп қол жинаған Дарий Александрдың тылындағы Исса қаласының тұсында, Пинар сағасындағы бекініске ие болып, Александрды негізгі базасынан бөліп тастады. Бұл жағдайды естісімен Александр Иссаға бет берді, онда Александр мен Дарий қатысқан ұрыс болды. (333 ж.)
Патшаның өзі бастаған македониялықтардың батыл шабуылы Дарий басқарған парсы армиясының сол жақ. қанаты мен орта шебін үрейлендіре бастады. Дарийдің жансауға іздеп, майданды тастап қашуы ұрыстың барысына әсер етті. Ұрыстың бас кезінде оң жақ қанаттағы Дарийдің жалдамалы грек әскері мен парсының атты әскерлері македониялықтарды тықсыра бастаған еді. Александрдың бұл жаққа жіберген көмегі және патша қашты деген хабар ұрыстын, тағдырын шешті, Парсы әскерлері асығыс түрде шегінді. Александрдың қолына көп олжа түсті, ол Дарийдің. лагерін алды.
Парсы патшасының анасы, әйелі және балалары қолға түсті. Дарий шегініп Евфраттан өтті, ал Александр Финикияға қарай бет бұрып, Финикияның жағасындағы қалаларды (Арад, Библ, Сидон) алды. Сол кездің өзінде-ақ едәуір эллиндендірілген жағалаудағы қалалардың көбі македониялықтар жағында болып, парсыларға қарсы тұрды. Ескі финикиялық халықтар мәнін жоғалтып, грек ықпалына бағынды. \8\
Финикия қалаларының Македония жағына өтуінде Исса түбіндегі ұрыстан кейін Парсы флотының ыдырауы шешуші роль атқарды. Парсы флотының ең, жақсы деген Финикия мен Кипрдегі кемелері Александр жағына өтті. Бұған дейін ешбір роль атқармаған Македония флоты осыдан бастап Эгей теңізінде үстем болды.
Александрға көбірек қарсылық көрсетіп, Македония армиясы мен флотының алға басуын көп уақыт бөгеген Финикияның ертедегі Тир қаласы болды. Тек жеті ай коршаудан кейін, 332 ж. ғана қала құрылықтан да, теңізден де алынып, аяусыз талқандалды; 8 мың тирлықтар ұрыс үстінде өлді, 30 мыңы құлдықка сатылды. Тирдан кейін көп кешікпей Финикияның екінші күшті қаласы Газа алынды.
Бұдан кейін Александр Египетке аттанды, бүкіл қыс бойы сонда болды. Александр Египетте Амон деген храмы бар Сива оазисында болды. Александр Амон храмының абыздарына жылы жүз көрсетіп, сыйлықтар берді. Оған алғыс ретінде абыздар Александрды күннің ұлы және ертедегі фараондардын заңды мұрагері деп жариялады.\9\
Александрдың Египеттегі өте маңызды жұмыстарының бірі Эллин дүниесінің экономикасы мен мәдениетінің басты орталығына айналған жаңа қаланы — Александрияны (332 ж.) салу болды. Бұл аса қуатты эллин мемлекеті Египет астанасы-Александрия Шығыс Жерорта теңізі өңірінің аса ірі порты, сауда, қолөнер және мәдени орталық бола отырып, сән-салтанаты жарқыраған орталық кварталдарымен бірге, жер кепе үйлері де болды, оларда ерекше ардақталған әдетте македондықтар менгректерден тұратын, азшылыққа-александриялық азаматтарға қызмет ететін түрлі тайпалы еңбекші кедейлер тұратын.
Патша сарайы да Александрияда болды.
331 жылдың көктемінде Македония армиясы Палестина мен Финикияны басып, Месопотамия мен Вавилонға қарай беттеді. Ертедегі Ниневияға жақын Гавгамел деревнясында македониялықтар Дарий әскерлеріне кездесті және қан тегіс ұрыста (331 ж.) оларды шығысқа, Парсияның түкпіріне ығыстырып тастады.
Персияның көп әскерлері талқандалды, ал Дарийдің өзі Мидияға қашты.
Плутарх көптеген мемуарлық материалдермен сол замандағы басқа да еңбектерге сүйеніп жазған Александрдың өмірбаянында Гавгамел түбіндегі ұрысты да суреттеді. Онда:
«Александр талқандалған әскерлерді Дарий тұрған орталыққа қарай қуды. Александр оны алыстан алдыңғы саптағы патша эскадрондарының ортасындағы биік арбаның үстінде көрді; ол сымбатты және денелі адам еді, оның арбасын жалт-жұлт еткен; қарулары бар, қалың сап түзеп, дұшпанға соққы беруге әзір тұрған атты әскерлер қоршап тұрды. Александр жақыннан шабуылмен бас салып, олардың үрейлерін ұшырды. Ол қашқан әскерлерді сапта қалғандарға қайтарып, қуып тастап отырды. Зәресі ұшып шошынған Дарий әскерлерінің көпшілігі қаша жөнелді. Бірақ олардың ішіндегі ержүректілері және даңқтылары патшаның көз алдында өліп, бірінің үстіне бірі топырлап құлаумен қуушыларға бөгет жасады. Олар өліммен алпарысып, аттағылар мен атқа жармасуымен болды».\10\
Парсының ең маңызды калалары Вавилон, Сузы жеңушінің. қолына орасан зор байлықтарымен түсті. Македония армиясы Персия патшалығының тылына тоқтаусыз өтіп жатты. Македониялықтардың қолына соңғы түскен ірі қала Персеполь болды, онда жеңушілер 120 мың талант олжа түсірді. Мұндай қазнаны тасу үшін мың пар қашыр және үш мың түйе керек болды.
330 ж. Македония әскерлері патша сарайын тонап, өртеп болғаң соң Персепольді тастады да солтүстік -батысқа, Мидиядағы Экбатанаға бет алды. Дарийдің ізіне түсе отырып, Экбатанадан шығып, жолы қиын таулы аудандар мен шөл далалардан өтіп, тез жүріспен Каспий қақпасы арқылы Парфия мен Бактрияға қарай өтті. Александр қанша күш-қайрат жұмсаса да Дарийді қолға түсіре алмады. Бактрия сатрапы Бесс бастаған астыртын әрекетшілер Дарийді қолға түсірді. \11\
Александр жақындағанда, қолға түскен Дарийді өлтіріп, Бессті Артаксеркс IV деген атпен Парсы патшасы етіп жариялады. Бессті ұстау үшін Александр. көп күш жұмсады. Серіктері тастап кеткен Бессті Александрдың атқосшысы Птолемей Лаг ұстады. Бактрияның көрнекті аристократтарының съезінде өзінің патшасы және билеушісі, туысы және қамқоршысы Дарийді өлтірген Бессті айыптаушы болып Александрдың өзі сөйледі. Съезд Бессті Парсы салты бойынша азаппен дарға асуға үкім шығарды, ол үкім Экбатанада орындалды.
Дарийдің өлуімен Ахемнидтер династиясы жойылды. Жергілікті династияның тоқталуына байланысты Парсы патшалығының тағына мұрагер іс жүзінде Македония патшасы болды.
Македония мен Парсы бір патшалық болып қосылды және соның нәтижесінде Македония патшасы «Ұлы патшаға», Ахеменидтердің заңды мұрагеріне айналды. Оны еңалдымен, патшаның достары мен серіктерінен онын қызметшісіне айналған Македония гетайрлары сезді. Онымен бірге Александр жағына шығып, Македония патшасы төңірегіндегі шығыс әдет-ғұрыптарын орнатушы Парсы сатраптарының әсері де күшейді, бұл жағдай бостандық сүйгіш Македония шонжарларын қорлайтын еді.
Александр мен оның гетайрлары арасындағы астыртын әрекетпен ұштасқан келіспеушіліктердің себебі осында еді. Патша Шығысқа қарай жорықты жүргізе беру керектігін тілесе, ескі Македония шонжарлары жорықты тоқтатуды және патша төңірегіндегі парсыларды қууды талап етті. Александр бұған көнбеді. Грек-Македония оппозициясының алғашқы жасырын әрекеті Парменион мен оның ұлы Филотты өлтіруге әкеліп соққан 330 жылғы астыртын әрекет болды. 328 жылы патша сауықтарының бірінде Александр ашу үстінде Граник түбінде оның өмірін сақтап қалған, өзінің ең жақын досы Клитті өлтірді. Клит патшаны парсылармен дос болғаны үшін сөккен еді.
Шығыс облыстарын жаулап алу созыла берді. Бактриядан Александр Согдианаға беттеді. Окстан (Амудариядан) өтіп, Мараканда (казіргі Самарканд орнында) арқылы солтүстік-шығысқа, Яксарта (Сырдария) өзеніне қарай шықты. Яксарта бойында кең алапта тұратын және Парсы шекарасында ұдайы тыныштық бермейтін сақ тайпалары тұрушы еді. Александр Парсы патшалығыиың солтүстік-шығыс ауданы Фергана аңғарына жетті, бірақ оның тылында жаулап алған Согдиана облыстарында жерглікті сақ тайпалары - массагеттер, дагтар, және баскалар қатысқан үлкен көтеріліс басталды. \12\
Орта Азия халқының Македония басқыншыларына қарсы қозғалысын баскарушылардың бастысы бұған дейін Бесске көмектескен согдианалық Спитамен болды. Александрдың кіші-гірім қалаларда қалдырған, бұрын парсылардың көшпелі халықтарымен күресте тірегі болып келген әскерлерін көтерілісшілер талқандады.
Спитамен асқан қуат жұмсап, ерлік көрсетті: ол Александрдың Мараканда да қалдырған бірсыпыра әскерлерін қамауда ұстады. Александр жіберген отряд жақындағанда ол айла қолданып, қамауды тастап кейін шегінген болып, соңына түскен Македондықтарды тосып алып, қырғынға ұшыратып отырды. Одан кейін Мараканданы қайтадан қоршауға алатын болды, тек Маракандаға Александрдың өзі жақындағанда ғана Орта Азия аудандарына кетті, мұнда оны массагеттер қолдады. Александр көтеріліс жасаған согдияналықтарды аямай жазалады, бірнеше мың адамды өлім жазасына бұйырды.
Александр 329/28 ж. қысын Бактрияда өткізді. Бұл уақытта согидияналықтар таудағы ауылдарда, шекарадағы қалаларда жиналып, көтеріліске әзірленіп жатты. 328 ж. көктемде Александр қайта Маракандаға келіп, бөлініп шыққан аудандарға шабуыл жасап оларды қайтадан бағындырды, одан соң Согдиананы билеушінің, бастауымен Спитаменге қарсы арнаулы отряд жіберді. Спитамен жеңіліске ұшырады, согдияналықтар мен бактриялықтар оны тастап кетті, ал массагеттердің басшылары оның басын кесіп алып Александрға жіберді.
Орта Азия халықтарыньң қарсылығы осында Александрды екі жыл бөгеді. Ол Согдиянада өзіне бағынышты патшалық құрды және басып алған патшалықтың басқа аудандарын көшпелі халықардың шабуылынаң қауіпсіз етіп, өзінің жорықтарын жүргізе беруге мүмкіншілігі бар еді.
Солтүстікке жорық жасаудан Александр бас тартты, ал батыс (европалық) скифтердің өздері Александрға достық және одақ шартын жасауға өкіл жіберді.
Сонымен, македониялықтар үш жыл ішінде (330—327 жылдар) бұрынғы Парсы патшалығының шығыс облыстарын жаулап алып, Индияның шекарасына жетті. Шығыс сатрапияларын (Арианыны, Дрангианыны, Арахозияны және Бактрияны) жаулап алу үшін Александрға көп күш жұмсауға тура келді және өте қымбатқа түсті. \13\
Шығыс сатрапияларының жағдайы батыс сатрапияларына қарағанда мүлде езгеше еді. Кіші Азияда, Финикияда және Египетте македониялықтарды Парсы езуінен құтқарушы деп есептесе, ал шығыс оларды тонаушылар және бүлдірушілер деп таныды. Жаулап алынуға ұшыраған бұл тайпалардың (массагеттер, сақтар және басқалардың), Александрдың аяусыз басуына қарамастан, жиі кетеріліс ашуы осыдан еді. Көтерілуші тайпалармен күресу үшін және жаулап алған облыстарды қорғау үшін. қамал қалалар Александриялар (Ариана Александриясы, Кавказ Александриясы, Шеткі Александрия және басқалар) салынды.
Парсы монархиясының ең шеткі шығыс сатрапиясы Индия тайпалары тұратын Паропамис еді. Инд өзенінің арғы бетінен бастап бір-бірімен өлгенше өштескен Индия патшаларының (раджаларының) иеліктері нағыз Индияның өз жері басталатын еді. Александр бұл өштесуді пайдаланды да Индияға жорыққа шықты.
327 ж. көктемде жергілікті халықтармен толықтырылған Македония армиясы Индия дүниесіне, Инд өзенінің саласы Гидаспа бойындағы Пор деген патшаның иелігіне кірді. Александр Порға елші жіберіп, оның Македония патшасына бағынғандығын мойындап, алдына келуін білдірді. Пор бұл талапты қарсы алмады. Бұдан кейін Македония армиясы патшанын, өзі және оның қолбасшылары — Птолемейдің, Селевкінің, Лисимахтың, Пердикканның, Гефестионның және басқаларының бастауымен Гидаспаға қарай аттанды. Қатты ұрыс үстінде Пор талқандалып, кеп адамдарынан, пілдерінен және соғыс құралдарынан айрылды. Бүл ұрыста македониялықтар 70 мың адамды қолға түсірді деген аңыз бар.
Македониялықтар шығысқа қарай қозғалысында Гифасис өзеніне дейін жетті. Табиғат құбылысы мен армия халінің орасан қиыншылықтарына байланысты, Индияның түпкіріне қарай жылжый беруге, тіпті мүмкін болмай қалды. Тропикалық жаңбырлардың маусымы басталды, өзендер тасыды, оның үстіне армияның жүретін жолы улы жыландарға толы еді, әскерлер ішінде жұқпалы аурулар жайылды. Армия ыдырай бастады, оның саны өте азайып кетті. Әскерлер ішінде ауру, жаралы адамдардың және мүгедектердің саны көбейді.
«Дүние жүзін жаулап алушылардың» не мылтықтары, не киімдері болмады, киімдері жалба-жұлба, жалаңаяққа айналды, ал ең қиыны, тыйтығы жетіп шаршады.
Александрдың Индия жорығын сипаттаған ертедегі тарихшылардың (Арриан, Клитарх, Страбон және басқалар) Македония армиясының жорығын және халін тамаша суреттегені сақталған. Мысалы, солардың' біреуінен (Клитархтан) мынаны оқыймыз: «Македониялықтардың азғантайы ғана тірі қалды, бұл қалғандарының өзі шектен шығуға жақын еді. Қөп жорықтарда аттардың тұяғы мүжілді, толып жатқан ұрыстар жауынгерлердің қаруларын мұқады. Әскерлердің бірінде де грек киімі қалмады. Варварлық және индиялық олжалардан әлде қалай құрастырған жалба-жұлба киімдер жауынгерлердің тыртық денелерін жабуға ғана жарады. Адамның зәресін алып, дауылдатып аспаннан судай құйған жаңбыр 70 күнге созылды» ./14/
Александр жорықты соза беру керектігін солдаттарға түсіндіруге барлык күшін салды, дүние жүзін түгел бағындырып болғаннан кейін қайтадан Македонияға алып келемін деп уәде берді. Бірақ Александр қандай уәде берсе де әскерлер талабынан қайтпады, сондықтан Александр шегінуге мәжбүр болды. Әскерлер кемеге мінгізіліп, Инд ағысымен төмен қарай жіберілді.
Экспедицияны Неарх басқарды, мұның мінез-құлқы Александрдың мінез-құлқына ұқсас, ержүрек, батыл моряк еді. Экспедиция құрамындағы әскерлердің әртүрлі ұлттан құралуы және көптігі жергілікті тайпаларды таң қалдырды, олар Александрды құдай деп санады.
Экспедиция тоғыз ай жол шегіп, Инд сағасына келіп жетті. Бұл жерде құрметті түрде құрбандық шалып, орасан үлкен той жасағаннан кейін әскерлер екіге бөлінді. Әскердің бір бөлігі Неархтың басшылығымен теңіз арқылы Евфраттың сағасына қарай, ал екінші бөлігі Александрдың басшылығымен Гедрозия шөлін (қазіргі Белуджистан), Карманияны, Персиданы басып, Вавилонға жол тартты. Александрдың елсіз және шөлді Гедрозияны басып жүруінің өзі оның Неарх флотилиясымен байланыс жасап тұруының, оны оқтын-оқтын азық-түлікпен жабдықтап отыруының қажеттілігінен болған еді.
Шөлді басып жүру өте ауыр болды. Македония армиясы бүл кездің өзінде-ақ ыдыраған болатын. Ал шелден өтер кезде солдаттар толып жатқан қыйыншылықтарды: судың жетіспеушілігін, аштықты, үйренбеген климаттан азап шегушілікті, әртүрлі ауруларды, жыланның шағуын, дұшпандар мен жабайы аңдардың шабуылын т. б. бастарынан кешірді. Тазалық бөлімдерінің жұмысы тоқталды. Аттар және жүк артқан жануарлар ыстық етіп және зорығудан өлумен болды. Солдаттар арасынан үнемі бүлік шығып, жорыққа наразылық пікірлер ашық түрде айтылатын болды.
Армияның көңіл күйін көтеру үшін сауықтар, ойындар, жарыстар, мерекелер, ішімдіктер т. б. ұйымдастырылды.
«Мұнда не қалқан, не дулыға, не найза көруге мүмкін емес еді. Бүкіл жол бойы солдаттар бокал және коринф бақырашымен үлкен күбіден шарапты батырып алып, бір-бірінің денсаулығы үшін ішумен болды. Біреулер алға қарай жүрсе, енді кейбіреулер жығылып қалып жатты. Сыбызғылар мен флейталардың дауысы, арфа ойнап, өлең айту кез келген жерде естіліп жатты, бұлардың арасында мас әйелдер де болды. Осындай бейсауат жиһан кезушілердің арасында шегінен шыққан бейбастақтықтың қайсысын болса да көруге болатын еді.
Дионистің өзі осы сапардың ішінде болып, оны бастап келе жатқан сияқты еді».
325 ж. он жылға созылған жорық аяқталды. Александр Вавилонға келіп жетті. Енді оның алдында қарамағындағы орасан көп жерлерді, елдерді, халықтарды тәртіпке келтіру және ұйымдастыру жөнінде орасан зор міндеттер тұр еді. /15/
Александр жорықтарының нәтижесін шығара келе оны былайша тұжырымдауға болар еді.
Александр таққа отыруға тиісті заңды мұрагер деп танылғанмен Македонияда Александрдың билігі жариялана тұрса да, Македония бағындырған грек қалалары мен жергілікті тайпалар, орталық өкіметтің әлсіздігін пайдаланып, одан ажырап, бөлініп кетті.
Демосфен әсем киініп, венок тағып Афины халық жиналысына келіп, Филипптің масатта хабарлады. Афины Македониядан бөлініп шықты. Коринф конгресіне қатысқан басқа да грек қалалары, мысалы, Фивы қаласы, сондай-ақ фракийлер тайпалары, таудағы иллирий тайпалары да бөлініп кетті. Бірақ сол кездің өзінде - ақ Македония құл иеленуші күшті мемлекет болды, оның тамаша армиясы барды, сондықтан Александр бұрынғы иемденген жердің бәрін қайтарып ала алды.
Солтүстік жорығы. Б.ә.дейінгі 335-ші жылы Александр Македонский бөлініп кеткен фракий тайпаларын бағындыру үшін солтүстікке жорық жасауды ұйғарды. Жорық қиын болды. Таулықтар македон жауынгерлеріне таудан ауыр арбаларды домалатып жіберіп отырды, бірақ жауынгерлер жерге жатып, үстерін қалқандармен бүркеп қорғанды.
Македон армиясы фракий тайпаларын жеңіп шықты, тіпті II Филипптің тұсында Македонияға қарамаған жерлерді де ол басып алды.
Александрға Афины мен Фивы бастаған грек қалалары Македониядан бөлініп кетті деген хабар жетті. Бірақ ол ең әуелі Македонияға иллирийлік тайпаларды қайтаруды ұйғарып, Фракиядан Иллирияға жүріп кетті. Мұнда оның жорығы өте қиын болды. Таулар өте биік еді, ал тау тайпалары ержүрек келетін. Арып-шаршаған жорықтан соң Александрға Иллириктерді Македонияға қайтадан бағындыру сәті түсті.
Фивының құлауы. Көтеріліске шыққанан Фивыға қарсы Александр әскерімен беттеді де оларды қоршады. Фивылықтар дұшпанның тірі күшін жою үшін залымдық әрекет жасады. Бір жолы осындай залымдықтан кейін қайтып оралған фивылықтар қақпаны ашқан кезде Македондықтар фивылықтар мен бірге Фивыға басып кірді. Сұмдық қан төгістен кейін Фивы алынды. Фивы тұрғындары қүлдыққа салынды, ал қала тып-типыл қиратылды. Істің былайша болып кетуі басқа грек қалаларының зәресін ұшырды, сондықтан олар Македонияға бағынуды тілек білдіре бастады. Афины да қатты жазалау болады деп жұрт қорықты, бірақ Александр афинылықтарға ілтифатпен қарады, өйткені оның ұстазы философ Аристотель өз шәкіртіне грек мәдениетіне және оның орталығы - Афиныға құрметпен қарауды үйретті. Александр Афиныны көргісі келіп, сонда аттанды, оны жұрт толық бағынышты түрде, жалына - жалбарына қарсы алды.
Парсы жорығына әзірлік. Грецияға өз билігін толық қалпына келтіргеннен кейін, Александр парсыға қарсы жорыққа әзірлене бастады, бұл жорықты әкесі Филипптің жүзеге асыруға сәті түспегенді. Б.ә.дейінгі 334-ші жылы қыс бойы әскерлер жинаумен және оларды оқытумен өтті. Әскерлер фракийлер жағасындағы Амфиполь қаласында жиналды. Александр Македонский армиясының саны көп емес еді. Ол 30 мың жаяу әскерден және 5 мың атты әскерден құралды, бірақ армия жаңа әскери сапқа керемет үйретілген болатын, бұны Әпаминонд әскерін құрлысы негізінде II Филипп енгізген еді. Сонымен бірге Македон армиясының жол салушы арнаулы отрядтары, бекіністерді жаулап алу үшін бейімделген жабдықтармен қызмет істейтін отрядтары болды, бұлар грек армиясында жоқ еді.
Армия жорыққа б.ә.дейінгі 324-ші жылдың көктемінде аттанды. Александр өзі жоқ кезінде Македонияны басқаруды Филипптің достарының бірі Антипатрға тапсырды./16/
Бұл кезде Персия қорғанысқа әзір еместігін көрсетті. Орасан зор мемлекет өзінің әскерлерін екі жыл бойы жинайтын. Александр басқарған Македон әскерлерінің түсірілуіне бөгет жасауға болатын-ды, бірақ парсылар еш нәрсе істемеді де, Александр Геллеспонт арқылы ешбір қиыншылықсыз-ақ өтті.
Персия державасы құлауға бейім тұрды, оны тайпалардың өзара қырқысы жегідей жеді. Б.ә.дейінгі 338-ші жылы патша III Артаксеркс өлтірілгеннен кейінгі жылдай торығу еңсені басты, мұның өзі елді онан ары әлсіретіп жіберді. Б. ә. дейінгі 336-ші жылы сарай билеп - төстеушілер патша тұқымының бірі III Дарий есімін алған Кодаманды таққа отырғызды (Б. ә. дейінгі 336-330-ші жылдар). Парсы державасының бірлігі болған жоқ. Билеп-төстеушілер тәуелдікке ұмтылды. Орталық үкімет өте әлсіз болды. Түрлі алым - салық, әділетсіздіктер жөнсіз қылықтар кіші Азия халқын жергілікті персиялық үкіметке қарсы қойып отырды. Осындай жағдайлардың бәрі Александрдың Азияға баса көктеп кіруіне мүмкіндік берді./17/
Граникадағы шайқас. Б. ә. дейінгі ІҮ-ғасырдағы гректің жалдамалы отрядтары персиялық армияда үнемі қызмет атқарды. Жалдамалардың бастығы Мемнон патшаға бүкіл кіші Азияны тастап шығуды, барлық малды айдап әкетуді, қалаларды қиратуды және Александрдың өз армиясымен судан қаталап, аштан қырылуы үшін құдықтарды құммен бітеп кетуді ұсынды. Мүмкін, бұл жоспар нақты да шығар, бірақ Кіші Азияның персиялық билеп - төстеушілері күйзеліске ұшырап, өздерінің иелігіндегі жерлерден айрылғысы келмеді. III Дарий бұлардың жоспарын -Кіші Азияның солтүстік - батыс бөлігіндегі әскермен Александрға соққы беруді, қабылдауын талап етті.
Гректерге сенбеген Персияның патшасы III Дарий олардың жоспарын қабылдаудан бас тартты. Персия армиясының алдыңғы қатарлы бөлімдері грек жаладамаларымен бірлесе отырып, Александрды оның армиясын Граника атты шағын өзен бойында кезіктірді, б. ә. дейінгі 334-ші жылы осы арада шайқас болды. Македон армиясының өзеннен өтіп, парсы отрядтары тұрған биіктікке шабуыл жасауна тура келді. Алайда мұның өзі үлкен сеніммен жүзеге асырылды. Парсылар талқандалды, ал грек жалдамалары, парсылармен байланыс нашар болуы себепті, ұрысқа кіріскен де жоқ.
Кіші Азияға жорық. Граникадағы жеңістен кейін Македон армиясы кіші азиялық жағалаудың ұзына бойымен оңтүстікке беттеді. Бұл Персия әскери флотын жағадағы тұрағынан айыру үшін және сол арқылы Әгей теңізіндегі оның соғыс қимылын қиындату үшін қажет болды. Сонымен Александр саяси мақсаттарды да көздеді: ол гректік Кіші Азиялық полистерді алым - салықтан, парсы езгісінен азат етіп отырды.
Кіші Азия қалаларының халқы түрліше әрекет жасады. Демократияшыл қалалардың тұрғындары Македон армиясына қақпаларын айқара ашып отырды, бүл армияның қатарында 5 мың грек болды. Персия қамқорлығына алған олигархиялық аристократтар үстемдік еткен қалалар македондықтар мен гректерге қарсылық көрсетіп отырды. Саяси мақсатты көздеу тұрғысынан Александр Кіші Азияда құл иеленуші демократия режимін қолдады, ал екінші жағынан, Балкандық Грецияда олиграхтарға арқа сүйеді./18/
Граникада парсылардың жеңіліске ұшырауынан кейін III Дарий грек Мемнонды бас қолбасшы етіп тағайындады. Мемнон Милетті нығайтуға кірісті, бірақ осы сәт кенеттен қайтыс болды. Парсылар бекініске айналдырған Кіші Азияның ірі қаласының Милет македон армиясынан батыл қорғанды. Бірақ бұл екі арада Александрдың қолында грек флоты болды. Милет құрлық жағынан да, теңіз жағынан да қоршалды да, басып алынды. Өз позициясын нығайтуға тырыса отырып Александр Кіші Азия түкпір - түкпірін бойлай, Каппадокияға беттеді. Онда жергілікті тайпалар, Персия державасының бір бөлігі болып есептелгенімен, іс жүзінде парсыларға бағынышты болмай-ақ өмір сүрді. Олар македон армиясын ілтипатпен қарсы алды.
Б. ә. дейінгі 333-ші жылдың бүкіл қысын Александр Кіші Азияның орталығында өткізді, өйткені мұнда қыс қатал, аязды да, қарлы болды, мұндай жағдайда македон армиясы шабуыл жасай алған жоқ.
Бұл кезде III Дарий өз әскерімен Александрға қарсы беттеді. Персия армиясы баяу жылжыды, өйткені патша керуені тым үлкен де өте шұбалаңқы болды.
Кіші Азияда қыс шығыс, өзендерде сең жүре бастағанда - ақ Александр дереу жорыққа аттанды. Ол парсылар Киликий қақпасын -Жерорта теңізіне өткелді жауып тастайды ма деп қорықты. Киликий қақпасынан өте отырып, македон армиясы Жерорта теңізі жағасындағы Тарса қаласына келіп шықты. Александр осы арадан армиясына Сирияға беттеді.
Исса түбіндегі шайқас. Македон және Персия армиялары Жерорта теңізінің солтүстік - шығыс жағасындағы Исса деген жерде кездесті.Ш Дарий армиясын оның орталығындағы таңдаулы күштер: патша отрядтары мен ең тәжірбиелі Персия армиясындағы сол жақ фланг та күшті болды. Шайқастың баскезінде парсылар македондықтардың оң флангасын ығыстырды, бұл фланганы II Филипптің ең жақын досы, тәжірбисі мол қолбасшы Перменион басқарды. Тек Александрдың көмек көрсетуі ғана Македон армиясының оң флангасын аман сақтап қалды. III Дарий патша түрған персия армиясының орталағана Александр атты әскерлерін бағыттады, ол жер жағдайына байланысты парсылар өз әскерлерін түгелдей ұрысқа шығарып қоса алмады. Табан тіресе кескілескен үрыстан кейін Персия армиясы мықтап талқандалды. Македондықтар патшаның керуенін түгел қолға түсірді. Бүл керуенде III Дарийдың да семьясы болған еді.
Сирия мен Финикияға жорық. Иссадағы ұрыстан кейін Александр Сирия мен Финикиаға беттеді. Финикия қалаларының ішінен тек Тир қаласы ғана қарсылық көрсетті, оны Александр жеті ай бойы ала алмады. Тирдің біраз бөлігі жағалауға, ал екінші бөлігі бекіністі аралға орналасқан -ды. Александр теңізге топырақ төгіп, онда ағаштан қоршаулар жасауды бұйырды, сөйтіп , сол жерден Тирге түтқиылдан шабуыл жасауды бастау мақсаты көзделді. Тир тұрғындары табан тіресе, ерлікпен қарсылық көрсетті. Олар қоршауға жалындаған садақ оғын атты, қоршаулар жанып өртенді. Бірақ александр кейін шегінбеді. Ақырында, оның зор қиыншылықтан кейін Тирді алуға сәті түсті. Жазалау өте қатал өтті: бекініс жермен-жексен болды, қала тұрғындары - 30 мыңдай құлдыққа сатылды./19/
Александр Финикияда болған кезде оған III Дарий мынадай шартпен келісім жасауды ұсынды: ол Александрға бүкіл Кіші Азияны иемденуге, Персия қазынасының жартысынан және өзінің үлкен қызын қалыңдыққа бермек болды. Осы ұсыныс кеңесте қаралған кезде Александр бұл жөнінде Македон қолбасылары не ойлайды екен деп сұрады. Олардың ішінде ең қарты II Филипптің досы Парменион былай деді: «Егер мен Александр болсам, онда мен бұл шарттарға келісер едім, бірақ мен Александрмын, сондықтан бұған мен келісе алмаймын».Бұдан кейін III Дарийге мынадай жауап жазылды: «Персия сендер грек - парсы соғысы кезінде Грецияны қиратыңдар, менің әкем Филиппті сендер, парсылар өлтірдіңдер...». Дарийдің ұсыныстары жөнінде Александр былай деді: «Кіші Азияны алғым келмейді, өйткені бүкіл Персияны жаулап аламын, Персия қазынасының жартысын алғым келмейді, өйткені тез арада оны түгел аламын, егер көңілім қаласа Персия патшасының үлкен қызына үйленемін, өйткені ол қыз менің қолымды тұтқындап отыр». Сонымен, келісім туралы ұсыныс қабылданбады, бірақ әскери кеңес Александрдың командалық құрамында соғысты онан әрі жүргізуге қарсы оппазиция басталғанын көрсетті. Македондық шонжарлар, оның аса көрнекті өкілдерінің бірі -Парменион, жаңа жерлерді онан әрі жаулау нәтижесінде өздерінің беделі түседі деп қауіптенді, өйткені Александр жаулап алған елдердің жергілікті аристократиясына арқа суйеуі керек деп есептеді.
Египетке жорық. Александр Финикиядан онан әрі оңтүстікке қарай беттеді. Ол Палестинада да қарсылыққа кезікті, бірақ бұл қарсылық финикиядағыдан бәсеңдеу еді.
Б. ә. дейінгі 332-ші жылы Персия державасының құрамына енген осы бай елге ие болу үшін, Шығысқа жорық жасаған кезде өзіне тыл болуын қамтамасыз ету үшін Александр армиясымен Египетке беттеді. Египеттіктер Македон әскерлерін құттықтады. Парсы сатрапы Александрға ешбір қарсылық көрсетпеді, оған керісінше, абыздармен бірге Александр құттықтаған салтанатты шеруді басқарды. Түп деректер жұрттың қолдарына құдай суреттерін, пальма бұталары мен гүл шоқтарын ұстап, Египеттің шығыс шекерасында македондықтарды мерекелік шерумен қарсы алғанын сипаттайды. Александрдың жүрген жеріне кілем төселіп, оның жолына пальма ағашының жапырақтары жайылды. Египеттіктер Персия езгісінен жойылғанына масаттанды. Ақылды мемлекеттік қайраткері ретінде Александр дереу египеттік құдайларға құрбандық бергісі келетіндігін білдірді және мұны қалай істеу керек екендігін абыздардан үйретуін сұрады. Жас жаулап алушының Египет діні мен Египет әдет - ғұрыптарына құрметпен қарайтындығын, Египет шонжарлары, абыздар, қарапайым халық қуанышпен көргісі келетіндігін білдірді./20/
Египет абыздары Александрды перхауын деп жариялады. өйткені өте ежелгі дәстүрге сәйкес, перхауын күн құдайы Амонның ұлы болды, демек, жер құдайы Александр болып жарияланды. Александр батыс шөлдің Сива оазисіндегі Амон құдайының шіркеуіне саяхат жасады, бүл шіркеуді гректер Зевспен тең қойды, осы храмда тұрған киіз кітапты киелі деп дәріптеді. Амон құдайының жазбалары Александрдың өкімет билігін күшейтті. Сонымен бірге оның билігіне құдай деп табыну жаулап алынған жерлерде қолдану қолайлы болды, өйткені Шығыста жұрт патша өкімет билігіне ежелден - ақ құдай деп табынғанды. Б.ә.дейінгі 332 жылы Александр Жерорта теңіз жағасындағы Ніл атырауындағы қаланы -Александрияны орнатты, бұл қаланың эллиндік дәуірде және одан кейін де үлкен саяси, экономикалық, мәдени ролі болды. Қала белгілі жоспар бойынша түзу, бір - бірімен тік бұрыш арқылы түйісетін көшелер ретінде салынды.
Месопотамияға жорық. Б.ә.дейінгі 331 жылы Александр Египетті тастап шықты да, сол кезде - ақ III Дарийдің әскерлері шоғырлана бастаған Қосөзенге беттеді. Персия патшасы қалың қолды үлкен армия жинақтады, ал оның бер жағында ол атты әскерге ерекше көңіл бөлді. Атты әскерлер Согидиана мен Бактриядан келген-ді. Өткір шалғы бекітілген екі аяқты күймелер дайындалды. Ұрыста жауды шалғымен жаралау үшін, арбаларға өткір шалғы байлап қойған.
Гавгамелы түбіндегі шайқас және оның салдары. III Дарийдің армиясы Месопотамияға таяп келді де, Ассирияның бұрынғы астанасы -Ниневияға жақын, Гавгамелы деген жерде аялдады. Алексанрдың армиясын қоршап алу мақсатымен Дарий атты әскердің көсіле қимыл жасауына мүмкіндік беру үшін жазықтағы позицияда болды. Содан кейін Гавгамелыға ұзақ жорықта арып - шаршаған македон армиясы да келіп жетті.
Гавгамелыдағы шайқас табан тіресе қан төгілген сұрапыл шайқас болды.
Парсы жағында соғысқан шығыс сатраптарының әскерлері ат құлағында ойнаған шебер болып, табанды жауынгерлер екендігін көрсетті. Шайқас кешке дейін алма - кезек, аумалы - төкпелі бірде жеңіс, бірде жеңіліс жағдайында болды, ақырында македондықтардың жеңіске жетуімен аяқталды. III Дарий, Иссадағы ұрыстан кейінгі сияқты, өз армиясының қалдығымен тағы да Шығысқа қашты. Бұл Александр үшін бүкіл жорық бойындағы ең ауыр шайқас болды./21/
Гавгамелыдағы жеңістен кейін Александр Вавилонды, содан соң Сузыны алды. Сузыдан Александр парсылық державаның байырғы бөлігі -Персияға беттеді. Парсылар оған қарсылық көрсетуге тырысты, бірақ Гавгамелыдағы ұрыста Персияның негізгі күштері жойылып, көптеген қазынасынан айрылды, неғүрлым бай аймақтар сол кезде - ақ Александрдың бұйрығы бойынша грек-парсы соғысы үшін кек алу ретінде Ксеркс салтанатты сарайы өртелді.
Персепольде қыста тұрақтап тұрған соң және бүкіл Персияны II Дарий жаулап алғаннан кейін б.ә. дейінгі 330 - шы жылдың басында Македон армиясы Мидияны жаулауға кірісті. Өзінің соңғы төртінші астанасы Экбатанда, қалған армиясымен тұрған III Дарий Орта Азияға қарай шегінді. Александр Экбаданда Парменионды наместник етіп қалдырып, шығыс парсы сатраптарын бағындыру өзі негізгі күшпен Шығысқа жорық жасай бастады.
II Дарий өлімі. Кейін шегінген уақытта қашқан Персия патшасы III Дарийді Бактрия сатрапы Бесс ұстап алды. Ол Дарийді Персияның түбіне жеттің деп айыптап, тағыңнан түсесің деп талап етті. Дарий мұны торындаудан бас тартты. Александр отрядының келіп қалатынын сезген соң, Бесс Дарийді өлтіріп, оның өлігін жол бойына лақтырып тастады.. Соғыс жалғасып жатты. Бесс Орта Азияға қашып барды да, өзін Персияның ІҮ Артаксеркс патшасымен деп жариялады. Алайда ІҮ Артаксерксті македондықтар көп ұзамай ұстап, қолға түсірді. Александр оны ауыр азапқа салып, масқаралап, дарға асты. Енді Александр өзін Персия патшаларының мүрагері және III Дарийді өлтіргені үшін кек алушы деп жариялады./22/
Орта Азияға жорық. Македондықтар Шығысқа ендігі жорығы соғыс мақсатында жүргізілді, өйткені парсы армиясының қалдықтары Персия державасының шығыс бөлігіне ығысып кейін шегінді, мойын ұсынбаған сатраптар жиналған еді. Александрдың әскерлері - Экбатанның шығысынан Гиркан теңізінің шығысында орналасқан тау асуынан -Гиркан қақпасына өтті де, орта Азияға басып кірді. Бұдан әрі Македон армиясы Гиндукуш сілемі арқылы қиын жорық жасады. Александр өз армиясымен, ірі аристократтар мен жер иеленушілер бастаған көп князьдықтардан құралған, Бактрияға келіп кірді. Бұл елде мықты бекіністер көп болатын-ды. Македон армиясының бұл бекіністерді шабуыл жасап алуына тура келді.
Орта Азияда македон армиясы қиын жағдайға кездесті. Оазистер мен таулы аудандардың жартылай тәуелді немесе іс жүзінде тәуелсіз халқы жаулап алушылардың кескілескен партизан соғысымен қарсы алды. Мұнда Александр, шығыспен өз байланысын нығайтқысы келіп, Бактрияның ірі шонжар княьзының қызына үйленді. Жорық кезінде үйлену тойы сән - салтанатты түрде өтіп, бүдан кейін армия Согдианаға жүріп кетті.
Александр Маракий қаласында екі жылдай тұрды, өйткені таяу жерде тұратын бостандық сүйгіш согдиандықтармен, скифтермен күрес жүргізуіне тура келді. Македон өкіметіне көрсетілген күшті қарсылық, өз төңірегіне согди тайпаларын біріктерген, Спитамен көтерілісі болды. Александрдың көтерлісшілермен табан тіресе күресуіне тура келді және кімнің жеңері ұзақ уақыт белгісіз болды. Алайда Спитаменге опасыздық келді, ал оның армиясы тырым - тырақай болды. Александр согди қыстақтары мен қалаларын жойып жіберді.
Үндістанға жорық. Бактрия мен Согдиана бағындырылғаннан кейін Александр Үндістанға беттеді Таң ғажайып керемет істердің елі ретіндегі Үндістан Александрды әрдайым қызықтырып жүрді. Оның армиясы ең әуелі Бесөзенге - Инда аңғарына келіп кірді. Үнді князьдарының бір бөлігін Александрға өз жағына қаратып алуға сәті түсті. Инд аңғарында ол Пор патшасына қарсы соғыс қимылдарын жүргізді. Гидаспада Македон армиясы мен үнді әскерлері арасында шайқас болды. Үгді армиясында жауынгер пілдер болды, бұлардан македон армиясының аттары қатты үрікті. Алайда пілдерге қарсы күрес құралы да табылды. Македондықтар пілердің арт жағынан жасырынып келіп, олардың тірсек сіңірлерін қиды. Македондықтар жеңіп шықты, бүл территорияны Македонияда отырып басқару мүмкін еместігін жақсы түсінген Александр үнді билеушілерІне олардың патшалығын сол қалпында қалдырды. Бұл мемлекеттер Македонияның бағынышты вассал патшалықтарына айналды. Александр Ганга аңғарына беттеуді ойлады, бірақ ол оған жете алмады. Дәл осы арада жаңбыр көп жауатын кезең туды. Македондықтар безгекпен және басқа дерттермен ауыра бастады. Македон армиясы Ганга аңғарына Александрмен барудан бас тартты. Сонымен, Александр армиясы Индның Гифасис сағасына дейін жетті де, кейін қайтуға тиіс болды.
Александр патшалығы Грецияны және жаулап алынған Индияға шектес шығыс облыстарды қосқанда, Парсы патшалығынан әлдеқайда үлкен болды. Ол Гималайдың етектері мен Индиянын, солтүстік-шығыс шекараларынан Италияға дейін созылды. Жаңа патшалықтың астанасы болып жаңа державаның орталығындағы антик заманы дүниесінің ескі қалаларының бірі Вавилон белгіленді. Александр империясының саяси құрылысы сырттан қарағанда Ахеменидтер тұсындағыдай болып қалды. Бұрынғы сатрапия-ларға бөліну өзгерілмек түгіл, оларды басқарған ескі чиновниктер де орындарында қала берді.
Бұрынғы өндіріс негізі сол қалпында сақталды, бірақ көлемі өзгеше болды. Македония дәуірінде, әсіресе Македониядан кейінгі эллинистік дәуірде сауда капиталы мен құл иелену бұл кезге дейін толық өзіндік шаруашылықтағы елдерге тарап, едәуір дамыды. Македония әскерлері өткен жылдардың бәрінде, керуен жолдарының торапты пункттарында жаңа қалалар, Александриялар пайда болды, олардың кейбіреулері осы күнге дейін бар.
Жаңа салынған қалаларға әскер гарнизондары ғана емес, сонымен бірге бейбіт жұрт-грек және басқа ұлттардың саудагерлері мен қолөнершілер орналасты. Сауда мен қолөнер кәсібі дамып, жаңа қарқын алды. Қөптеген Парсы қазнасын айналымға шығаруға байланысты, айналымдағы ақша саны бірсыпыра артты. Сол кезге дейін патша қазнасында жатқан алтын мен күмістен ақша жасалып шығарылатын болды. Гректің ескі полистерінің, жаңа қоныс және байлық іздеп қаптаған отаршыларының бәріне орын табылды. Александрдың жорықтары IV ғасырдағы грек қалалары душар болған кризистен шығуына бір шамада себепкер болды./23/
Александрдың жорықтары мәдениет жөнінде де маңызды роль атқарды. Олар ескі полистердің өрісін кеңейтті және ғылым мен өнерді толып жатқан жаңа материалдармен байытты.
Александрдың жорықтары соғыс маршы ғана болған жоқ, сонымен қатар олар барлық жағынан қарағанда, жақсы ұйымдасқан экспедиция еді. Экспедициядағы оқымыстылар және патшаның кейбір серіктері (Птолемей және басқалар) болған уақиғаларды жазып отырды, жерлерді зертеп, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың т. б. түрлерін жинады. Әсіресе география, ботаника және зоологияның дамуына себеп болған көп материал-дар жиналды./24/
Александр державасының көлемі өте зор болды. Ертедегі дүние бұған дейін елдердің мұндай ірі бірлесуін білмеген болатын. Сондықтан Македония патшалығынын құрылуы сол кездегілерді шексіз таңқалдыруы да өте түсінікті.
Дарий талқандалғаннан кейін Афины экклесиясында Эсхил былай деп жазды: «Біз дүниежүзі тарихының ерекше дәуірін бастан өткізудеміз. Біздің тарихымыз болашақ ұрпақтарға ертегідей болып көрінуге тиіс. Парсы патшасы күні кеше эллиндіктерден «жерді де, суды да» талап етсе және өзін шығыстан күн батысқа дейінгі адамдардың қожасы деп жариялауға шімірікпесе, енді сол патша басқа елді билеу үшін емес, өз өмірі үшін күресуде. Фивы, біздің көршіміз Фивы, Элладаның жүрегінен бір-ақ күнде тартып алынды. Мейлі олар өздерінің ақылсыз саясатынын, сазайын тарта берсін, бірақ олардын, соқыр және ақылсыз болуына өздері кінәлі емес, оған құдайлар кінәлі. Бір кезде эллиндиктерге басшы болуға тырысқан бақытсыз македондықтар, енді өзініқ жеңілгендігінің белгісі есебінде, Александрға - тізе бүктірген жеңушіге кепілдікке жіберілмек және олардың тағдыры оның мейірімінің түсуіне байланысты. Ал біздің қаламыз, әрқайсысы өз халқына бізден көмек сұрауға бүкіл Эллададан өкілдер келіп жататын, бүкіл эллиндіктердың данасы болған қаламыз, енді Эллада үстем болу үшін емес, өзінің бір жапырақ жері үшін күресуде»./25/
Александр істерінің көлемі өте зор болғандығы және адамзат мекемедерінің берік емес екендігі жөнінде философ (кейінгі кезде Афины мемлекетінің басшысы) Деметрий Фалерский де қуаттап, пікірлер айтты.
«Егер бұдан елу жыл бұрын,— деп жазды Деметрий,— құдайлардың бірі парсыларға, немесе Парсы патшасына, немесе Македониялыктарға, немесе Македония патшасына дүние жүзін түгел дерлік билеген парсылардың енді тек аты ғана қалып, дүние жүзін бұрын жұртқа аты да естілмеген македониялықтар билейтіи болады деген болжауды айтқан болса, олар нанбаған болар еді. Шынында, біздің тағдырымыз тұрақсыз. Тағдыр адамның күткеніне қарсы шығып, өзінің керемет құдіреттілігін көрсетіп отырады. Менің ойлауымша, тағдыр парсылардың бақытын македо-ниялықтарға әпергенде, ол игілікті тек уақытша ғана, басқаша пайдалануға берген сияқты»./26/
Деметрийдің Македония патшалығының берік еместігі туралы айтқандары дұрыс болып шықты. Александрдын, мемлекеті орасаң үлкен болғанмен ала-құла еді. Бұл әртүрлі елдер мен халықтардан соғыс жолымен қүралған қару күшіне сүйеніп тұрған мемлекет еді. Оларды байланыстыратын түйін парсы. патшасы мен Египет фараондарының заңды мұрагері және Филипптін, ұлы Александрдың жеке басы болды.
Мұнан келіп Александр державасының іштен іріп-шіруі сөзсіз екендігі байқалады.
Македония монархиясы деген еңбекте- Кирдің немесе Александрдың ұлы мемекеттерінің, тарихи жағынан құралғанмен, әртүрлі тайпалар мен нәсілдерден құралғанмен, ұлт деп атала алмағаны күмәнсіз. Олар ұлттар емес еді, белгілі бір жаулап алушының жеңуіне не жеңілуіне қарай кейде құлап қалған, кейде біріккен топтардың кездейсоқ және байланысы кем жиынтығы еді.
Александр өзінің көп тайпалы державасының ішкі әлсіздігін білді де, қарамағындағы халықтарды біріктіру үшін толып жатқан шаралар ойлап шығарды. Осыдан келіп Александр әскери кадрларын жергілікті адамдармен толықтыруға тырысты. Македония патшасының Сузыда (324 ж.) адам айтқысыз үлкен үйлену тойын жасауы осы тілекті іске асыруға бағытталған еді. Оның бұйрығы бойынша белгілі Македония қолбасшылары атақты парсылардың кыздарына некеленді. Александрдың өзі Индия жоры-ғынан бұрың бактриялық Роксанаға үйленген болатын, ал құда түсу тойында ол Дарийдың қызы Статираға некеленді. Александр Азия қыздарымен некелес македониялықтар салықтан босатылады деп жариялады. 10 мыңнан астам Македония солдаттары мен командирлері өздерінің қолбасшыларьшан кергенін істеді. Александр бұл сияқты шаралармен македониялықтарды жергілікті халықпен қосып, өз державасының тұтастығын сақтап қалуға тырысты.
Жаңа ұлы жорықтарға әзірленіп жатқан кезде, Александр 323 ж. Вавилонда қайтыс болды. Оның келбетіне біткен күш-қайраты және сарқылмас қыялы жорық аяқталып, Вавилонға қайтқаннан кейін де өзінің ауруына қарамастан жұмыс істей берді. Александрдың ойына жаңа жорықтардың жоспарлары келіп, жаңа мәселелер туып жатты. Аравия жағаларын зерттеу, Евфрат су құрылыстарын кеңейту, Каспий (Гиркан) теңізін мұхитпен қосу, Вавилонда, Делоста, Дельфыда храмдар салу және көптеген басқа шаралар оның ойындағы пісіп жеткен жоспары еді. Бұлар «жалпыға бірдей орналастырушы және келістіруші» Александрдың даңқын шығаруға тиіс еді.
Ұлы жаулаушыны ерекше қамқорлыққа алушы деп санаған Дионис құдайдың құрметіне Вавилонда, Делос аралында, Дельфыда және басқа жерлерде орасан үлкен храмдар салынып жатты. 323 ж. июньде ертеден кешке дейін Вавилон портында жаңа гаваньдар салынып жатқанда, ал Неархтың флоты алыс экспедицияға шығуға әзір тұрғанда, патша қайтыс болыпты деген хабар дүңк ете қалды. Александр 33 жасында безгектің ауыр түрінен қайтыс болды.
Шығыс жорығын жасау кезінде Персия мен Шығыстың арасында жаңадан сауда байланысы пайда болды, Балқан түбегінен Үндістан территориясына дейін орасан зор жаңа мемлекет құрылды. Бұл мемлекет өзінің көлемі жағынан Персиядан анағүрлым үлкен еді. Ол басқаша басқарылды. Александр бұрынғы елдердің сатраптарға бөлінуін сол қалпында қалдырды. Бұл округтарды сатрап билеушілері шығыс халықтарының өкілдері басқарды бірақ олар сатраптар сияқты, өздері билік жүргізуші болған жоқ, сол сатрапта тұрған македон наместнигіне бағынуға тиіс болды. Әр округ Александрдың орталық өкіметіне бағынды, ал Александр болса түрлі округтардың ісіне тікелей араласып, кейде сатраптарды орңынан алып тастап, дарға асып отырды. Пара алушылықты және халықтан заңсыз алым - салық жинаушылықты жоюға көңіл бөлінді.
Жорықтан кейін Александр оның аяқталуын лайықты түрде мерекелеп, тойлағысы келді. Бұл мерекені Персияның бұрынғы астанасы -Сузыда өткізу белгіленген болатын. Бұған барлық жауынгерлер мен көптеген жергілікті халық, ең алдымен аристократтар қатысты. Мерекеде ерекше үйлену тойы өткізілді. Он мың жауынгер жергілікті түрғын әйелдерге үйленді.
Шығыс жорығындағы жеңісті мерекелеген соң Александр өз монархиясының ішкі іскерімен шұғылданып, батысқа жорыққа шығуға әзірленді.
Бірақ бүл кезде Описте македондық жауынгерлердің көтерілісі болды. Істің жайы былай болып еді: Александр өз жауынгерлеріне қошемет көрсетіп, оларды үйлеріне - Македонияға қайтарып жіберуді үйғарды, ал ол жақтан жаңа әскерлер келуге тиіс еді. Бірақ жауынгерлер үйлеріне қайтып оралудан үзілді - кесілді бас тартты. Олар жиналып алып тарамай қойды Александрға оған байлықты да, өкімет билігін де, жеңісті де әкелген нақ солар екенін айтты, ал енді осының бәрі оның қолында болғаннан кейін біздерден құтылғысы келеді деді жауынгерлер. Бүл кезде Александр парсылармен қосылып той - думандап жатты, сөйтіп, ол еш нәрседен мұқтаждық көрмейтіндігін армияға әдейі көрсетті. Бірақ армия оны өзіне шақырып алды, Александр сөз сөйледі, сөзінде македон әскерін оның жақсы көретіндігін, бірақ бұған олар алғыс айтпай отырғанын айтты. Ол сонымен бірге жауынгерлерге оларды Македонияға қумайтындығын айтып, қалғысы келетіндер қала берсін деді, сөйтіп бейбітшілік қалпына келтірді де, жауынгерлер Шығыста қалды./27/
Б.ә. дейінгі 323 - ші жылы Македонияның наместнигі Антипатор өз иелігін қалдырып жаңа әскерлер ертіп патшаның қарамағына келу туралы Александрдың бұйрығын алды. Мұның өзі Александрдың анасы Олимпиаданың әмірі бойынша істелген еді.
Александр Вавилонға келеді. Бұл кезде Антипатр өзінің ұлдарын әскермен жіберіп, өзі Македонияда аялдап қалды. Антипатр мен оның үлдары Александрдың бүйрығына риза болмады. Македонияның билеушісі болып қалу үшін Антипатр қолынан келген амалдың бәрін істеп бақты.
Антипатрдың кіші ұлы Иолла үйінде той - думан жасады, оған Александрды шақырды. Той - думан 3 күнге созылды. Тойдан оралған Александр қатты ауырып, он екінші күні кешіне қайтыс болды. Бұл 33 жаста болатын. Сірә, ол уланған болуы керек.
Александрды жерлемей жатып, оның қолбасшылары мен көмекшілері арасында ұрыс - керіс басталды. Ең ақырында, Александрдың қорғаушыларының бірі - Пердикке регент болып тағайындалып, мемлекетті уақытша басқара бастады.
Александрдың жорықтары басқыншылық сипатта болғанына қарамастан, македондықтар құрған жаңа мемлекет өз экономикасы, саяси құрылысы мен мәдениеті жағынан ежелгі Персияға анағұрлым прогресті болғаны күмәнсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |