2 і-тарау. Александр Македонскийдің таққа келуі



бет2/2
Дата22.05.2018
өлшемі0,74 Mb.
#40621
1   2
ІІІ-Тарау.Александр Македонский монархиясының ыдырауы

Патшаның кенеттен өлуі барлық жұртқа қатты әсер етті. Александр өлгеннен кейін үйымдасқан күш ретінде жалғыз ғана әскерлер қалды, бірақ олардың өзінде де ынтымақ болмады. Анағүрлым демократияшыл жаяу әскерлер ерекше жағдайда болған Македония әскерлерінің бір бөлігін — олигархиялық атты әскерлер мен көпшілігі жергілікті аристократтардан құралған патша гвардиясын жеккөрді. Армия бірнеше дербес корпустардан құралып, олардың командирлері өзара өш болды.

Александрдың қалған серіктерінің ішінде анағүрлым беделділері Пердикка, Антипатр, Лагтың ұлы Птолемей, Эвмен Антигон т. б.болды. Бұлар күшті батыр болған адамдар, бірақ бір-біріне мемлекет басқару билігін қыйғысы келмейтін мансапқорлар еді. Олардың әрқайсысы өзін аңыз бойынша, өлім алдында Александр өзінің патшалығы мен сақинасын өсиет қып тапсырған «ең күштісі» деп есептеді. Күрең қызылға оралып, Александрдың енесі жатқан сарайдың тақ тұрған залында жеке әскер құрамаларының командирлері өлген патшаның мұрагері кім болу керек деп дауласып жатты. Өте ұзаққа созылған қызу айтыстардан кейін, Александрдың ескі және батыр серігі Пердиккаға тоқтам жасап, оны мемлекеттің регенті деп жариялады./28/

II Филипптің егей баласы Арридейге Филипп деп атқойып, оны патша деп жариялады; Роксанадан жақында туатын бала ұл болса, ол да патша тағына отырмақ болды. Мұнан кейін Александрдың қалған серіктері мен оның мұрагерлері, грекше айтқанда, диадохтары патшаның ұлы мүрасын бөлісіп алды. Ұзақ айтыстан кейін Александрдың денесін Птолемей алып, оны салтанатты түрде Египет Александриясына апарып, әсем саркофагіне жерледі.



Александрдың жорықтары соғыс маршы ғана болған жоқ, сонымен қатар олар барлық жағынан қарағанда, жақсы ұйымдасқан экспедиция еді. Экспедициядағы оқымыстылар және патшаның кейбір серіктері (Птолемей және басқалар) болған уақиғаларды жазып отырды, жерлерді зертеп, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың т. б. түрлерін жинады. Әсіресе география, ботаника және зоологияның дамуына себеп болған көп материал-дар жиналды.

Александр державасының көлемі өте зор болды. Ертедегі дүние бұған дейін елдердің мұндай ірі бірлесуін білмеген болатын. Сондықтан Македония патшалығынын құрылуы сол кездегілерді шексіз таңқалдыруы да өте түсінікті.

Дарий талқандалғаннан кейін Афины экклесиясында Эсхил былай деп жазды: «Біз дүниежүзі тарихының ерекше дәуірін бастан өткізудеміз. Біздің тарихымыз болашақ ұрпақтарға ертегідей болып көрінуге тиіс. Парсы патшасы күні кеше эллиндіктерден «жерді де, суды да» талап етсе және өзін шығыстан күн батысқа дейінгі адамдардың қожасы деп жариялауға шімірікпесе, енді сол патша басқа елді билеу үшін емес, өз өмірі үшін күресуде. Фивы, біздің көршіміз Фивы, Элладаның жүрегінен бір-ақ күнде тартып алынды. Мейлі олар өздерінің ақылсыз саясатынын, сазайын тарта берсін, бірақ олардын, соқыр және ақылсыз болуына өздері кінәлі емес, оған құдайлар кінәлі. Бір кезде эллиндиктерге басшы болуға тырысқан бақытсыз македондықтар, енді өзініқ жеңілгендігінің белгісі есебінде, Александрға - тізе бүктірген жеңушіге кепілдікке жіберілмек және олардың тағдыры оның мейірімінің түсуіне байланысты. Ал біздің қаламыз, әрқайсысы өз халқына бізден көмек сұрауға бүкіл Эллададан өкілдер келіп жататын, бүкіл эллиндіктердың данасы болған қаламыз, енді Эллада үстем болу үшін емес, өзінің бір жапырақ жері үшін күресуде»./29/

Александр істерінің көлемі өте зор болғандығы және адамзат мекемедерінің берік емес екендігі жөнінде философ (кейінгі кезде Афины мемлекетінің басшысы) Деметрий Фалерский де қуаттап, пікірлер айтты.

«Егер бұдан елу жыл бұрын,— деп жазды Деметрий,— құдайлардың бірі парсыларға, немесе Парсы патшасына, немесе Македониялыктарға, немесе Македония патшасына дүние жүзін түгел дерлік билеген парсылардың енді тек аты ғана қалып, дүние жүзін бұрын жұртқа аты да естілмеген македониялықтар билейтіи болады деген болжауды айтқан болса, олар нанбаған болар еді. Шынында, біздің тағдырымыз тұрақсыз. Тағдыр адамның күткеніне қарсы шығып, өзінің керемет құдіреттілігін көрсетіп отырады. Менің ойлауымша, тағдыр парсылардың бақытын македо-ниялықтарға әпергенде, ол игілікті тек уақытша ғана, басқаша пайдалануға берген сияқты» .

Деметрийдің Македония патшалығының берік еместігі туралы айтқандары дұрыс болып шықты. Александрдын, мемлекеті орасаң үлкен болғанмен ала-құла еді. Бұл әртүрлі елдер мен халықтардан соғыс жолымен қүралған қару күшіне сүйеніп тұрған мемлекет еді. Оларды байланыстыратын түйін парсы. патшасы мен Египет фараондарының заңды мұрагері және Филипптін, ұлы Александрдың жеке басы болды.

Мұнан келіп Александр державасының іштен іріп-шіруі сөзсіз екендігі байқалады.

Македония монархиясы деген еңбекте- Кирдің немесе Александрдың ұлы мемекеттерінің, тарихи жағынан құралғанмен, әртүрлі тайпалар мен нәсілдерден құралғанмен, ұлт деп атала алмағаны күмәнсіз. Олар ұлттар емес еді, белгілі бір жаулап алушының жеңуіне не жеңілуіне қарай кейде құлап қалған, кейде біріккен топтардың кездейсоқ және байланысы кем жиынтығы еді.



Александр өзінің көп тайпалы державасының ішкі әлсіздігін білді де, қарамағындағы халықтарды біріктіру үшін толып жатқан шаралар ойлап шығарды. Осыдан келіп Александр әскери кадрларын жергілікті адамдармен толықтыруға тырысты. Македония патшасының Сузыда (324 ж.) адам айтқысыз үлкен үйлену тойын жасауы осы тілекті іске асыруға бағытталған еді. Оның бұйрығы бойынша белгілі Македония қолбасшылары атақты парсылардың кыздарына некеленді. Александрдың өзі Индия жоры-ғынан бұрың бактриялық Роксанаға үйленген болатын, ал құда түсу тойында ол Дарийдың қызы Статираға некеленді. Александр Азия қыздарымен некелес македониялықтар салықтан босатылады деп жариялады. 10 мыңнан астам Македония солдаттары мен командирлері өздерінің қолбасшыларьшан кергенін істеді. Александр бұл сияқты шаралармен македониялықтарды жергілікті халықпен қосып, өз державасының тұтастығын сақтап қалуға тырысты.

Жаңа ұлы жорықтарға әзірленіп жатқан кезде, Александр 323 ж. Вавилонда қайтыс болды. Оның келбетіне біткен күш-қайраты және сарқылмас қиялы жорық аяқталып, Вавилонға қайтқаннан кейін де өзінің ауруына қарамастан жұмыс істей берді. Александрдың ойына жаңа жорықтардың жоспарлары келіп, жаңа мәселелер туып жатты. Аравия жағаларын зерттеу, Евфрат су құрылыстарын кеңейту, Каспий (Гиркан) теңізін мұхитпен қосу, Вавилонда, Делоста, Дельфыда храмдар салу және көптеген басқа шаралар оның ойындағы пісіп жеткен жоспары еді. Бұлар «жалпыға бірдей орналастырушы және келістіруші» Александрдың даңқын шығаруға тиіс еді.

Ұлы жаулаушыны ерекше қамқорлыққа алушы деп санаған Дионис құдайдың құрметіне Вавилонда, Делос аралында, Дельфыда және басқа жерлерде орасан үлкен храмдар салынып жатты. 323 ж. июньде ертеден кешке дейін Вавилон портында жаңа гаваньдар салынып жатқанда, ал Неархтың флоты алыс экспедицияға шығуға әзір тұрғанда, патша қайтыс болыпты деген хабар дүңк ете қалды. Александр 33 жасында безгектің ауыр түрінен қайтыс болды./30/

Александрдың жеке басы туралы толып жатқан повестілер, романдар- және ертегілер жасалды. Олардың кебі антик заманы дүниесін басынан өткізіп, орта ғасырға және жаңа дәуірге жетті. Мысалы, солардың біреуі — осы күнге дейін Иран халықтарының арасында сақталып келген тамаша Ескендір (Александр) туралы ертегі. Александрдың қолбасшылары Птолемей мен Аристотелдың патшаның өмірі мен қызметі туралы жазғандары осы ертегілердің көпшілігіне алғашқы дерек болды. Арриана (б. э. II ғ.) мен Курцийдің (б. э. I ғ) шығармалары Птолемейдің, Арестотельдің және сол сияқты Клитархтың еңбектеріне сүйеніп жазылған. Патша сарайындағы тарихнамашы Каллисфеннің Александр тірі күнінде жазған тарихы толып жатқан романдар мен ертегілерге материал болды. Сонымен қатар Оливияны құтқаруға келген көршілес тайпалармен курес барысында Запирион мерт болады. Бұл жеңіліс Фракидағы Македондықтарға қарсы көтерілістің басты себеп болды. Македондық патшаның көзқарасы бойынша бұл Грециядағы жағдайға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін еді. Осы кезде Александр Гректерге билеушінің кім екендігін айтқысы келді. Александр грек қалаларындағы туындаған әлеуметтік саяси күрестің зардаптарын жойып, Грецияда бишаралық халге ұшыраған адамдардың көптеп пайда болуына әкелген жеке саясатын өзгертуге бел байлады. Ол елде азаматтық бейбітшіліктің орнауына әкелетін шара қабылдауды ойластырды.

Александр сарайында өз отанын белгілі бір себептерге байланысты қалдырып кету мәжбүр болғандарды қайтаруға бағытталған мәселелерді қарастыруға көп көңіл бөлініп жатты. Феодоттың Горг және Миней деген екі ұлы Самостың тәуелсіздігін қайтарып кезінде елден қуылған адамдарды елге қайтару арқылы өз билігін көрсетіп, грек жеріндегі саяси тұрақсыздықты әлсіреткісі келді

Александр мұндай іс-шараларға кездескен 332ж Ол Хиосқа қуғындарды қайтарып, мұнда демократиялық құрлыстың орнауына қол жеткізді.

324 жазда Олимпия ойындарында патшаның сенімді өкілі Стагириядан шыққан Никонор гректің қуылғандарына Александрдың жолдауынн оқып берді. Жолдау бойынша грек қалаларына дінге сөз тигізген және қылмыскерлерден өзгенің барлығына елге қайтып оралуға рұқсат берілді. Өзге ерекшеліктер де болды: фивандықтарға, Мегалопистен шыққан, Амфисса, Трикка, Фракадон, Грекиялық қуылғандарына билеушінің шешімдері әсер етпеді. Плегеядағы жазбалар бойынша патша жарлығында қуылғандардың мүліктік құқығы регламентацияланды. Аталған жазбада Коринар одағының, бұл шешімдер мүлдем болмады деуге болады.

Александрдың жолдауында былай делінді. Патша Александр - грек қалаларының құрылғандығына. Сендерді елден қуғанға біз кінәлі емеспіз, алайда сендердің отанға оралатындардың біздің арқамыз, біз Антипатрға жазып сендерді міндетті түрде қалаға кіргізуді талап еттік. Бұл сөздің жарты шындығы еді. Қуылғандар жергілікті билеуші органдардың шешімімен өз отанынан кетуге мәжбүр болды. Бұл Александрмен жүргізілген саясаттың бірі еді.

Олимпия ойындарында қуылғандар паатшаның жолдауын үлкен қуанышпен қарсы алды. Дегенмен Александр әрекеті грек жерінде сенімсіздіктің туындауына әкелді. Патшаның грек полистерінің ісіне негізсіз қол сұғуы олардың келісімінсіз маңызды саяси шешімдерді қабылдауы өте кауіпті белгілердің бірі болды. Гректер өз тәуелсіздігінен айырылу каупін түсінді.

Барлық дерлік грек қалалары Македон патшаның еркіне бағынуды жөн көрсе де, Александр өз ойын жүзеге асыра алмады. Грек полистері қала мемлекет ретінде өз тәуелсіздігін сақтап отырды. Қуылғандарды елге қайтару ісі грек қалаларына еш өзгерістер енгізбеді. Александр қуылғандардың мүлікке қатысты құқықтарын реттеген болды. Дегенмен шиленістер туындап отырды. Қуылғандарды елге қайтару жарлығы саяси шиленіске әкелді. Афины кіші Азиядағы Эфеске таяу жердегі маңызды грек пункті болып табылатын Самос аралдарынан айырылды деуге болады. Бұл афиндік отарлаушылар үшін үлкен экономикалық апат болды. Соғыстың басталуына қауіп төнді. Бұл туралы Александр сарайында ашық түрде сөздер жүрді. Жоғарыда аталған горг Экбатанада Дионистің құрметіне өткізілген мейрамда ол Александр Афинаны алатын болса өз тарапынан поплиттер мен катапульта т.б беріп көмек көрсететінін айтты. Алайда қақтығысқа дейін жетпеді Афины елшісі Демосфен Олимпия ойындарында Никомордан қуылғандарды қайтару туралы жарғыны кейінге қалдыруды өтінді. Александрдың бұл әректіне Афинада қарсылық білдірді. Оратор Демад Александрды олимпиялық құдайлардың Дионистен кейінгісі болуы туралы ұсыныс тастады.Демосфен Александрдың құдай болуына қатысы сөз сөйледі.енді кейінге шегінсек , яғни Александр неархпен жолығып неарх оған жүктелегн кемелерді солтүстік бағытқа жөнелтті.Ситаке өзеннінің сағасында Меарх Александрдың бұйрығымен әкелінген азық түлікті тауып , мұнда ремонтпентпен шұғылданып 21 күн тұрып қалды.Олар Ефраттың сағасындағы Диридомда ауылында тоқтады.Александрдың сузыға аяқ басқанын естісімен ол паситигр өзеннінің сағасына кіріп ,пандомдық көпірге көтеріліп, осында Александрдың армиясымен қосылды. Пехотаны Гефестионның басқаруымен парсы шығанағына аттандырып ,Александр кемеге гепаспистерді, азема мен аттты дружениктер отырғызып ағыспен төмен жылжып Тигрдің, бойымен бойымен жоғары көтерілемін деп шешті. Солтүстікке жылжи отырып Александр бөге шығара бастадыттерді бұзауға бұйрық берді.Гефестионмен қосылған соң, Солтүстікке жылжып, опида қаласына бағыт ұстады.

Александр Опидада македондық оппозициялық солдаттарға жолықты Александр армиядан соғысқа жарамсыз кәрі жаралы ауру солдаттарды шығара бастады. Солдаттар арасынан мынадай айқарлар естілді; Александр бізден бөлінгісі келіп отыр, оған енді біздің қажетіміз болмай қалса, барлық солдатты қусын да өзінің әкесі Амоның көмегімен соғыссын. Александр мұндай реакцияны күтпеген еді. Ашу үстінде Александр солдаттардың ішінен 13-ін нұсқап, өлім жазасына кесті де әскерлеріне наразылығын білдірді. Екі күн көрінбей үшінші күн өзіне парсыларды шақыртып оларға әскери құрылымды басқаруға рұқсат берді, оларға ең жоғарғы сарай атағын патша туысы дегенде берді ол македондық үлгімен парсы әскери бөлімдерін құруға кірісті. Македондық әскерлер үрейлене бастады. Олар Александрдың шатырына жығылып кешірім сұрай бастады. Александр олардың алдына шығып өз солдаттарымен абыздарымен бірлік тілей бастады. Атты Каллинаның өтінішімен патша барлық Македондықтарды өз туысы деп жариялады. Александр опида екі жаулар македондық пен парсылар арасында күресті жоюға тырысты. Ол парсыларды варвар деп атауға тиым салды.

Солдаттар арасында толқуды басқан соң Александр жарамсыз солдаттарды қайтарды. Бұл отрядтың басына ол Кратерді қойды, ал ол кезегінде Антипатрды ауыстыру қажет болды. Антипатрдың Македонияда патшаның орынбасары қызметінен алынуы белгілі бір себептерге байланысты болды. Антипатр мен Олимпиада арасында билік үшін күрес өрши түсті. Олар Александрға бірін-бірі жамандап хат ждіберіп тұрды. Антипатр Филот пен Парменионға жасалған қастандықтан қатты үрейленді, өзінің көздегенін күткендей болды. Ол өзін ескі Македондық дәстүрді сақтаушы ретінде сезінді. Александр Антипатрдың жеңісіне ызылық білдіріп үрейленді Ол антипатрдың билікке ұмтылысын сезінді. Ол түрлі сыбыстарды естіпте жүрді. Түптеп келгенде ол ешкімге сенбеді. Картер патшаның тапсырысымен Антипатрды өлтірмекші деген сыбыстарда жүрді. Алайда Картер бұл тапсырысты ақыры орындамай өтті. Ол өте баяу қимылдады. Александр қайтыс ол әлі Килликияда жүрді. Ал Александрдың халін естіген соң ол ойынан айнып, кері қайтты. 324 ж күзде Экбатона қаласында Александр өзінің ең жақын досы Гефестионның өлімінен қайғыға түседі./31/

324ж қыста Александр кассейлерге қарсы соңғы жорығын ұйымдастырады. Олар Месопатамия тұрғындарын үнемі шапқыншылық жасайтын таулы аймақтың тұрғындары еді. Патша тыныштық орнатып жауды жояды. Бұл экспедициясын аяқтап, армиясын Вавилонға әкеледі. Жолда өзіне келе жатқан Италия, Африка, Испания елшілерін кезіктіреді. Александрға римдік елші келген деген болжам бар.Өз өмірінің соңғы айларында Александр бүкіл Жерорта теңізіндегі әлемді жаулап алуға бағытталған жоспарды құрастырған. Ол Карфагенді талқандап Солтүстік Африка Испанияны жаулап алмақ болған. Сицилияға бекініп Гераклдік столптарға (Гибралтар дейін жорық жасауды жоспарлаған. Ол сондай-ақ Каспии қай теңізбен байланысатындығын білігісі келді. Оңтүстік Аравия жаулап алуы ойластырды. Бұл үшін дайындықтар жүргізді кемелер ағылды, командалар оқытылды. Вавилонда патша верфтер соғуды бұйырып 1000 кемеге есептеп үлкен бассейн қазуды тапсырды. Ол әскерде жинады. 20 мың парсы отрядын әкеліп Македондық бөлімге енгізілді. Александр Үнді мұхитында теңіз кемелері жүргізуге онымен байланыс орнатуға тырысты. Александрдың өлімі туралы түрлі жорамалдар бар болғандығы айтылады.Вавилонға келер кезде оған халдей болжаулары қалаға кірмеуінен немесе батыс бүйірінен керуен өткенін Александр оған сенбеген. Келесі бір отырыста Александр сырқаттанады да артынша ауырып қалады, кейбір дерек бойынша өкпеге суық тиеді, ол тропикалық моляриямен де ауырды деп айтылады, күн өткен сайын оның халі ауырлай бастады. Ол тіпті сөйлесуден де қалды. Солдаттарды патшаны бір көруді сұранды. Әр қайсысы патшамен бірінен соң бірі патшамен қоштаса бастады, бірнеше жақындары ескі дәстүр бойынша Сраписа храмына келіп түнейтін болды, ол түсіне көріп аурудан емдеуді сұрану қажет болды. Құдай Александрдың орнынан қозғамауын өтінген деседі.

Антикалық тарихнама бойынша Александр у ішіп өлді деседі. Оны Антипатр бұйрығымен Аристотель дайындаған. Алайда Арион оған сенбейді 323ж 13 маусымда Афиныда Гегесии архонт болып тұрғанда Александр қайтыс болады./32/



Диадохтар арасындағы келісімнің тиянақсыз екендігін таяудағы уақиғалар керсетті. Патшалықты билеушілер диадохтардық қолында болды. Ақылсыз Филипп те, Роксанның нәресте ұлы Александр да анасымен бірге кісі қолынан өледі.

Диадохтардың билеуіндегі елдер тек қарудың күшімен құралған, бір-бірінің арасында ешбір байланыс жоқ жерлер мен тайпалардын. кездейсоқ бірлестігі еді. Кешікпей бейбітшілік қатынастар бұзылып, 301 жылға дейін созылған соғыс басталды. Соғыс мейрімсіз қатты болды және соғыс болған жерлер орасан күйзелді.

Әсіресе бір билеушіден екінші билеушіге талай рет ауысқан Греция қатты күйзеліске ұшырады. Бүл тартыста Антигон Одноглазый мен оның, ұлы Деметрай Полиоркеттің басқаларды жеңіп, монархия бірлігін орнатуға мүмкіншіліктері болды.

Бірақ Антигонның және оның ұлының күшеюі басқа диадохтарды - Птолемейді, Селевкіні, Кассандрды және Лисимахты - өзара тартысты қойып, Антигон Одноглазыйға қарсы ұйымдасұға мәжбүр етті. 301 ж. Ұлы Фригиядағы Ипс түбінде антик заман дүниесінің ең қатты қан төгіс ұрысының бірі болды. Антигон талкандалып, ұрыс үстінде өлді, ал Деметрий қашып құтылды. Александр өлгеннен кейінгі диадохтардың өзара соғыстарыньщ ете күшті дәуірі Ипс түбіндегі ұрыспен аяқталды.

Александр Македонскийдің монархиясын қалпына келтіру идеясын мақсат етіп қоюшылардың ең соңғыларының бірі Антигон Одноглазый еді. Оның дүшпандары ездері билеп отырған облыстарды түрақты иеленіп қалуға тырысты. Іс жүзінде монархия бұл кездің өзінде-ақ ыдыраған еді. Александрдыд замандастары, диадохтар жас ұрпақтарға, өздерінің мұрагерлері эпигондарға орнын беріп, бірте-бірте тарих бетінен шығып қала берді.

Толып жатқан соғыстар, бітімдер және территорияны бірнеше рет бөлісудің нәтижесінде Александр державасынан III ғасырда ірі үш мемлекет бөлініп шықты: 150 мың квадрат километр территориясы бар Египетке Птолемей династиясы (Птолемей Лагтың үрім-бұтағы) орнады, 3 миллион квадрат километр жері бар Сирия Селевкіге берілді, 75 мың квадрат километрлік Македонияның өз жері Антигон үрім-бұтағына тиді»./33/

Қорытынды.

2300 жыл бұрын үзілген Александр Македонскийдің өмірі Шығысқа жорық жасаумен, Ахменид державасын жойып өз мемлекетін орнатуға бағытталған.

Негізгі жоспар бойынша ол Атлант мұхитынан Үндістанға дейін Дунайдан Эфиопияға дейінгі аралықты алуы қажет еді. Бұл әрине сол кездегі экономикалық байланыстарға байланысты мүмкін емес еді.

Александр Солтүстікке, Фивы қаласына, Персияға, Кіші Азияға, Сирия мен Финикияға, Египетке, Месопотамияға, Гавгамелыға, Орта Азияға жәе Үндістанға соның ішінде ең әуелі Бесөзенге кейін Инда аңғарынада басып кірді. Александр Индан кейін Ганг аңғарына беттеуді ойлады, бірақ Александрдың үмітінің барлығы мүмкін болмады, сөйтіп ол өз жорығын аяқтауға тура келді.



Александр Македонскийдің жорықтары б.э.дейінгі 334 жылдан б.э. дейінгі 324 жылға дейін 10 жыл бойы жалғасты.

Александр жүріп өткен жерлерін қиратып, шабуылмен ғана өзіне қаратты, бірақ сол жерде мемлекет орнатуға мүмкіндігі болмады. Аргеадтар әулеті жойылды.

317 жылы Олимпиаданың бұйрығымен Арридей мен Евридика деген әйелі өлтірілді. 316 ж Антипатрдың ұлы Кассандр Олимпиаданың өзін өлтіруге бұйрық береді, ал 311 жылы Раксана мен оның ұлы Александр ІУ өлтіруге әмір береді. Александрдың басқа ұлы Перики Полиперхонт қолынан қаза табады.

Александрдың қызметі нәтижесіз қалмайды. Оның жорығы элинизм дәуірінде Шығыс Жерорта теңізі халықтары мен елдерінің тарихындағы жаңа кезеңнің бастамасы болады. Александр жорығы гректердің Шығыс халқымен байланысына жағдай жасалды. Сонымен бірге гректердің география, жаратылыстану ғылымында алға басуға үлкен мүмкіндік туды.

Александр тірі кезінде, қайтыс болған соң да алдыңғы тарихшылардың болсын, өзге адамдардың да ойларын таң қалдырды. Өте шебер қолбасшы стратег, тактик, ұйымдастырушы болды.

Ержүрек, батыл, еш нәрсеге жан салмайтын тұлға Аристотелдің оқушысы әдебиетті жақсы сезіне білетін, философияны сүие білетін, ғылымның дамуына үлес қосқан тұлға. Оның жасаған нәрсесінің барлығы қайтымсыз ұмыт болды. Алайда оның өзі қалап кеткен қалалары сақталды; Искандерун (Иссе тұсында) Египет тұсындағы Александрия, Герит (Аридегі), Кандахар (Арихосидегі) Мары (Маргшионадағы), Лениноабад (Ходжент)



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

  1. Г.Г. Гафуров, Д.И. Цибукидис Александр Македонский и Восток. М., «Наука» 1980г. 456с.

  2. И.Ш.Шифман. Александр Македонский М., «Наука» 1988. 205с.

  3. Ковалев С.И. Монархия Александра Македонского. М.,1997г. 210с.

  4. «Средне-Азиатский вестник» 1896ж ғылыми-әдеби журнал Н.Остроумов.ү Искандер Зуль-карнайн. Б.27-38

  5. А.А. Вигасин, Г.И. Годер, И.С. Свенцицкая «Ежелгі дүние тарихы». Алматы 1998 ж.336 бет.

  6. Ю.С. Крушол, «Ежелгі дүние тарихы». II бөлім. Алматы 1978 ж. ХҮІ-тарау 146 бет.

  7. А.Г. Бокщанин, История дреней Греции. В.кн: История древнего мира. Москва 2002 г. 255 с.

  8. «История дреней Греции». Под ред.В.И. Авдиева и Н.Н. Пикуса М, 2000г. 251 с.

  9. «История дренего мира». Под ред. В.Н. Дьякова и С.И. Ковалева Москва 1962 г. 247 с.

  10. Ковалев С.И. История античного общества. Ч.І. Греция. Изд. 2. М-Л., 1977, ч.2. Эллинизм. Рим. Л., 1986.


11.Колобова К.М. и Глускина Л.М. Очерки Истории древней Греции. Пособия для учителей. Л., 1958 г. 334 с.

12.Сергеев В.С. История древней Греции. Изд. 2. М., 1998; 355 с.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет