C) Мәрт бол
D) Жомарт бол
E) Алақаның ашық болсын
4. «Қабуснама» кітабын сүйіп оқыған топ өкілдері
A)
Ел басқарушылар, қарапайым халық
B) Хандар, қаралар
C) Ел басшылары, оқушылар
D) Ұстаздар, діни адамдар
E) Билер, қарттар
5. Мәтін мазмұнына қатысты нұсқа
A)
Білім туралы
B) Байлық туралы
C) Жомарттық туралы
D) Шежіре туралы
E) Тарих туралы
6. Мәтін бойынша адамның ақылдылық қасиеттерінің саны
A)
5
B) 2
C) 3
D) 6
E) 7
6.3-мәтін
1. «Қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз баяғыдан келе жатыр. Бұл - қазақтың
аралас-құралас, алыс-берісті, құда-жегжат, жамағайын, жұрағаттығын аңғартатын,
сонау іргеміз сөгілмей, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым. Алысты
жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Үлкені сөз
бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Ел шетіне жау келсе, даңқты бабаларының
атын ұран қып шақырып, алаштың азаматымыз деп бәтуаласып, баталасып, бес
қаруын асынып, бір байрақтың түбінен табылған.
2. Қазақта туыстық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа бөліп атайды.
Біріншісі - өз жұрты, екіншісі - нағашы жұрты, үшіншісі - қайын жұрты.
3. Адамның өз жұрты жеті ұрпаққа таратылып аталады. Адамның туып- өскен үйі,
әке шаңырағы «үлкен үй» деп аталады. Оған кенже бала ие болады. Бұл киелі
шаңырақ барлық ұрпақ үшін қадірлі, қастерлі. Алыс жақтан келген туыс-жегжат,
төркіндеп келген қыз, нағашылап келген жиен, ең алдымен, үй иесінің басқалардан
жасы кіші болса да, осы «қара шаңыраққа» келіп сәлем беріп, дәм татып, сыбаға
жеп, сый әкеліп, құрмет көрсетеді.
4. Бірге туған ағайынды адамдар арасындағы ең сөзі өтімді, сыйлы, қадірлі адам -
үлкен аға. Өзінен кейінгі іні-қарындастарының болашағына, тағдырына, жай-
күйіне өзін жауапты сезінеді. Аға мен қарындастың арасында ерекше туысқандық
сыйластық болған. Аға қарындасына қатты сөз айтпай, ұрсып-жекімей, әрдайым
қабағына қарап, еркелетіп, ешкімге зәбірлетпей, үнемі қорған болып жүрген.
5. Өз жұртынан кейінгі туыстық қатынасы жағынан адамның тірлігінде сыйласып,
аралас-құралас, алыс-берісті болып өтетін екінші жұрты - нағашы жұрты. Жиені
нағашысына: «Қырық серкешімді алуға келдім»,- деп арнайы нағашылап барады
екен. Қазақта «Нағашылап келдің бе?», «Жиендік жасайын деп жүрсің бе?» деген
сөздер осыдан қалған. Төркіндеген шешесіне еріп келген кішкентай жиендеріне
нағашыларының бәсіре мал атап, жас төлдерге ен салдыру салты бар. Нағашы мен
жиеннің бір-біріне құрмет-пейілі шынайы, таза болған, сондықтан «қамқор
нағашы», «ерке жиен» деген түсінік қалыптасқан.
6. Адамға үшінші жағынан туысатын жақындары - қайын жұрты. Қайын жұртына
барғанда күйеу кішік болып жүреді. Төрге отырмайды. Сол үйдің малын сойысып,
кісісін күтісіп, қонағын аттандырысып, қайырым жұмысын істеп, шаруаның бір
жағына шығып, көмектесіп жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: