I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет1/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)



1.1-мәтін 
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың 
жылқы ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген 
жас құлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен 
есіліп жасалған ноқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге 
үзбелі күміс түймелердей қаз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздеген құлын 
ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға 
дейін болады. 
II. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шақырып, кейде мал 
сойып немесе қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын 
дайындап, ауыл адамдарының басын қосып, «бие бау», «желі байлар», 
«қымызмұрындық» тойын өткізеді. Бұл кезде желі қазыққа, айғырдың сауырына 
май жағып, жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын 
бастайды. 
1.Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып 
A)Тартылған желілер 
B)Ноқталанған құлындар 
C)Жас құлындар 
D)Бие байлау 
E)Жүннен есілген ноқталар 
2.Бие байларда қандай ырым жасалады? 
A)Қыстан қалған сүрді пісіреді. 
B)Желіге құлын байланады. 
C)«Қымызмұрындық» тойын өткізеді. 
D)Жұмсақ жүннен ноқта жасалады. 
E)Желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағылады. 
1.2-мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне 
жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. 
Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі 
шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше 
түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ 
үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын 
үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты 
көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген 
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас 
үй, қалқа деп аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1.Төр – бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар 
орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2.Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға 
жақта азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3.Он жақ – (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-
тұрман, киім ілінеді. 
4.От орны – қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет