салып кетеді. Көкек жұмыртқаны қай құстың ұясына салса, сол құстың
жұмыртқасына ұқсатып салады.
2.Қарлығаш, қара торғайлар ұяларын үй маңынан салып, балапан шығарады. Өзіне
төнетін қауіпке адамдардың арашашы болатынын білетіндей. Олардың да адал
еңбегіне тигізер себі көп. Бау-бақшадан жәндіктерді теріп жеп, жеміс-жидектің
мол болуына септігін тигізеді.
3.Біздің жерімізде неше түрлі құс өніп, өседі. Адам оған қамқор болуы керек.
Далада, орман-тоғайда жүріп, ұясынан түсіп қалған, небір ауыр халге тап болған
балапан көрсең, оған жәрдем көрсетуді есіңнен шығарма.
4.Құс – даланың, көлдің, орман-тоғай, бау-бақшаның сәні.
1.Мәтіндегі негізгі ой қандай?
A)Құстарға қамқор болу
B)Құстардың әдемілігін жеткізу
C)Құстарға төнетін қауіпті сейілту
D)Құс түрлері туралы ақпарат беру
E)Көкектің ерекшелігін жеткізу
2.Құстардың адамға пайдасы туралы қай бөлімде айтылған?
A)Екінші
B)Бірінші
C)Барлық
D)Үшінші
E)Төртінші
1.14-мәтін
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі
суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені
әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен
жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған
емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай
жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір
жарық – ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы –
махаббат, өмір тасы – халық, ел намысы – ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз.
Жеңілмес күшіміз сонда.
Достарыңызбен бөлісу: