күбірлеп сөйлеп жүретін.
Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы
басқа мыңдаған түп ағаштардың әрбіреуінің қай жерде, қалай тұрғанын, неше
жаста екенін, өткен жылы неше бұтағы кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл
қайсысына күтім қажеттігін жатқа білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ,
өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның артық бұтақтарын кесіп, құрт
түскен жапырақтарына дәрі сеуіп жүретін.
1.Мәтін авторының әкесі кім?
A)Күтуші
B)Орманшы
C)Бағбан
D)Жеміс жинаушы
E)Ағаш егуші
2.«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой» сөзі нені
білдіреді?
A)Жүзімді жегісі келгендігін
B)Жарық түссін деген ойын
C)Құрт түспесін деген ойын
D)Өсімдікке қамқорлығын
E)Жүзімді тергісі келгендігін
1.16-мәтін
Қалың қар жауған қыстың бір күні Арман қолына күрек алып, есік алдын
тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы тазаланып дап-
дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен
қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып
қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Бірақ бұл жолы да,
Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланып
қойылғанын көреді. Кездескендегі алғашқы сұрағы: «Сен есік алдындағы қарды
қалай ғана тазалап үлгересің? Үнемі тап-таза болып тұрады», – дейді. Көршісі
оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның
көптігінен болса керек, жол өзінен-өзі тазаланып, осылай болады», - дейді.
Достарыңызбен бөлісу: