Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
D)Сыйлағанды сыйла, еңкейгенге еңкей
E)Тал шағында бүкпесең, таяқ шағында иілмес
1.11-мәтін
Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу
идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженер Аббас ибн Фирнастың (Abbas
ibn Firnas) ойына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін
плащқа ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап
ұшамын деп ойлағанымен, бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымның құлауын
біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады.
Осылайша ғалым аздаған қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылады. 70
жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол
ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіздікке ұшырайды: бар
мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді.
bilim-all.kz
1.Мәтін мазмұнына жуық тақырыпты таңдаңыз
A)Арманға қол жеткізу
B)Ағайынды Райттар
C)Фирнастың ермегі
D)Алғашқы өнертапқыш
E)Фирнастың ерлігі
2.Фирнастың сәтсіздігіне себеп болған жағдай
A)Парашют тетігінің істен шығуы
B)Таудан сәтсіз секіруі
C)Бойын үрей билеуі
D)Парашюттің ауада ұзақ қалықтауы
E)Парашютті дұрыс жетілдірмеуі
1.12-мәтін
Шақшақұлы Жәнібек хан Төле би бабамыздан ақыл сұрай отырып былай деп сұрақ
қойған екен:
– Түзу мылтық, ұшқыр кұс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым.
Бозбала болып ерлік құрайын ба? Үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса,
жазулы тұрған хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші
еді, ақыл сұрай келдім, – дейді.
Сонда Төле би бабамыз:
– Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа
өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер. Жал-
құйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат
тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің
тарылар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Ақылдың түбі құт болар.
Елге бай емес, би құт. Ел шетіне жау келсе, қабырғалы би – күш, – деген екен.
Достарыңызбен бөлісу: