1.5-мәтін
Бөлтірік шешеннің сөзі
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
– Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па,
байлық ыстық па? - дейді.
Сонда Бөлтірік:
– Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да ұшқан бір құсың
емес пе, бала – артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-
туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға
жүрегің жылы болса, қайғың – күл, қуанышың – от! – дейді.
1.Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
A)қолға ұстаған мұз
B)артта қалған із
C)ұшқан құс
D)қайғы – күл, қуаныш– от
E)бала – жұбаныш, қарт – қазына
2.Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты
A)баласы көп жігіт
B)жүрегі мықты жігіт
C)ұзақ өмір сүрген жігіт
D)бақ құсы қонған жігіт
E)көпті сыйлаған жігіт
1.6-мәтін
Адыраспан туралы ақиқат...
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор.
Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап
өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын
жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы
замандардан бері жақсы білген.
Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі
«Адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің
босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жаладан сақтауға
тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін ыстап, бәле-жаладан шаңырақты
аластайтын болған.
Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып
аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған.
Достарыңызбен бөлісу: