I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Берілген тұжырымдардың қайсысы «Елім-ай» шығармасының әсерін



Pdf көрінісі
бет14/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Берілген тұжырымдардың қайсысы «Елім-ай» шығармасының әсерін 
көрсетіп түр? 
A)Сахнадан жібермей, қайта шақырды. 
B)«Елім-ай» туындысының скрипкашының естелік кітабына енуі. 
C)Ол арқылы барлық қазақ халқының мұңын сезінді. 
D)Менің танымал шығарма орындағаныма таң қалды. 
E)Көпке дейін қол шапалақтады. 
2.Айткеш Толғанбаевтың өнерін тамашалаған ел? 
A)Германия 
B)Қытай елі 
C)Бейтаныс ел 
D)Шығыс елі 
E)Азия елі 
1.25-мәтін
 
Ала жіптей шұбалған жолмен қорапты машина келеді. Өршеленіп өрге ұмтылады. 
Белестен соң белес артта қалып жатыр. Жатаған дөңес, жасыл бел қалды. Көбігін 
көкке шашқан асау өзен қалды. 
Кабинада екеу еді. Ересегі қаршығадай құнтиған қағілез адам – Бөрібай. 
Қасындағысы – кенже ұлы Бекен. Құлағы қалқиған, сары бала. Биыл төртінші 
сыныпты бітіріп, жайлаудағы нағашысына келе жатыр. Аузы аңқиып, жол 
қызығын баққанына екі сағаттан асқан. Әлі жалығар емес. Ол андағайлап келіп 
тұра қалғандай болатын кереге тастардан да, қалың нудың мүлгіген 
тыныштығынан да, бұтадан бұтаға, гүлден гүлге қонып, әудем жерге дейін 
шығарып салатын сары шымшықтың ықыласынан да әлдебір сыр түйіп, ой 
аңғарғандай. 
1.Үзіндідегі жыл мезгілі 
A)Жазғытұры 
B)Қыс 
C)Күз 
D)Жаз 
E)Көктем 
12


2.Бекен қайда келе жатыр? 
A)Демалысқа, өз үйіне 
B)Қалаға, туыстарына 
C)Жайлаудағы нағашысына 
D)Жайлаудағы жиендеріне 
E)Ауылға, ата-әжесіне 
2.1-мәтін 
1.Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, 
бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», 
«шілде той», «шілдехана күзет» өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі 
тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді. 
2.Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Әдетте, шілдеханаға 
ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын-шайтан, 
перілердің салқынынан қорғап, күзету – халық сенімі бойынша тек жастардың 
міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. 
«Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, 
орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы сенімнің сілемі қазақ 
арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету – соның бір түрі. 
3.Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. 
Сүйінші сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса – «тізгін ұстар», «күл 
шашар», «ноқта жетектер», ал қыз болса – «қырық жеті» деген сияқты тұспал 
сөздермен жауап қатады. Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер 
ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған 
қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл адамдары «Бауы берік 
болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады. 
4.Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, 
келушілерден көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл-
көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» – деп түкірген болады. 
5.«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән-жырсыз 
өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Тойда жастар суырып салып өлең айтып, сөз 
қағыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет