Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сағат Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәннен алған білімдерін дамытып



Дата15.09.2017
өлшемі110,24 Kb.
#32476
түріСабақ
О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің

химия пәні мұғалімі Усерова Лаура

Пәні: Химия

10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сағат

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәннен алған білімдерін дамытып,

алғырлыққа, шапшаңдыққа үйретеді, өз бетімен

ізденіп, білімдерін шығармашылық қабілеттерін да-мытады.

Көруге бұл сайысқа жиналғандар, Д.И.Менделеевке құрметпен сиынған-дар. Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты Тамашалау бақыты бұйыр-ғандар!


Ойынның ұрандары:

«Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт!».


  1. Бөлім. «Бәйге»

  2. Бөлім. «Полиглот»

  3. Бөлім. «Ғажайып химия»

  4. Бөлім. «Тікелей сұрақтар»

  5. Бөлім. «Тез тап»

  6. Бөлім. «Назар аударыңыз»

  7. Бөлім. «Химсканворд»

  8. Бөлім. «Қорытынды»

10б-сынып оқушысы Оразбек Нұрдәулет 1994 жылы шілденің 15-жұлдызында туылған. Бос уақытында кітап оқумен, компьютер ойнаумен айналысады. Нұрдәулет: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» деген қанатты бсөзді әрқашан жадында ұстайтын үлгілі оқушы.

10б-сынып оқушысы Асан Фатима Асанқызы 1994 жылы туылған. Бос уақытында кітап оқып, теледидар көргенді ұнатады. Фатима: «Талапты тас жарар, талапсыз бас жарар» деген мақалды әрқашан ұстанатын биязы да, ұқыпты оқушы.

10б-сынып оқушысы Көпбосын Салтанат 1994 жылы қаңтардың сегізінші жұлдызында туылған. Бос уақытында кітап оқып, музыка тыңдағанды ұнатады. Салтанат «Кітап – алтын сандық, іші толған – қазына құт, оқы-оқы ойыңа тұт» деген сөзді әрқашан жадында ұстайтын ұқыпты оқушы.

10б-сынып оқушысы Пірімхан Ернар 1994 жылы тамыздың екінші жұлдызында туылған. Бос уақытында футбол ойнап, теледидар көреді. Ернар: «Білімді мыңды жеңеді, білікті бірді жығады» деген ұлағатты сөзді ұстанатын салмақты да, ұқыпты оқушы.

10а-сынып оқушысы Жақсыбай Ақбота 1993 жылы қыркүйек айының жиырмасына дүниеге келген. Бос уақытында кітап оқумен, қолөнермен айналысқанды ұнатады. Ақбота «Өз күшіңді сезінудің өзі – адамға күш береді» деген қанатты сөзді ұнататын өте ұқыпты оқушы.

10а-сынып оқушысы Даниар 1994 жылы туылған. Бос уақытында футбол ойнаумен, кітап оқумен айналысады. Данияр: «Қандай ауыр азапты бастан өткерсең де, адамдық абыройыңа дақ түсірме» деген нақыл сөзді әрқашан жадында ұстайтын ұқыпты оқушы.

10а-сынып оқушысы Рашидов Ислам 1994 жылы туылған. Бос уақы-тында спортпен шұғылданып, кітап оқумен айналысады. «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас» деген қанатты сөзді әрқашан да жадында ұстайтын алғыр оқушы.


1-бөлім. «Бәйге» сұрақтары:

  1. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?

  2. Денесінде қышқыл бар жәндік?

  3. Алғашқы көмекке пайдаланатын элемент?

  4. Қай химиялық элементті миллионер деп атайды?

  5. Отынсыз, электр қуатынсыз жұмыртқаны пісіруге бола ма?

  6. Қандай қышқылды шыны ыдыста сақтауға болмайды?

  7. Азот молекуласмындағы химиялық байланыстың түрі?

  8. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең ұсақ бөлшегі?

  9. Галогендер дегеніміз не?

  10. Тотығу-тотықсыздану реакциясы дегеніміз не?


2-бөлім. «Полиглот». Бұл бөлімде берілген мақал мен жұмбақтың шешуін тауып, қазақша, орысша, ағылшынша айтады. Толық ұпай20, жартылай ұпай 10.

1. Ел іші - ..... бесік. (алтын, золото, gold)

2. ...... қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады. (Болат, сталь)

3. Сыйлап берген .... да тәтті. (су)

4. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын .... жоқ. (темір)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа, воздух).

6. Қара таудың басында,

Киік кетіп барады.

Қол аяғы бауырына

Тиіп кетіп барады. (Туман, тұман)

7. Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын,

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың. (жаңбыр, дождь, rain)

8. Дұрыс пайдалансаң емдейді,

Бұрыс пайдалансаң мүгедек етеді. (мышяк, күшән)









30-(оң жақ). Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері үш аурумен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны тамағы бәрі бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған?

30-(сол жақ). Күнделікті тұрмыста алтыннан жасалған сәндік бұйым-дарға қандай зат әсер етеді?

30-(ортада). Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? Оның қандай әсері бар?
40-(оң жақ). «Түссіз көмір», «Сары көмір», «Жасыл көмір», «Көк көмір», «Көгілдір көмір» деп нені айтамыз?

40-(ортада). Қатты заттың бірден газға айналуы не деп аталады?

40-(сол жақта). Қай ғалым сыйлық ретінде 1 грамм алтын алған?

4-бөлім. Тікелей сұрақтар.

1-сұрақ. Құрметті ойыншылар) егер шарикті қалам болмаған жағдайда, шайдан қалай сия жасауға болады?

Жауабы: 2 г шайға 50 мл ыстық суды құйып, 30-40 минут су монша-сында қыздырады. Ерітіндіні сүзіп, тұнбаға 25 мл су қосып, қайнағанға дейін қыздырып сүзеді. 8-10 мл қалғанша буландырады, сонда қоңыр қою түсті сұйықтық пайда болады. Оған 2-валентті темір тұзын қосса, сия дайын, қоюландыру үшін 100-200 г қан қосады.

2-сұрақ. «Туған жердің қатар тасын мақтан ете білмеген адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» қай ғалымның сөз?

А) М.Жұмабаев. Б) Қ.Сәтбаев. В) Ә.Марғұлан.



3-сұрақ. Өздеріңізге белгілі табиғи газ түссіз, иіссіз. Ал тұрмыста қолданылатын газдың иісі бар. Неліктен?

Жауабы: Адамдардың қауіпсіздігін сақтандыру үшін, табиғи газдың құрамына сарымсақ иісті изопентантиол деген затты қосады.

4-сұрақ. Д.И.Менделеевтің ұстазы кім?

Жауабы: Воскресенский.
«Тез тап ойыны». Каротчкаға жазылған химиялық қосылыстардың фор-муласын көрсетіп, химиялық тілде және күнделікті тұрмыста қалай ата-латынын тез жазу.

  1. SiO2 – кремнезем, құм

  2. CO2 – көмірқышқыл газы, көміртек газы

  3. Na2CO3 – кір содасы

  4. NaHCO3 – ас содасы

  5. Na2CO3•10H2O – кристалды сода

  6. K2CO3 – поташ, сақар тұзы

  7. CaCO3 – бор, әктас, мәрмәр

  8. H2SiO3кремний қышқылы

  9. H2CO3 – кремний қышқылы

  10. K2SiO3 – калий силикаты

  11. Na2SiO3 – натрий силикаты


6-бөлім. Назар аударыңыз.

Халық емінің әдісі бойынша көпке созылған жаралардың бір түрі: оңған жиі-жиі құмшекер сеуіп тұру. Сонда жазылу антибиотиктермен емдегеннен 3-4 есе жылдамырақ жүреді. Сатушылар шебер пайдалнатын қанттың қандай қасиеті бұл жерде рөл атқарып тұр? (Қант суды ауадан ғана емес, микроағзалардан да тартып алып, олар содан тез өліп қалады).



Нильс бор атом құрылысы теориясы үшін 1922 жылы Нобель алтын медалін иеленді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Данияны немістер басып алғанда, ол оны жау қолына тимесін деп жойып жібереді. Ол оны қандай ерекше тәсілмен істеген. «Патша арағына ерітіп жіберген).
ХИМСКАНВОРД



Химсканворд кілті. Тігінен:

  1. Ас содасы – NaHCO3

  2. Су – H2O

  3. Құм – SiO2

  4. Сөндірмеген әк – СаО

  5. Сутек пероксиді – H2O2

  6. Натрий гидросульфаты – NaНSO4

  7. Озон – O3

  8. Тиосульфат – H2S2O3


Көлденең:

  1. Ас тұзы – NaCl

  2. Хлорлау қышқыл – НСlО

  3. Құрғақ мұз – CO2

  4. Озон – O3

  5. Пирит – FeS2

  6. Кремний қышқылы–H2OSі O3

  7. Күкіртті газ – SO2

  8. Натрий оксиді – Na2O

  9. Ацетилен – С2Н2


«Білімнің басы бейнет, түбі зейнет».

Химия – ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі

Қайғырмаңыздар қалсаңыздар ұтылып,

Жеңерсіздер кездесуде келесі.

Мен білсем, сіңілі, бауырым,

Химия сенің қолайың.

Жақсылап оқып жүріңдер,



Келтіріп бірде орайын.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет