D)Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан
E)Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
2.2-мәтін
Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ танылған. Ел
аузында ол кісі жөнінде
аңыз-әңгіме көп.
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің
ауылын шауып, сан мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары
ауылда болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден
жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден
туған алты ұлын алып, жауға
аттанғалы жатқанда Нұрила (Домалақ ана): «Байеке, малдың құты, жылқының иесі
– құла айғыр қолда қалды.
Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға
қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума,
азаматтар аман болсын, осы
тілегімді беріңіз», – деп, өз отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-құрық
тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін
алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп,
қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз
жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай
жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде, байлаулы тұрған
құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінепті. Сол күні
кеш шамасында
шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді.
Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде
отырып-ақ түгел қайтарып алса керек.
Достарыңызбен бөлісу: