1.Үй иесіне деген құрмет мәтіннің қай бөлімінде сөз болады? A)2
B)3
C)1
D)4
E)1,2
2.Мәтін мазмұнына алшақ ой A)Қонақтың қолына құманмен су құяды.
B)Қолды жуғанда сілкімейді.
C)Суды шай ішіп болған соң да құяды.
D)Ас ұсынудың ережесі бар.
E)Суды екі жігіт төрден бастап құяды.
3.Мәтіннің 1, 2-бөлімінде айтылған ой A)Қонақкәде салты
B)Ас ұсыну әдебі
C)Қолға су құю әдебі
D)Дастарқан әдебі
E)Шай құю дәстүрі
4.Мәтін мазмұнынан байқалатын қазақ халқына тән ерекше қасиеттер A)Ақкөңілдік, шешендік
B)Қонақжайлылық, ізеттілік
C)Естілік, көрегенділік
D)Талғампаздық, ақылдылық
E)Әдептілік, білімділік
2.5-мәтін Ғылым артық па, әлде мал артық па? Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ
болсаң, он түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі
шешенге:
– Ғылым артық па, әлде мал артық па? – деп оқыстан сұрақ қойыпты.
Сол мезетте шешен:
– Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым – әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал –
перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды
сен сақтайсың. Үшіншіден, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп.
Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң, арта береді, малды жұмсасаң, азая береді.
Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ береді.
Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, қағу керек.
Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне
қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал
болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады,
адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола берсе екен деп
16
дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал
мал өз иесінің көңіліне тәкаппарлық салады, – деп тапқырлық танытыпты.