Сыр сұхбаттың сырлы қонағы Шортанды №3 қазақ орта мектебінің өзін – өзі тану пәні бойынша, «Өзін – өзі тану махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы»



Дата11.01.2017
өлшемі28,45 Kb.
#7207
Сыр сұхбаттың сырлы қонағы

Шортанды №3 қазақ орта мектебінің өзін – өзі тану пәні бойынша, «Өзін – өзі тану махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндігінде 7 – сынып- тардың қатысуымен «Сыр сұхбат» бағдарламасы өткізілді. Сыр сұхбаттың сырлы қонағы, еңбек ардагері Кизаева Тукен Дамековна. Өмірден көргені мен түйгені көп, өмірлік тәжірибесі мол, еңбекке жан тәнімен берілген алып күш иесімен сырласуымыздың сыры да тереңде. Қонағымызды қарсы алмас бұрын оқушыларымыз, белгісіз қонағымызға қатысты жасырылған бірнеше сұрақтарға жауап бере отырып, Сарина Сабина тапқырлық танытып Кизаева Тукен Дамековна екенін атады. Осылайша оқушыларымыз ду қол шапалақпен, қошемет танытып Т.Д.Кизаеваны қарсы алдық. Жарқын жүзді, жылы шырайлы, мектебіміздің ұйтқысы, қамқоршы анамыздай болып әр ұстаздың, әр оқушының жүрегінде сақталған жан, көзімізге оттай басылды. Оқушыларымыздың ілтипатымен, Т.Д.Кизаевның мейірімге толы, сағынышты жүзі, анамен баланың риясыз махаббатын бейнелегендей көрініс танытты. Әрине олай болуына ешкімде таңқалмайды. Өйткені Т.Д.Кизаева Шортанды ауданында қазақ мектебінің құрылуына ұшаң теңіз үлесін қосқан батыр ұстаз. Сонымен қатар қазақ мектебінің тұңғыш директоры. Мектебіміздің жүрегі, тарихи тұлғасы, екендігін білеміз. Сырласуды бастамас бұрын оқушыларымызға Т.Д.Кизаеваның өмір баянынан қысқаша таныстыра отырып, өмірінің 40 жылдан астам уақытында еңбек етуден жалықпағанын жәнеде түрлі салада қызметтер атқарғандығы жайлы да таныстырылды. Өмірден көпті көрген білімді де білікті, тәжірибелі аға ұстазымызбен сырласуға асыққан оқушыларымыз көкейлерін тескен сұрақтарын қоюға кірісті. Оқушыларымыздың бірі - Адам өмірінің мәні туралы сұрақ қойса, бірі Адам бақыт үшін жаралған ба?, «Нағыз азамат» деген атқа ие болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек? немесе Балалық шағыңызды жиі еске аласызба? Балалық шағының қызықты сәттерінен айтып беруін өтінсе, Адам қай уақытта ата – ананың үмітін ақтай алады? Сіз өз ата – анаңыздың үмітін ақтадым деп ойлайсызба? – деген сияқты т.б таңғажайып сұрақтарымен сырласудың көрігін қыздыра түсті. Т.Д.Кизаева жасөспірім оқушыларымыздың қойған сұрақтарына өзінің өмір тәжірибесімен бөлісе отырып, мағыналы, тәрбиелік мәні зор ой – пікірлерімен, әңгімелерін айтып қызықтыра білді. Әңгіме барысында Т.Д.Кизаева әлі күнге дейін жүрегінің мектебім деп соғатынында жасыра алмады. Сонымен қатар қонағымыз, ұсынылған арнайы тапсырмаларды да мүлтіксіз орындады. Сырласудың соңында Т.Д.Кизаева түрлі сұрақтар қойған оқушылардың ішінен ең қызықты, өзін ең көп толғандырған сұрақты қойған 7 – сынып оқушысы Аманбек Асемге өзінің жүрек жарды ақ тілегін жазып қолтаңбасын естелікке ұсынды. Қонағымыз сыр сұхбат бағдарламасының өзіне қаншалықты ұнағанын, ұсынылған смайликтерді таңдай отырып, өз жүзімен бейнелеп көрсетті. Осылайша аса құрметті Т.Д.Кизаеваға, «Өмірден көрген қызығыңыздан, көрер қызығыңыз көп болсын, әліде қоғамға ерең еңбектеріңізбен биіктерден көріне беруіңізге шын жүректен тілектеспіз» деген тілек айтып, алтын уақытыңызды қыйып, оқушыларымызбен сырласып, ақыл- кеңесіңізді айтып, риясыз әңгімелеріңізбен бөліскеніне алғыс айта отырып, сыр сұхбаттан естелік ретінде сыйлықтар табыс етілді. Оқушыларымыз естелік ретінде Т.Д.Кизаевамен бірге суретке түсіп, мәре – сәре болып тарқастық.

«Өмірде көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дегендейін көзі ашық көкірегі ояу,көргені көп тәжірибелі адаммен жасөспірім жастағы балалардың кездесуі, сұхбаттасуы, олардың өмірге деген құштарлықтарын оятып, адамгершілікке жетелеп, еңбекқорлылыққа тәрбиелейді деп сенемін. Кейіпкердің риясыз әңгімесі оқушыларға рухани дем беріп, жалпы адам өмірі тек ғана қуаныштан немесе қыйындықтан тұрмайды, жақсы мен жаман, ыстық пен суық, ақ пен қара алма кезек болатыны сияқты өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда қиындыққа мойынсынбай сабырлы, шыдамды, төзімді болуды ұғындырды. Сонымен қатар «Адам» деген атқа лайықты өмір сүру, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білуге, адамға тән адамгершілік қасиеті бар салауатты саналы адам болып қалыптасуды сөзге тиек етіп, аянбай талмай еңбектенудің жемістіде, жеңістіде болатындығына көздерін жеткізді деп айталамын.

Шортанды №3 қазақ орта мектебінің

«Өзін – өзі тану» пәні мұғалімі

Мұрат Замира
Каталог: 53C42AF0B770A4F3
53C42AF0B770A4F3 -> 2015 – 2016 жыл 2015 2016 оқу жылындағы өзін-өзі тану пәні бойынша
53C42AF0B770A4F3 -> Сабақтың мақсаты мен міндеттері
53C42AF0B770A4F3 -> Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды №3 қазақ орта мектебі Математика пән мұғалімі: Асауй Жаркынгуль Тақырыбы: “Бала тәрбиесінің бас ұстазы – ата-ана” Мақсат
53C42AF0B770A4F3 -> 1.Қазақстан Республикасының Гимні
53C42AF0B770A4F3 -> Сабақ Тақырыбы: «Графикалық редакторының құрал саймандар тақтасы.»
53C42AF0B770A4F3 -> Информатика
53C42AF0B770A4F3 -> Сабақ барысында міндетті түрде алатын оқу мақсаты
53C42AF0B770A4F3 -> Қатысқандары: 1 Степной ом-5 мұғалім
53C42AF0B770A4F3 -> Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет