Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Мәдинеттің сұхбаттың табиғаты
Орындаған:Абдималик.А
Топ:Д.Я-905
Тексерген:Сайранбекова.Ұ.С
2020
Мәдинеттің сұхбаттың табиғаты
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе — мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма?.. Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді, жаңаны танысам деп талпынады.Көптүрлі мәдениеттер, олардың өзіндік құндылығы, бірегейлігі, бағалылығы және өз ара қарым-қатынасы, байланысы мәдениеттану негізінде жатыр. Сондықтан мәдениеттер сұхбаты (диалога) мәдениеттанудың бастауында тұр десек артық айтпаған болар едік.Диалог сөзінің шыққан тегі — көне грек тілі (соңғы уақытта қазақ тілінде жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарында «диалог» ұғымы «сұхбат» деп тәржімаланып жұр. «Диалог» сөзінің қазақша баламасы «сұхбат» болғандықтан, ол екеуінің қатар қолдануы немесе бірін-бірі алмастыруы орынды). Өзінің алғашқы мағынасында «диалог» — екі адамның әңгімелесуі деген мазмүнға ие болған. Сәл кейінірек диалог — кейіпкерлердің пікір алысуынан тұратын әдеби шығарманың түрі ретінде түсіндірілетін болды. Осы орайда көне грек философы Сократтың өзін қоршаған дос-жарандары, шәкірттері тіпті дұшпандарымен пікірталас ретінде өткізетін әңгімелесу стилін еске алайық. Онда ешбір кемсіту, мұқату, өзінің басқалардан ақылының көптігін алга тарту деген жоқ. Бұл әңгімелесу барысында жасы үлкен немесе лауазымы жоғары адам құрметке ие болмайды, ойлау қабілеті жогары, ақыл-парасаты биік адам құрметке ие болады. Адамдар қарым-қатынасының құндылығын ашып көрсетіп, сұхбаттың адам игілігіне жарайтын ұлы күш екендігін аңғарган тұңгыш философ Сократ болды. Кейін диалог ұғымы «екі адамның әңгімелесуі, сырласуы» деген тікелей бастапқы магынасының тар шеңберін бұзып шығып, қазіргі заман дискурсының, мәдени-әлеуметтік контексінің негізгі ұғымына айналып отыр. Бүгінгі таңда сұхбат адамның және адам іс-әрекетінің жемісі — мәдениеттің болмыстық сипаты ретінде кең магынада қарастырылуда. Жалғыз басты, өзімен өзі ғана шектелген адам баласының болуы мүмкін емес. Адам і жасампаздығының қайнар көзі — адамның басқалармен бірлесе өмір сүруінде жатыр. Сондықтан мәдениет те тек мәдениеттер сұхбаты ретінде тіршілік ете алады.Сұхбат адамның, мәдениеттің «өзіндік» шекарасынан шығу қажеттілігін қамтамасыз етеді, өйткені адам да, мәдениет те өзіне өзі тепе-тең емес, өзімен өзі ғана шектелмеген дүние. Адамның да, мәдениеттің де болу мүмкіншілігі тек «шекаралық жағдайда» жүзеге асады. Адамның басқа адаммен, мәдениеттің басқа мәдениетпен сұхбаты, қарым-қатынасы негізінде ғана бұл әлемдегі бар құндылықтар дүниеге келеді. Әрбір басқа адам, әрбір басқа мәдениет мен үшін маған тепе-тең, пара-пар, сайма-сай ғана емес, сонымен қатар, менің өзіндік болмысымның көкжиегін кеңейтуші күш.«Мәдениетті мәдениеттер сұхбаты ретінде түсіну қажет (бұл — тавтология емес, бұл —мәдениет анықтамасының спиралі). Мәдениетті жеке тұлғалар сұхбатының бір түрі ретінде қарастыру керек...»[10]. Адам санасы оның өлеуметтік болмысының жемісі ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана — мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Ал мидың қос жартышарларының ақпарат қабылдаудың, сараптаудың қос тәсілінен, қос әдісінен тұратындығы белгілі. Яғни біртұтас мидың өзінің сананы тудыруы үшін екі қарама-қарсы бөлікке бөлінуі қажет болған. Сол өзгешелікке негізделген қос бөліктің қарым-қатынасынан туындайтын сананың өзі де о бастан («іштей туа») сұхбатты. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек. Сұхбат адамдардың бір-бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол дегеніміз адамдардың қатынасы. Тіпті бір ауыз сөз айтылмаса да, ешбір мағлүмат алынбаса да сұхбаттың болу мүмкіншілігі бар, өйткені сұхбат — ішкі, көрер-көрінбес өрекеттің бір-біріне бағышталғандығы. Әлемдегі болып жатқан оқиғалардың, табиғаттағы орын алған құбылыстардың бөрін де мен өзіме бағышталған, өзімнен жауапты әрекет күтетін нышан деп қарастыруым керек. Тек осындай тұрғыдан ғана сұхбатта болу мүкіншілігім бар. Әлемдегі адамдардың бәрі бірдей емес, сол сияқты олардың сұхбатта болу мүмкіншіліктері де әртүрлі, дүрысырақ айтсақ, өзіне берілген сұхбаттық мүмқінщілікті әркім әрқалай пайдаланады, кейбіреуі тіпті пайдаланбайды десе де болады. Сұхбаттың үш түрі бар: шынайы сұхбат; техникалық сұхбат; сұхбат болып танылуға тырысқан монолог (М. Бубер).М. Бубердің айтуынша, сұхбаттың бірінші түрі өмірде өте аз кездеседі, бірақ болашақта, мұратта соған жетуіміз керек. Ал сұхбаттың екінші түрі біздің қазіргі «тіршілік ету тәсілімізге» сай келеді. Үшінші түрдегі сұхбат... оны өміріміздің әр саласынан көптеп кездестіре аламыз. Бірін-бірі тыңдағансып, жайбарақат қана өз монологының шеңберінен асып ештеңені қабылдамайтын «көпшілік» құбылысы — қазіргі өмірдің ақиқаты. «Сұхбаттағы өмір дегеніміз көп адамдармен істес болу деген сөз емес, көп адамдармен істес бола түрып шынында да солармен бірге болу!»[11].Жалғыз өзің тау басында түрып та өзіңді жалғыз сезінбеуің, ал бет-бейнесіз көпшілік арасында отырып жалғыздықтан жаныңның құлазуы да мүмкін. Шынайы сұхбат басқаларды көзіңмен көріп, солардың даурыққан даңғылын естуден басталмайды, шынайы сұхбат жаныңның терең түкпіріндегі «Басқаға» деген құлшынысыңнан, «Басқаға» деген сүйіспеншілік сезімінен басталады. М. Бахтин талдауларының бәрінде де сананың о бастан сұхбаттылығын тұжырымдады. Платонның ойлау дегеніміз адамның өз-өзімен сұхбаты, әңгімелесуі деп түсінгенін, Канттың ойлау адамның өзін-өзі тыңдауынан пайда болады дегенін еске ала кететін болсақ, М. Бахтиннің сананың алғашқыда-ақ сұхбатқа негізделгендігі туралы тұжырымы бізге жаңашыл болып көрінбесе керек. Бірақ алғашқылардың анықтамаларында диалогтан гөрі монолог туралы сөз болатын сияқты. Ал М. Бахтин үшін сананың болмыстық диалогтығы оның «Басқа», «Сен» сияқты «Менің» коррелятымның болуына арқа сүйейді.Мәдениет — сұхбаттық мүмкіншілігі ұлан-асыр ашық құндылықтар жүйесі. Мәдениеттің болмыстық сұхбаттылығының негізінде мүмкін болған мәдениеттер сұхбатын адамдар арасындағы диалог іспеттес қарастыруға болады ма? Иә, өйткені мәдениет адамның белсенді іс-әрекетінің, еркін шығармашылығының, огіың өзіндік ішкі мәндік қасиетінің көрінісі. Мәдениет — адамның шығармашылығының нәтижесі болғандықтан да тікелей адам іс-әрекетімен байланысып жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасының жемісі болып табылатын барлық нәрселер сияқты мәдениет те өз бойына тұлғалық бастаманы сыйғызады.Сұхбат адамдардың белгілі бағыт-бағдарлы рухани ісәрекетінің көрінісі болғандықтан ол екі немесе бірнеше ерен интеллектуалдық позициялардың ара қатынасынан туындайды. Сұхбат барысында біреудің ғана қөзқарасы дұрысталып, екіншісі қалып қояды деп түсінбеу керек, сұхбат екі түрлі адам-дардың екі түрлі көзқарастарының ортақ нүктесін табады, оларды алыстатушы емес, жақындастырушы позицияны қалыптастырады.Диалог — адамдардың ортақ тіршілігінің антитоталитарлық формасы. Диалог әуелден плюрализмнің — индивидтердің қоғамдық өзін-өзі айқындауының көп түрін, әртүрлі мүдделердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, өмірлік стильдердің болуын өзіне алғы шарт деп табады. Әлеуметтілік саласында сұхбаттылықты тарату гуманизмді, яғни әрбір адам¬ның, әрбір мәдениеттің дамуга бірдей құқын мойындауды білдіреді.Мәдениеттер сұхбаты концепциясы — мәдениеттанудың бастаушысы.Мәдениеттану адамның басқа мәдениеттермен, ондагы өзі секілді адамдардың ділінің, логикасының өзіндік ерекшеліктерімен белсенді сұхбатқа түсу дегенді білдірсе керек.Тарих мәдениеттер сұхбатының өзіндік мәдени түрлер тудыруға тигізген жағымды әсерлерін көптеп мысал ете алады. Мысалы көне грек мәдениеті. Ол мәдениет басқа мәдениеттермен салыстырғанда басқаларға үлкен ықпал ете білген мәдениет. Көне грек өмір салтының, ойлау стилінің ерекшелік сипаты оның «агоналдығында», яғни жарысушылық, бәсекелестік рухында. Полистік демократия сұхбаттылық ойлау тәсілін қалыптастыруға көп эсер етті. Көне гректердің басқа елдермен саудасаттық, кеме жолы байланыстары гректердің танымдық көкжиегін кеңейтті. Финикиялықтардан алфавиттік жазу өнерін қабылдап, халдей-вавилондық астральды дүниетанымды игеріп, Мысырдың өнері мен бай мифологиясын мұра етіп, Иранның этикалық ойына төнті болып, көне Шығыстың эзотерикалық ілімінің даналығын мойындап, көне Греция соның бәрін жинақтай келе өз алдына болашақ европалық мәдениеттің қара шаңырағы бола білді. Қазақ мәдениетінің өн бойына дарыған қарым-қатынас, араластық культі қазақтардың ешкімге ұқсамастай кеңпейілділігін, қонақжайлығын қалыптастырады. Қазақтар қарым-қатынас, ара л асу барысында өзіне, өзінің Меніне, өзінің позициясына көп мағына бермейді, Басқаның, сұхбаттасушысының көңілін аулайды. Әрбір сұхбаттың, әрбір қарым-қатынастың мәні қазақтар үшін Басқамен үйлесімділікке жетіп, Басқаның тілін табуда. Сөз жоқ: біздің баршамыз өр түрліміз. Түр өзгешелігі диалогтың алғышарты екендігі де рас. Мәдени өлеуметтік көп түрлілік жағдайында гуманизм — адамның жеке тұлғасының шартсыз құндылық екендігін мойындау әлемдегі бірлесе тіршілік етудің жалғыз дұрыс жолы болып табылады.Мәдениет өзінің көптүрлілігімен және мүмкіншілік молшылығымен құнды. Бүгінгі таңда әлемде көптеген діни бірлестіктер, секталар, конфессиялар және одан да мол тілдер, ұлтгық мәдениеттер кездеседі. Қазіргі күні дін қандай жолмен дамиды, діннің мәдениеттің басқа салаларымен ара байланысы қай түрде жүргізіледі деген сұрақтарға біржақты жауап табу қиын. Ең бастысы, қай елде болмасын, қай мәдениетте болмасын ар-ождан еріктілігі қамтамасыз етіліп, басқа дінді ұстанушыларға төзімділік танытылса және де діндер «жабулы қазан» күйінде қалмай, бір — бірімен тепе-тең сыйластық рухындағы сұхбатқа түссе болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |