Саржала батыр мал жинап, дәулет асырып, байлықты мақсат етпеген. «Байлық -
мұрат емес, жоқтық - ұят емес» деген қағиданы ұстанып, өмірін,
қайрат-қабілетін
қара халықтың дұшпандарымен күрес жолына жұмсаған адам.
Саржала батырдың үш баласы болған, бірақ бұлардың ішінде асқан қайрат иесі,
ақыл-парасаты кең, халық ұлы атанардай, әкесінің жолын қуардай ешкім
болмаған.
Саржала батыр сексеннен асып тоқсанға жақындағанда: «Апырмай, тәңірім өзіме
теңдес
бір ұл бермеді-ау, өмір бойы ұстаған мақсат-мүддемді кім жалғастырар
екен! Мына сауыт-сайманым шіріп далада қалар ма екен?» - деп қалың ойға батып
жүреді.
Бір күні жолдас-жораларымен ат үстінде келе жатып, қаперсіз ойнап жүрген көп
баланың үстінен шығады.
Қару-жарақтарын асынып, суыт жүрген, сатырлап қыр
астынан қапелімде шыға келген батырлар балалардың зәресін ұшырып, қатты
қорқытады. Қорыққан балалар тым-тырақай қаша жөнеледі.
Тек бір бала ғана
орнынан қозғалмай, бұқа болып өкіріп, топ алдында келе жатқан Саржала
батырдың атының басына топырақ шаша бастайды. Бұндайды бұрын-соңды
көрмеген батырдың арғымағы да, басқа аттылар да бұрылып кетеді.
Анадай жерге
барып, атының басын тежеп Саржала батыр: «Апырмай, мына баладан ерен бір
қасиет байқағандай болдым-ау! Осы баланың үйін сұраңдаршы, солай қарай ат
басын бұрайық», - дейді серіктеріне.
Баладан үйін сұрап батырлар сонда барып түседі. Бұл үй Тайман ақсақалдың
шаңырағы болып шығады. Жаңағы батырлардың атын үркіткен Тайманның төрт
баласының бірі - Исатай екен. Тайман ақсақал келген батырларды жібермей, ас-
суын беріп,
барышна қонақ етеді, әңгіме-дүкен құрады. Сонда Саржала батыр
Тайманға: «Ас-суыңызға Алла риза болсын, сіздің үйге қонақ болайық
деп келген
жоқпыз, мына балаңыз үшін келдік», - деп манадан бері қонақтардан көз алмай
отырған шалдың Исатай дейтін баласын нұсқап көрсетеді. Сосын үстіндегі сауыт-
сайманын шешіп, керегенің басына іліп: «Тура биде туған жоқ» деген бар. «Өз
балаларым ренжи қоймас. Менің сауыт-сайманыма өскенде осы бала Исатайжан
ие болар», - деп қолын жайып батасын беріп, Саржала батыр жүріп кеткен екен.
Достарыңызбен бөлісу: