I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


-мәтін  Қызыл кітап атауы қайдан шықты?



Pdf көрінісі
бет204/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

2-мәтін 
Қызыл кітап атауы қайдан шықты? 
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп, 
табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да 
адамзат қолдан жасады. Ол - «Қызыл кітап»... Бізге «Қызыл кітаптың» неге дәл 
солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс? 
Халықаралық табиғатты қорғау одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар 
тіршілікті қорғауға алды. Бір жылдан соң сирек кездесетін түрлерді қорғайтын 
комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында 
тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді және 
оларды бір кітапқа топтастыру болатын. 
Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар 
салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. 
Ең алғашқы «Қызыл кітап» 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты 
қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын. 
Қызыл түс - әу бастан қауіптің белгісі. «Қызыл кітап» өмірлері қыл 
үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. «Қызыл кітапқа» енген 
тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып 
бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп 
бөлінеді. 
«Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» бар немесе қара тізім. Жер бетінен 
мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапқа хатталып қалған. 
3.Мәтін мазмұнындағы «Қызыл кітапқа» енген тіршілік түрлерінің саны 
A.

B.

C.

D.

E.

4.«Қара кітапқа» хатталғандар 
A.
Жойылып кеткен тіршілік иелері 
B.
Жойылып бара жатқан түр 
C.
Анықталмаған тіршілік иелері 
D.
Қысқарып бара жатқан түр 
E.
Сирек кездесетін тіршілік иелері 
5. қорғау үшін жасалған жұмыстың нәтижесі 
A.
Халықаралық одақтың жанды тіршілікті қолға алуы 
B.
Қызыл кітаптың жарық көруі 
C.
Кызыл түстің таңдап алынуы 
D.
Комиссияның құрылуы 
E.
Комиссияның кызметі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет