I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы



Pdf көрінісі
бет68/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

4.Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы 
A)Атеросклероздың алдын алады 
B)Иекті қатайтады 
C)Шөлдетпейді 
D)Зат алмасуын реттейді 
E)Бауыр жұмысын реттейді 
5.Құрт қасиетіне жатпайтын нұсқа 
A)Кептірілген сүт өнімі 
B)Бие сүтінен жасалады 
C)Кальцийдің көзі 
D)Шөлден құтқаратын қасиеті бар 
67


E)Ақуызға бай тағам 
6.Екі мәтінге ортақ атауды табыңыз 
A)Құрттың пайдасы 
B)Құрттың түрлері 
C)Құрт түйіршіктері 
D)Сүт тағамдары 
E)Құрттың жасалуы 
7.Құрттың бала ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беретін мәтіннің қай 
бөлігі? 
A)Бірінші мәтіннің I бөлігінде 
B)Екінші мәтіннің II бөлігінде 
C)Екінші мәтіннің алғашқы бөлігінде 
D)Бірінші мәтіннің II бөлігінде 
E)Бірінші мәтіннің III бөлігінде 
8.Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз 
A)Құрттың қанша түрі бар? 
B)Құрттың балалар үшін қандай пайдасы бар? 
C)Құртты жылдың қай мезгілінде жеген пайдалы? 
D)Құрт қалай жасалады? 
E)Құрттың жасы ұлғайған кісілер үшін пайдасы бар ма? 
4.2-мәтін 
1.Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін-бірі 
танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-
саулық сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. 
Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге 
жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі 
жұмсақ сырт киім болған. Түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, 
буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады. 
2.Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, 
байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, 
сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы 
малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас 
бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені 
ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. 
Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта 
жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, 
ақбоз, боз, көк, шұбар т.б. 
3.Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, 
қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды 
кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге 
жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп 
жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, 
сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп 
мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып 
есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, 
дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде 
пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді. 
4.Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың 
сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-
ықыласы мол-ақ. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қадірлі. 
Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды 
68


бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні 
қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп 
бөледі. 
5.Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, 
онда мал көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте 
орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының 
жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой 
жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған 
шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да қайнатып, емге 
пайдаланған. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де 
«құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет