I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет24/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


3. 
Мәтіннің қорытынды бөлімінде 
әкенің қай қасиеті корінеді? 
A) Бірбеткейлігі 
B) Ойшылдығы 
C) Қаталдығы 
D) Қарапайындылығы 
E) Даналығы 
5.Мәтін  мазмұнына  қатысты  мақалды 
табыңыз 
A) Жамандықты көп қусаң, құтылмас пале 
жолығар 
B) Атасын сыйлаған абыройға бөленер 
C) ұяда не көрсең, үшқанда соны ілерсің 
D) Әркімнің шыққан тауы биік 
E) Ақылды мақтанса, істі тындырар 
4.Әкесі Қасымға неліктен қынжылды? 
A) Тентектігіне 
B) Сотқарлығына 
C) Жалқаулығына 
D) Жалғандыққа құмарлығына 
E) Мақтанқұмарлығына 
 
6. 
Неліктен Қасымнын беті қызарды? 
A) Күннің ыстықтығынан 
B) Қатты шаршағанынан 
C) ұялғандығынан 
D) Ентігіп жұгіруінен 
E) Өзінің ұяңдығынан 
 
Ескі  замандарда  бір-бірін  қатты  жақсы  көретін  өте  бауырмал  екі  ағайынды  болыпты. 
Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген, бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ 
екен. Екеуінің ортақ егіс алкабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге 
бөлісіп күнелтеді, 
Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орын, өнімді екіге бөледі Кейін екеуі өз 
үлестерін үйлеріне тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында қүте тұр, мен 
қаптарды алын келейін», - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», - деп астық басында қалады. Халил 
қаптарды  алып  келуге  кеткенде  інісі  ойланады:  «Ағам  үйленген,  бала-шағасы  бар.  Маған 
қарағанда  оған  бидай  көбірек  керек»,  -  деп,  өзінің  үлесіндегі  бидайдың  бірнеше  күрегін 
ағасының бидайына қосып кояды. КейІн ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды 
алдымен сен баста», - дейді. Ибраһим: «Жарайды», - деп бір қапты толтырыл, алып кетеді, Ол 
кеткен кезде ағасы ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ, Оған 
әлі көп жүмыс істеп, ақша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», - деп, өзінің бидайынан біраз 
күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы 
да оның үлесіне қосып қояды, Ағасы да өз кезегінде бірнеше құрек інісінің бидайына тастап 
отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да, ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары 
болмайды.  Соңында  кеш  батып,  күн  қараяды.  Ал  бидайдың  таусылатын  турі  жоқ,  тіпті 
азаймайды да. 
7. 
Халил мен Ибраһимнің 
екеуіне де тән қасиет 
A.  Болжай білгіштік 
B.  Сақтық 
C.  Жанашырлық 
D.  Сыншылдық 
E.  Үнемшілдік 
 
9.Ағайындылар қандай 
жұмыспен айналысады? 
A.  Бау-бақша салады 
B.  Диқаншылықпен айналысады 
C.  ұн шығарады 
D.  Диірмен тартады 
E.  Бидай сатады 
11.Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
8. 
Халил әрекеті арқылы 
автор нені айтқысы келді? 
A.  Қанағатшыл болуды 
B.  Адал болуды 
C.  Жомарт болуды 
D.  Жайдары болуды 
E.  Еңбекқор болуды 
 
10. 
Автордың мәтінді жазудағы 
максаты қандай? 
A.  Адал еңбек етуге шақыру 
B.  Кәсіппен айналысуға шақыру 
C.  Қайырылымдықты дәріптеу 
D.  Достықты үлгі ету 
E.  Көркем мінезді үлгі ету 
A.  Көп ақымақтың ағасы болғанша, Көп ақылдының інісі бол. 
B.  Жақсы жұмыс - жанға тыныс. 
C.  Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды,Жер - қазына саусаң да таусылмайды. 
D.  Еңбегің қатты болса,Татқаның тәтті болар. 
E.  Ағасы бардың жағасы бар,Інісі бардың тынысы бар. 
12. 
Ибраһим неліктен бидайды ағасының қабына салды? 
A.  Ағасы өтініш жасағандықтан 
B.  Ағасы өзінен үлкен болғандықтан 

153 
 
 
C.  Ағасы отбасын асырай алмағандықтан 
D.  Ағасына көмектескісі келгендіктен 
E.  Ағасының бай болғанын қалағандықтан 
 
1.Келешекте Қытай әлемдегі жеті кереметтің бірі болып саналатын қорған-кабырғаларымен 
қатар, пирамидаларымен де мақтана алады. Сонда Қытай пирамидасы қандай? 
2.1945 жылы кектем айында американдық әскери ұшқыш Джеймс Гауссман Орталық 
Қытайдың Циянь шаһарына жақын жердегі Кин-Линь-Сян тауының үстінен ұішып бара 
жатып, тау аңғарларының ішінен керемет бір кұрылысты көрІп калады. Ұшқыш ойланбастан 
ғажайып ғимаратты суретке түсіріп алады. Бірақ ол дәл сол кезде, адамзат үшін белгісіз 
болып келген, құпия пирамиданы тапқанын білген жоқ. Пирамиданың биіктігі 300 метр, ені 
500 метр еді. Бүл деігенміз, бүгінгі күні тамсанып жүрген Мысыр пирамидаларының ең 
үлкені, ¥лы ғимарат саналатын Хеопстен екі есе үлкен. Хеопстің биіктігі 148 метр ғана. 
Алайда Джеймс Гауссман түсірген сурет Американың әскери мүрағатында кенеттен із-түссіз 
жоғалып кетті. Қолды болды ма, қайда кетті, ешкім білмейді. Мұны «пирамиданың 
құпиялығын сактау үшін қытайлардың өзі ұрлап алды» деген де болжам бар. 
3.Қытай билігі мен археологтары «ондай ежелгі қүрылыстар біздің аумақта жоқ, болған емес» 
деп қанша жалтарса да, тағы бір жаңазеландиялық үшқыш Брюс Кати әлгі қүпия 
пирамидаларды I960 жылы тағы да кездестірді. 
Ол өткен ғасырдың басында осы аймақта болған екі австралиялық саудагердің күнделігін 
тапқан. Күнделікте саудагерлер Қытайдың Шэнси өлкесінде алып пирамидаларды көргенін 
жазып қалдырыпты. Жазбаларға қарап отырып Брюс Кати бір емес, тұтас пирамидалар 
қалашығын жасап шықты. Пирамидалардың саны 17 екен. Тұтас қала деуге болады. Бүл қай 
кезде түрғызылды, қаңдай максатта? Бұл жағы - құпия, белгісіз. Және шетелдіктердің ол 
жаққа баруына тыйым салынған. Дегенмен, бұл өңірге 1994 жылы наурыз айында Гартвинг 
Хаусдорф деген австриялық саяхатшының жолы түсті. Ол бұл аймақтан ірі алты пирамида бар 
екенін байқаған. Сол жылы тағы да осы өңірге келген Хаусдорф жасырын түрде бейнетаспаға 
18 минуттық фильм түсіріп алды. Үйге келіп бейнетаспаны қайта көріп, сарапқа салған ол 
2000 шаршы шақырым жерде жүзге тарта пирамида бар екенін көріп таң-тамаша болды. 
4.Жалпы, ескі қытай аңызына қарағанда, бұл пирамидаларды бөгде планетадан келгендер 
тұрғызған керінеді. Сондай-ақ бұл нысандар бұдан 5000 мың жыл бұрын тұрғызылған деген 
дерек бар. Сол кезде осы аймақтың императорлары өздерін «көктен темір айдаһар мініп 
түскен тіршілік иелерінің үрім-бүтағымыз» деп жүртқа айтып отырған. Онымен қоймай, олар 
«темір айдаһар мінгендер тағы да айналып соғады» деген де ойда болған. Ертеде 
түрғызылған бұл ғимараттар нені білдіреді? Жүздеген пирамиданың биіктігі 25-100 метр. 
Көлемі де сондай. Тек Цзя Линь өзенінің жағасындағы пирамида ғана ең үлкені болған. 
5.Оның үлкендігі жоғарыда айтылды. Оны қытайлықтар «¥лы Ақ пирамида» дейді. Бір 
қызығы, қытай пирамидалары Мексика мен Гватемаладағы пирамидалардың сыңары секілді, 
өте ұқсас. Сонда оларды да 
салған «аспан ұлдары» ма екен? Рас, Қытай пирамидаларының қүпиясы Мысыр 
пирамидаларынан кем емес. Сыры әлі ашылған жоқ. Қытай өкіметі ол өлкені жабық аудан 
ретінде қарастырып отыр. Айтар уәжі: «ол жерде жер серігін ұшыратын әуежай бар. 
Сондықтан бөгде адамдардың ол алқапқа баруына болмайды» деседі. «Ол пирамидаларды 
қазып неге зерттемеске?» деген сауалға қытайлықтар «бұл болашақ ұрпақтын несібесі, 
солардың үлесіне қалдырдық» деп қысқа-нүсқа жауап береді. Heгe қазір емес, неге 
болашакта? Оның не құпиясы бар? 
 
13. 
Мәтінге лайықты атау 
A) Қытай пирамидалары 
B) Пирамида зерттеушілері 
C) Кытай аңызы 
D) Мысыр пирамидалары 
E) Хеопс пирамидасы 
14. 
Брюс Кати пирамидаларды қалай 
зерттеді? 
A) Алыстан байқау арқылы 
B) Бейнетаспаға жазу арқылы 
C) Суретке түсіру арқылы 
D) Жазбаларды зерттеу арқылы 
E) Өз көзімен көру арқылы 

154 
 
 
15. 
Қытай пирамидалары ең бірінші 
рет қай уақытта суретке түсірілді? 
A) 1945 ж. қыста 
B) 1960 ж. көктемде 
C) 1945 ж. жазда 
D) 1945 ж. көктемде 
E) 1994 ж. наурызда 
16. 
Қытай пирамидалары туралы 
ең көп мәлімет жинаған кім? 
A) Австриялық саяхатшы 
B) Австралиялық саудагерлер 
C) Жаңазеландиялық ұшқыш 
D) Қытайлық ғалым 
E) Американдық әскери ұшқыш 
 
17. 
«¥лы Ақ пирамиданың» 
көлемі қандай? 
A) Қытай пирамидаларынан екі есе үлкен 
B) Гватемаладағы пирамидалардан кішкене 
C) Керемет ғимарат Хеопстан екі есе 
кішкентай 
D) Ең үлкен Мысыр пирамидасынан екі есе 
үлкен 
E) Мексика пирамидаларымен бірдей 
 
18. 
Қытай аңызына қатысты 
мәлімет берілген азатжол 
A) Төртінші 
B) Бірінші 
C) Екінші 
D) Үшінші 
E) Бесінші 
 
19. 
Қытай пирамидалары туралы ежелгі 
болжамдар нешінші азатжолда 
айтылған? 
A) БірІнші 
B) төртінші 
C) Үшінші 
D) Екінші 
E) Бесінші 
 
20. 
Хеопстен екі есе үлкен пирамида 
көлемі 
A) Биіктігі - 300, ені - 500 
B) Биікгігі -100, ені - 25 
C) Биіктігі - 148, ені - 500 
D) Биіктігі - 300, ені - 400 
E) Биікгігі - 300, ені — 550 
 
1174 нұсқа 
1-мәтін 
Ғұмыр  бойы  бақыты  болғың  келсе,  адал  бол,  асып  қасиет  те,  асыл  мінез  де  адал  адамдарда 
болады. «Адал арың — ақ мамық жастығың»,-дейді халқымыз. Адал адам дегеніміз - жаллының 
игілігіне  өмір  сүру,  ортақ  мүддеге  бола  жеке  мүдені  құрбан  ету.  Адалдық  дегеніміз  -  ашық, 
шынайы  қарым-  қатынас.  Әрқашан  ойыңдағы  шындықты  айтуға  әзір  тұр,  сонда  арам 
пиғылдылар  да  сенен  аулақ  қашады.  Егер  өзі  алдамшы  алаяқ  болмаса,  ешкім  алаяқтармен 
таныс-біліс болуды сүймейді. Олардан аулақ жүреді. Адал адамды қудалауға болар, бірақ ардан 
ада  етуге  болмайды.  Адал  адам  арын  сақтай  біледі,  одан  айырылмайды.  Әр  уақытта  адал 
болыңдар. 
1. 
Мәтінде не туралы айтылған? 
A) Адамның касиеті 
B) Адамның дәулеті 
C) Адамдар достығы 
D) Адамның білімі 
E) Адамның енбекқорлығы 
2. 
Мәтіндегі негізгі ойға қай 
мақал сәйкес келеді? 
A) Сыпайы сырын жасырмайды 
B) Ақылдының алдымен жүр. 
C) Ойын сөзге шын төре 
D) Талапты ерге нұр жауар 
E) Ала жіпті аттамағанның абыройы биік 
 
 
Әлемдегі ең үлкен шөл - 9 000 000 шаршы км аумақты қамтитын Сахара шөлі. Бұл құмды шөл 
Солтүстік  Африканың  бүкіл  жазығын  апып  жатыр.  Туаректік  диалектіде  «Сахара»  сөзі  «шөл» 
деген мағынаны береді, 
Құмды,  шөлейтті  аймақтың  жаз  мезгіліндегі  температурасы  58  градусқа  дейін  көтеріледі,  ал 
қыста 15-28 градус аралықты ұстап тұрады. Шөл даланың кейбір бөліктерінде бірнеше жылдар 
бойы жаңбыр тамшысы тимеген жерлер де бар. 
Сахарадағы жалғыз су көзі - Ніл өзені. Шығысқа қарай ағатын аталмыш өзен құмды аймақтың 
басым  бөлігін  басып  өтеді,  Дегенмен  Сахараның  кей  бөлігінде  ылғалды  алқаппен  жер 
астындағы  бұлақтан  шығатын  құдық  бар.  Бұл  ерекше  құмды  аймақта  жол  талғамайтын 
көлікпен  серуендеуге  келген  туристер  үшін  арнайы  бөлімшелер  орналасқан.  Сахара  шөліңде 
құмға ағаштары мен дәмі тіл үйірер жүзім өседі екен. 
Құмды  аймақта  Тегази  деп  аталатын  қала  бой  көтерген.  Мұндағы  үйлер  тұзды  тастардан 
салынған. Бұл қала - ғаламшарымыздағы сусыз, кұрғақ, шөлейтті орындардын бірі. 

155 
 
 
Орг-эр-равиден келетін керуеншілер ылғалды алқап жақын маңда деп ойлап сағымның 
құрбанына айналып жатады. 
3. 
Мәтінге атау беріңіз 
A) Сахара ағаштары туралы 
B) Онтустік Африка 
C)  Тегази қаласы туралы 
D) Сахара шөлі туралы 
E) Ніл өзені туралы 
4. 
Қай сөйлем екінші азатжолдың мазмұнына сәйкес? 
A) Суы жоқ аймақ болса да күрма жемісі өседі. 
B) Даланың біраз аймақғарында жауын жаумаған жерлер кездеседі. 
C) Керуеншілер су іздеу барысында сағымға алданады. 
D) Құмды аймақтарда жол талғамайтын көлікпен жүруге болады. 
E) Ең үлкен аймақты қамтитын жер - Сахара шөлі. 
 
5. 
Мәтін қандай үлгіде жазылған? 
A) Көзқарас негізінде 
B) Болжам негізінде 
C) Пікір негізінде 
D) Талқылау негізінде 
E) Ақпаратық үлгіде 
6. 
Мәтін 
мазмұнының 
реттілігін 
көрсетіңіз. 
1.Шөлдегі ауа райы. 
2.Сағым құрбаны. 
3.Шөлдегі құрылыс. 
4.Сахара шөлі, 
5.Су - тіршілік көзі. 
A) 5.3.4.2.1. 
B) 3.5.2.1.4. 
C) 2.4.1.3.5. 
D) 1.2.3.4.5 
E) 4.1.5.3.2 
 
 
Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Қүнгей беті тақырлау. Өрге 
тырмысып,  жотаның  төбесіне  қарай  өрмелеген,  таспадай  тартылған  жалғыз  аяқ  жолдың 
жағасында бармақтай-бармақтай шілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен 
алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді. 
-Сонша қадалып, қайда қарап тұрсындар? - деп сұрады гұлдерінің желкесіне өрмелеп 
шығып алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ кұмырсқа. 
-Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кееп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда 
барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз. 
-Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп -тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат 
секІлді. Шөбі де кою, құйқадай ұйысқан. 
-Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның 
басқан жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз. 
-Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойындар. 
-Е, неге, біз де жол тауып алайық та. 
-Гүлдер  ұшпайды,  орнында  тұрып  тұқым  себеді.  Сол  тұқымы  келесі  жылда  көктеп, 
үрпағы  тарайды. Ал гүлдің ұшқаны  - өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында 
жаншылып жатады. 
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау 
айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді. 
Жұддыздар төніп, 
Қадала жерге қарайды. 
Жарығын тегіп, 
Бақытқа соны балайды. 
Үмітке теліп, 
Телміртіп тұрды талайды. 
Алайда  гүддер  қызыл  қанат  көбелек  ұшып  кеткен  кеңістіктен  көз  алмайды.  Әлдеқандай  бір 
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес. 
7. 
Мәтіннің стилі 
A) Ресми іс қағаздар 
B) Ауызекі сөйлеу 
C) Публицистйкалық 
D) Көркем әдебиет 
E) Ғылыми 
8. 
Гүлдердің армандауына себеп 
болған не? 
A) Қарағай 
B) көбелек 
C) Құмырсқа 
D) Жұлдыздар 
E) Жел 

156 
 
 
9. 
Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттің камын жеп, босқа әуреленбей- ақ 
қойыңдар» деген сөздері кандай мақсатпен айтылған? 
A) Көңілін көтеру үшін 
B) Қанаттандыру үшін 
C) Жігерлендіру үшін 
D) Қол ұшын беру үшін 
E) Босқа үміттендірмеу үшін 
10. 
Мәтіннің тақырыбына лайық атау 
A) Орындалған арман 
B) Гүлдер айтысы 
C) Қызыл канат көбелек 
D) Қызғаншақ кұмырсқа 
E) Арманшыл гүлдер 
 
12.Мәтіннің тақырыбына сәйкес мақал-мәтел 
A) Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді 
B) Арманның үлкен, кішісі болмайды 
C) Таң атпаймын десе, күн қоймайды 
D) Жол мұраты - жету 
E) Жақсы сөз - жарым ырыс 
11.Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан 
гүлдердің қандай қасиеті керінеді? 
A) Талапшылдығы 
B) Қайрат-жігері 
C) Мансапшылдығы 
D) Даукестігі 
E) Арманшылдығы 
 
1.Ұрыс сәрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Цеван-Доржи да елшілер арқылы уәделескен 
мезгілдерінде  өз  әскерлеріне  «Аттан!»  деп  бұйрық  берді.  Көлденеңі  он  шақырымдай  жазық 
далада қан төгіс қырғын тез-ақ қызып кетті. Алып майданның екі жақ шетіндегі Сырынбет пен 
Батыр Баян бастаған казақ әскері қиын да болса алға қарай жылжып бара жатқаны   сезіледі. 
Тек екі жақтың екі бас қолбасшысы тұрған майданның орта шебі мызғыған жоқ. Тағы: 
2.-  Аттан!  Аттан!  -  деген  ұран  шықан.  Сол  сағатта-ақ  Сеңгірбай,  Сағымбай,  Қанай  бастаған 
сұлтанның  мың  жігіті  зеңбірек  оғы  жетпейтін  қалың  жыңғылды  сайдан  шыға  сала  Цеван- 
Доржидың  тұрған  төбесіне  қарай  лап  қойған.  Бірақ  бір  шақырымдай  шапқан  кезде  кенет 
гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден жауған жойқын оқтар дәл аттарының мандай алдынан кеп 
гүрс- гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер 
қауып, заматта арттарында келе жатқан жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе 
жаткан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрықпен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы да 
жүзге  таяуы  қаза  тауып,  қалғаны  кейін  серпілді.  Зеңбіректі  Цеван-Доржиды  бұлай  ала 
алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін басқаша құрды. Зеңбіректерге тікелей шаппай, 
оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ ұш рет шабуылға шығып, 
ең  батыр  деген  үш  жүзге  тарта  ер  жігіттерінен  айрылған  әскер  не  істерін  білмей,  тағы 
дағдарып қалды. Бұған Абылай: 
3.-  Япырмай,  осыншама,  қазақтан  жауға  шабар  бір  еркек  кіндікті  тумаған  ба?  -  деді  қатты 
дауыстап.  -  Қайсың  барсың?  Осы  кезде  топ  ішінен  «Абылай!»  деген  дауыс  шықты.  Бұл  ұран 
салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап, зеңбіректерге қарай атой 
салды, Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан әбден үркіп қалған астындағы басы қатты 
кертөбел, бала жігітті жау шебіне емес, бір бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт 
тағы  Tынa  қалды.  Дәл  осы  кезде,  Абылайдың  зеңбіректерді  қоршаған  жігіттерінің  оң  жақ 
тұсынан Цеван-Доржи тұрған төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз 
бала  «Қабанбай!  Қабанбай!»  деп  ұран  тастап,  суырылып  шыға  берді.  Ақбоз  ат  көсіле  сермеп 
келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау 
қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды. 
4.-  Абылай!  -  Атығай!  -  Ақжол!  -  Қарақожа!  -  Қабанбай  -  Абылай!  Абылай!  «Қабанбай»  аты 
аталған  тұстағы  Найман  жігіттері  гуілдей  шапқан  топтың  алдарында  келеді.  Зеңбіректер 
ортадағы  топтың  алдыңғы  қатарына  ғана  оқтарын  жіберіп  үлгерді.  Бірақ  екі  бүйірдегі 
сойылгерлер  сапы  тез-ақ  жетіп  қалды.  Ар  жағындағы  жоңғар  атты  әскері  келіп  үлгергенше, 
түйелі  зеңбіректерді  түйе-мүйесімен  таптап  кетті,  Ақ  болат  сауыты  жарқылдап, 
Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын 
жинай  бастады.  Сөйткенше  болған  жок,  Жоңғардын  шаян  құйрықты  сары  жібек  жалауы 
шығысқа қарай шегіне берді... 
5.Осылай  жоңғар  мен  қазақ  арасындағы  қанды  айқастардың  жаңа  белесі  ашылды.  Бұл  қазақ 
елінің  жоңғар  коңтайшыларын  мүлдем  жеңіп,  атамекен  жерінен  қуудың  ең  алғашқы  айқасы 
еді.  Абылай  өз  шатырына  келгеннен  кейін,  бағанағы  қалмақ  зеңбіректеріне  жападан-жалғыз 
қарсы  шауып,  бүгінгі  жеңіске  жол  салған  қызды  іздетті.  Бұл  Қабанбай  батыр  мен  қазақтың 
батыр қызы Ғауһардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік 

157 
 
 
көрсеткеніне риза болған Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп 
берді. Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды. 
13.Неліктен қазақ жауынгерлері 
тығырыққа тірелді? 
A) Қолбасшылары болмады 
B) Аттары шабан болды 
C) Қалмақтын қаруы басым болды 
D) Қорғандары болмады 
E) Дұрыс ұйымдаса алмады 
 
15.Автор қазақ халқының 
ержүректілігін қалай жеткізгісі келді? 
A) Қыз әрекеті арқылы 
B) Қолбасылар әрекеті арқылы 
C) Батыр Баян әрекеті арқылы 
D) Қанай әрекеті арқылы 
17.Ақбоз атты қыздың ұраны 
A) «Қарақожа!» 
B) «Атығай!» 
C) «Ақжол!» 
D) «Абылай!» 
E) «Қабанбай!» 
 
19.Абылай неге қызға белбеуін сыйға 
тартты? 
A) Шыққан тегіне риза болғандықтан 
B) Қабанбайдың қызы болғандықтан 
C) Ерлігіне риза болғандықтан 
D) Шабандоздығына риза болғандықтан 
E) Қыздың жастығына сүйсінгендіктен 
14.Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A) Қазақ батырларын таныстыру 
B) Соғыс әдістерін үйрету 
C) Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты 
дәріптеу 
D) Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу 
E) Жоңғардың соғыс күшін суреттеу 
E) Қабанбай әрекеті арқылы 
16.Мәтіннің 
төртінші 
азатжолының 
түйіні 
A) Жаудың жеңілісі 
B) Хан сыйлығы 
C) Жау шебінің мықтылығы 
D) Жау зеңбірегінің жеңісі 
E) Жаудың шабуылға шығуы 
18.Абылай 
неге 
жауынгерлеріне 
ренжіді? 
A) Жауынгерлері алға жылжи алмады 
B) Әскерлері соғыс алаңынан қорықты 
C) Әскерлер бас амандығын ойлады 
D) Шабуылды жаңаша жоспарламады 
E) Қан төгіс қырғын қыза түсті 
20.Жанайдың жауға қарсы шыға алмау 
себебі 
A) Астындағы аты үрікті 
B) Жауға жалғыз беттей алмады 
C) Қолында қаруы болмады 
D) Соңыс әдіс-тәсілін білмеді 
E) Аты үйретілмеген болды 
 
1175 нұсқа 
1- 
мәтін
 
Құмда өсетін сексеуіл орман ағаштарына ұқсамайды. Онда жапырақ жоқ. Оның орнына жасыл 
шашақ,  бұтақтар  өседі.  Жапырақ  аз  болған  сайын  ылғалдың  булануы  көп  болмайды.  
Өсімдіктер осылайша ыстыққа да қалыптасады. 
Құмайт дала өсімдіктері ылғалдың мол кезі - ерте көктемде немесе қүз түскенде тіршілік етуге 
бейімделген.  Ерте  көктемде  құмның  арасы  бірнеше  аптадай  кілемше  күлпырады.  Қияқ 
арасынан  қызыл  гүл  шығады.  Шөл  даланы  бір  сәт  алауға  бөлейді.  Көп  ұзамай  күн  ысиды. 
Жасыл  кілемді  сарғайтады,  өсімдіктерді  күйдіріп  жібереді.  Алайда  өсімдіктер  гүлдеп,  тұқым 
шашып үлгереді. 
1. 
Сексеуіл гүлі 
A) Түрлі түсті 
B) Қызыл 
C) Жапырақты 
D) Жасыл 
E) Гүлдемейді 
2. 
Сексеуіл кандай жерде өседі? 
A) Тоғай ішінде 
B) Орманды алқапта 
C) Шөлейт жерде 
D) Көл жағасында 
E) Егінді далада 
 
Әлемдегі ең үлкен шөл - 9 000 000 шаршы км аумақты қамтитын Сахара шөлі. Бұл құмды шөл 
Солтүстік  Африканың  бүкіл  жазығын  апып  жатыр.  Туаректік  диалектіде  «Сахара»  сөзі  «шөл» 
деген мағынаны береді, 
Құмды, шөлейтті аймақтың жаз мезгіліндегі температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, 
ал  қыста  15-28  градус  аралықты  ұстап  тұрады.  Шөл  даланың  кейбір  бөліктерінде  бірнеше 
жылдар бойы жаңбыр тамшысы тимеген жерлер де бар. 
Сахарадағы  жалғыз  су  көзі  -  Ніл  өзені.  Шығысқа  қарай  ағатын  аталмыш  өзен  құмды 
аймақтың  басым  бөлігін  басып  өтеді,  Дегенмен  Сахараның  кей  бөлігінде  ылғалды  алқаппен 
жер  астындағы  бұлақтан  шығатын  құдық  бар.  Бұл  ерекше  құмды  аймақта  жол  талғамайтын 
көлікпен  серуендеуге  келген  туристер  үшін  арнайы  бөлімшелер  орналасқан.  Сахара  шөліңде 
құмға ағаштары мен дәмі тіл үйірер жүзім өседі екен. 

158 
 
 
Құмды аймақта Тегази деп аталатын қала бой көтерген. Мұндағы үйлер тұзды тастардан 
салынған. Бұл қала - ғаламшарымыздағы сусыз, кұрғақ, шөлейтті орындардын бірі. 
Орг-эр-равиден келетін керуеншілер ылғалды алқап жақын маңда деп ойлап сағымның 
құрбанына айналып жатады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет