I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет21/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


7. 
Мәтіннің негізгі ойы қандай?
 
A) Әке мен бала арасындағы қарым-катықасты орнату 
B) Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы 
C) Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету 
D) Әкесіне деген екпесін жеткізу 
E) Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені турлы айту 

135 
 
 
8. 
Мәтінде суреттелетін кезең
 
A) Соғысқа дейінгі жылдар 
B) Жеңіс қарсаңындағы жағдай 
C) Соғыстың алғашқы жылдары 
D) Соғыс кезіндегі жағдай 
E) Соғыстан кейінгі жылдар 
9. 
Жеңгесінің әрекетінен оның 
қандай ойын аңғарамыз
 
A) Жағдайды түсінбегендігін 
B) Інісінің сөзін қолдамайтынын 
C) Күйеуінің сөзімен келісетіндігін 
D) Мән-жайға немқұрайлылығын 
E) Күйеуінің сөзін қолдамайтынын 
10. 
Ағасының зілді сөзіне қайтарған жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін 
көрсетеді?
 
A) Сабырсыздығын 
B) Өзімшілдігін 
C)  Кеңпейілдігін 
D) Бірсөзділігін 
E) Қырсықтығын 
11. 
Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі
 
A) Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған 
B) Әкесі тек өз үйінің қамын ойлаған 
C) Әкесі өзінен гөрі басқалардың камын көбірек ойлаған 
D) Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған 
E) Әкесінің мінезі ауыр болған 
12. 
Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын?
 
A) Жеңгесі 
B) Көршілері 
C)  Шешесі 
D) Ауыл адамдары 
E) Ағасы 
 
Баяғы  заманнан  қазақтың  қонысы  болған  құтты  мекеннің  айшықты  орындарының  бірі  - 
Жасыбай  көлі.  Көлге  кеудеңе  дейінгі  тереңдікке  түсіп  төменге  қарасаң,  мөлдір  судың 
түбіндегі  тастар  айқын  көрініп  жатады.  Жалпы,  географ  мамандардың  зерттеулеріне 
сүйенетін болсақ, судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері 
— он төрт метр. Әрине, географиялық сипаттамасы өз алдына жеке әңгіме. 
Жасыбай  көлінің  тарихи  тарту  болар  тамашалары  да  баршылық.  Егер  аңыз-әңгімелерге 
сенсек,  бұл  көлдің  бұрынғы  атауы  Шойынкөл  екен.  Бірақ  кейін  келе  Жасыбай  атанған. 
Негізінен, Ер Жасыбай - қан жұтқан калмақтармен қиян-кескі соғыста ерлігімен көзге түсіп, 
елдің мақтанышына айналған қаһарман батыр. Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы 
тарихи  аңыз  бар.  Егер  де  тарихи  деректерге  сүйенсек,  1752  жылы  жоңғар  әскері  Ертіс 
жағынан  Баянауыл  жерін  басып  алуды  көздеп,  шабуыл  жасаған.  Сол  кезде  қазақтың  ханы 
Абылай  Сабындыкөлдің  шығыс  жағынан  жауға  тойтарыс  беру  үшін  жедел  түрде  Олжабай 
Толыбайұлын  басшы  етіп  әскер  үйымдастырған  екен.  Сол  әскер  жасақтарының  бірін  көзсіз 
батыр  Жасыбай  басқарып,  шабуылдаушылармен  соғыста  алдыңғы  шепте  болған.  Мүның 
өзінде де үлкен мән жатыр.  Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты  болса,  онда жауды  жеңу 
оңайырақ  болады.  Яғни  тиген  жерінен  ұрандатқан  жауды  тесіп  өтер  өткір  де  қайсар 
қаһарманның  керегі  анық.  Міне,  осындай  жауапты  тапсырманы  Жасыбайға  жүктеген. 
Шойынкөлдің  оңтүстік-батыс  бөлігінде  Жасыбай  баспи-ан  жасақ  жоңғарларға  қарсы  тұрып, 
жеңістің  жалауын  желбіреткен.  Табанды  ер  бастаған  ұлдардың  тоқпағына  төзе  алмаған 
калмақтар  жеңіліс  тауып,  қазақтың  қылышынан  аман  қалғандары  тентіреп,  тым-тырақай 
қашқан.  Жауды  аттан  түсірген  жасақбасы  Жасыбай  Сабындыкөлдің  ортасында 
жолдастарымен демалып жатқанда, қалмақтың аман қалған қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ 
атып, батырды жаралап өлтірген. 
Бұл  әрине,  сол  уақытта  қазақ  әскері  үшін  орны  толмас  қаза  еді.  Қайғылы  хабарды  естіген 
Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың 
соңына  түсіп,  қуғынға  алған.  Баянауылдың  таулы  аймақтарының  шығыс  жағына  қарай 
тоқсан бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай 
қырып тастаған керінеді. Және сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. 
Жалпы мұндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысында күшті тойтарыстардың 
бірі  болды.  Ал  жергілікті  халық  болса,  Шойынкөлді  батырдың  атымен  атап  кеткен.  Яғни 
бүгінгі күнге дейін көл мен сол аймақ Жасыбай деп аталады. 
13. 
Баянауылдағы «Қалмаққырылған»
 
жерінің атауы қай батырға байланысты. 
A) Жасыбай 
B) Абылай 
C) Бәсентиін 
D) Бесен 
E) E)Олжабай 
14. 
Мәтін қандай стильде жазылған?
 
A) Іс қағаздар стилі 
B) Ресми стиль 
C) Ауызекі сөйлеу стилі 
D) Публицистикалық стиль 
E) Ғылыми стиль 

136 
 
 
15. 
Екінші азатжол қандай 
үлгіде жазылған?
 
A) Тарихи аныз
B) Аңыз әңгіме. 
C) Ой толғау. 
D) Шыншыл ертегі. 
E) Сын мақала. 
17. 
Екінші азатжолдағы негізгі 
ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A) Ел үмітін ер ақтар
B) Ер аруағы - қаруы. 
C) Ердің екі сөйлегені өлгені. 
D) Ерді жаяулық емес, қаяулық аздырар. 
E) Ер тарықпай, молықпайды. 
16.Алғашқы азатжолда 
ой қалай берілген? 
A) Салыстыру арқылы 
B) Суреттеу арқылы 
C) Пайымдау арқылы 
D) Дәлелдеу арқылы 
E) Тұжырымдау арқылы 
18. 
Мәтінді қай мақал 
қорытындылап тұр? 
A) Ер азығы мен бөрі азығы жолда. 
B) Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі. 
C) Ер - ырыстық кілті. 
D) Ер есімі ел есінде. 
E) Батыр жарасыз болмас. 
 
19. 
Бірінші азатжолда не туралы 
айтылған? 
A) Жасыбай туралы аңыз-ертегілер 
B) Жасыбай көлінің географиялық 
сипаттамасы 
C) Жасыбай көлінің тарихы 
D) Жасыбай көлінің байлығы 
E) Жасыбай көлінің шипасы 
 
1-МӘТІН 
 
20. 
Көлге неліктен Жасыбай атауы 
берілген? 
A) Ру атына сәйкес 
B) Батыр ерлігіне орай 
C) Жоңғар шапқыншылығына сәйкес 
D) Көлдің байырғы атауы болғандықтан 
E) Ханның ел басқаруына орай 
 
1146 нұсқа 
...Қайран, Тарбағатай! Сен тау болып жаралғалы, құтты қоныс қойнауың мал мен жанға талай 
толып, талай солды ғой. Не ықылым оқиғалар өтпеді сенің сонау адыр-қырқа, белдерІңде?! Сен 
екеуміз білетін сыр қанша, жыр қанша?! Қазақ даласының кара шаңырағы Қаратаудан кейін 
тарих көшін басынан көп асырған шежіре тау — сен-ақ шығарсың, Тарбағатай! Бір халықтың 
екі түрлі тағдырын кос бүйіріңе теңдеп алып, сол орныңда тапжылмай жатыр екенсің-ау, 
жарықтығым. Бақыт пен сордың арасын осылайша қақ бөліп, туған елдің шығыстағы бір 
камалындай, осы қалпында мәңгі мызғымай тұра бер, қайран алтын босағам! 
1. 
Қаңдай сипаттама Қаратауға 
қатысты айтылған? 
A) Бір халықтың екі түрлі тағдыры бар 
B) Туған елдің шығыстағы қамалы 
C) Казақтың қара шаңырағы 
D) Кұтты қоныс қойнауы 
E) Қайран алтын босаға 
2. 
Автор Тарбағатай тауын 
қалай қабылдайды? 
A) Табиғаттың ерекше сыйы ретінде. 
B) Жастық шағының куәсі ретінде, 
C) Тарихи кезеңдер куәсі ретінде. 
D) Балалық шағының куәсі ретінде. 
E) Маңғаздылықтың, асқақтықтың символы 
ретінде. 
 
Жапония  -  Шығыс  Азиядағы  аралды  мемлекет.  Оның  құрамында  Хоккайдо,  Хонсю,  Сикоку, 
Кюсю сынды ең негізгі төрт арал жәнее 4000 ұсақ арал бар. Жапония аймағы 47 префектураға 
(ауданға) бөлінеді, оның әрбірінің жеке астанасы бар. Жапонияның төрттен үш бөлігін таулы 
аймақтар  құрайтындықтан,  адамдар  жердің  10%-на  ғана  шоғырланған.  Қалған  өңделуге 
мүмкін  болатын  жерді  ауыл  шаруашылығы  алып  жатыр.  Астанасы  -  Токио.  Сонымен  қатар, 
Токио қаласы «шығыс астана» деген ұғымды беріп, бүгінде әлемдегі ең үлкен агломирациялы 
қала болып табылады. 
Тарих  беттеріне  көз  жүгіртсек,  ертеде  жапондар  өз  елін  «Ва»  немесе «Вагоку»  деп  атаған.  Ал 
бүгінде  Жапония  ресми  түрде  «Ниппон  коку»  немесе  «Нихон  коку»  (бұл  атау  тек  жапондар 
үшін)  деген  атауға  ие  болып,  тікелей  аудармасы  «Күннің  Отаны»  деген  ұғымды  берері.  Бір 
қызығы, осылай жапондарды алғаш рет Қытай императоры атаған екен. Жапония Қытайдың, 
тіпті  кез  келген  Азия  елдерінің  шығысында  орын  тепкен.  Демек,  жапондар  Күннің  шығуын 
бәрінен  бұрын  тамашалай  алады.  Жапония  үкіметі  осы  тарихи  және  географиялық  негізге 
сүйене отырып, 1870 жылы мемлекеттік жалауына қызыл түсгі Күннің бейнесін енгізеді. 
Жапонияның Күншығыс елі деп аталуында тағы бір себеп бар. Жапондар Күннің шығуын даму 
мен  жарқын  болашаққа  тенейді.  Сонымен  қатар,  Күннің  нұрына  бірінші  болып 
бөленетіндіктерін ескеріп, өздерін Күннің тандауы деп біледі. Мінекей, елдің бейресми атауы 
осылай қалыптаскан. 

137 
 
 
3. 
Мәтін мазмұны бойынша жапондықтар неліктен өз жалауларында күнді бейнелеген? 
A) Күнге табынатындықтан 
B) Тек күннен куат алатындықтан 
C) Күннің көкжиектен шығуын алғаш болын тамашалайтындықтан 
D) Ақ пен қызыл түстің үйлесімділігінен 
E) Өздерін күннің ұрпағымыз деп есептегендіктен 
4. 
Жапония астанасы атауының беретін ұғымы 
A) «Шығыс астана» 
B) «Күннің Отаны» 
C) «Күн тәңірі» 
D) «Күн хандауы» 
E) «Арал астанасы» 
5. 
Жапонияның «Күншығыс елі» деп аталуының себебі қандай? 
A) Халқы елдің шығыс аудандарына шоғырланғандықтан 
B) Ресми деректердегі ақпараттарға байланысты 
C) Аралда орналасуына байланысты 
D) Басқа елдерге қарағанда күн ұзақ болуына байланысты 
E) Географиялық негізіне байланысты 
6. 
Жапонияға қатысты дұрыс мәлімет.1.Төрттен екі бөлігін тау құрайды 2.Ең негізгі төрт 
аралы бар 3.«Күннің Отаны» атауын Қытай императоры берген 
A) Тек үшінші дұрыс 
B) Біріншісі дұрыс 
C)  Бірінші мен үшінші дұрыс 
D) Бірінші мен екінші дұрыс 
E) Екінші мен үшінші дұрыс 
 
Менің  әкем  алғанына  емес,  біреуге  бергеніне  қуанатын  адам  еді.  Күзгі  жеміс  жинау  кезеңі  - 
әкемнің  өміріндегі  ең  бақытты  күндері  болатын.  Мәуе  төккен  күзгі  ағаштар  түбіндс  асығыс- 
үсігіс  жеміс  жинап  жатқан  балаларға  мейірлене  ұзақ  қарап,  іштей  елжіреп,  нұрланып, 
рухтанып,  тіпті  көрер  көзге  кәдімгідей  жасарып  кететін  еді,  Маған  әкем  өзінің  өмірін,  күш- 
қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты жүздерін 
көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін. 
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан 
шығар,  әйтеуір  ауылда  біреудің  пеші  яки  таңдыры  бұзылып  қалса  да,  есік-терезесі  қирап 
немесе  құдығынан  су  шықпай  жатса  да  әкемді  шақырып  әкететін.  Өз  үйіміздегі  қыруар 
шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. 
Түн  ортасы  болса  да  орнынан  тұратын  да  әлгі  жәрдсм  сұрап  келген  адамға  ілесіп,  үн-түнсіз 
үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. Ең бастысы - 
әкем  өз  еңбегі  үшін  әлгі  адамдардан  көк  тиын  да  алмайтын.  «Еңбегіңіз  ғой,  алыңыз»  деп 
коймайтын кісілерге қатты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін 
ауылдастары  мұндайда: «Бізден қайтпаса,  құдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. 
Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын. 
Бір жолы әкем үйге ете кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп балалы әйел 
бар  еді.  Сол  үйдің  шатырын  жөндепті.  Дәл  сол  күні  көрші  ауылда  тұратын  ағам  мен  жеңгем 
қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі: 
Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз калай? - 
деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен 
жауап берді: 
Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген 
малдан қандай айырмамыз болмақ? 
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған 
күлімсірей қарады. 
Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын 
пәннен  мықтап  дәріс  беріп  кеткен  екен.  Бүгінгі  қиын-қыстау  кезеңнің  өзінде  ауылдастарым 
бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалғап көршісінің тозығы жеткен 
шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен. 
7.Мәтінде суреттелетін кезең 
A) Соғысқа дейінгі жылдар 
B) Жеңіс қарсаңындағы жағдай 
C)  Соғыстың алғашқы жылдары 
D) Соғыстан кейінгі жылдар 
E) Соғыс кезіндегі жағдай 
8. 
Мәтіннің негізгі ойы қандай? 
A) Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету 
B) Әке мен бала арасындағы қарым-катынасты орнату 
C) Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы 
D) Әкесіне деген екпесін жеткізу 

138 
 
 
E) Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені турлы айту 
9. 
Ағасының зілді сөзіне қайтарған жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді? 
A) Сабырсыздығын 
B) Кеңпейілдігін 
C)  Өзімшілдігін 
D) Бірсөзділігін 
E) Қырсықтығын 
10. 
Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі 
A) Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған 
B) Әкесі тек өз үйінің қамын ойлаған 
C) Әкесі өзінен гөрі баскалардың камын көбірек ойлаған 
D) Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған 
E) Әкесінің мінезі ауыр болған 
11. 
Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін 
кім қолдамайтын? 
A) Ағасы 
B) Жеңгесі 
C) Көршілері 
D) Шешесі 
E) Ауыл адамдары 
12. 
Жеңгесінің әрекетінен оның 
қандай ойын аңғарамыз 
A) Жағдайды түсінбегендігін 
B) Інісінің сөзін қолдамайтынын 
C) Күйеуінің сөзімен келісетіндігін 
D) Күйеуінің сөзін қолдамайтынын 
E) Мән-жайға немқұрайлылығын 
 
Тау іші. Иен жайлау, ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. Жаз жәрмеңкесі 
тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған.  Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып, 
өсімдік  атаулы  күзгі  ызғырық  желге  елбеңдей  бас  ұрып,  тәубеге  келген  сопыдай  күбірлейді. 
Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басып тік 
ұстап,  көкке  шаншыла  қарап  тұр.  Сай-саладан  құлай  ағып  жатқан  көк  қасқа  бұлақтар 
жаздағыдай шу салып, асып-таспай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды, 
Малшы  ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып,  етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, 
бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді. 
Кеш  батысымен  йен  жұртқа  аш  қасқырлар  келіп,  емін-еркін  тіміскелейді.  Көш  жолдарына, 
айдалған  мал  ізіне  түсіп,  тұмсықтарын  көтеріп,  ұзақ-ұзақ  қарап  тұрады.  Сүйек  қажалап,  тері- 
терсек,  жүн-жұрқаны  жұлмалайды.  Бұтаның  арасында  қалып  қойған  тоқты-торымды  іздеп 
сандалады. Жердегі жемтіктес досына қарайлап, көкте құзғын айналады... 
Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнарға 
оранған.  Бұл  -  Тарбағатай  сілемдерінің  бір-бірімен  ұшарласа  келіп,  қүрт  көтерілген  тұсы. 
Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады. 
Арғы бетке өтетін жолаушы қиын да болса, көбінше, осы шыңның желкесімен асатын. Өйткені, 
өркеш-өркеш тауларға, терең құздар мен тентек өзендерге соқпай өтетін ең төте жол осы. Биік 
жалдың  басында  жыртқыш  аңдар  да  аз  жүреді.  Етікшінің  жотасына  шықсаң,  таудың  күнгейі 
мен теріскейі табаныңның астында жатады. 
Жолға шыққанына тертінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының 
бір оқшау биігіне көтерілді. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп зорға жылжып келеді. 
Кеудесі  сырылдап,  өкпесі  аузына  тығылып,  әлсін-әлі  тоқтап  дем  алады.  Бірақ  алдында 
көлденең  сұлап  жатып  алған  қырсық  асудың  төбесіне  бір  шықсам-ау  деген  арманы 
қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, өршелене қайта ұмтылады. 
Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына да жетті-ау. Қыр жалдың 
үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. Таяғына 
сүйеніп, төрт тағандап әзер қалды. Күні бойы жеткізбей, діңкесін құртқан шыңға ерегісті ме, 
болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз аялдағысы 
келді. Аппақ шоқша сақалы желге желпілдеп, сығырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт 
жалдын басында бірталай тұрып қалды. 
Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, 
тұла  бойын  суық  қармап  сірестіре  бастады.  Ол  шырқау  биіктен  жан-жағына  соңғы  рет  көз 
тастады да, ілгері жүріп кетті. 
Бір тәуірі, ендігі беталысы төмен, еңіс екен. Ылдиға қарай құлдырап, тез төмендеді. Көк жалап, 
жылтырланып  алған  сірі  шоқайы  киіздей  ұйысып  жатып  қалған  бетегеден  тайғанап, 
тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады. 
Жалаңаш  жотадан  көп  төмен  түсіп,  қалың  жынысты  қойнауға  жеткенде,  жел  басылып,  күн 
жылынайын  деді.  Титығы  құрып,  әбден  қалжыраған  қарттың  бұдан  әрі  жүруге  халі  келмей, 
тәлтіректеп  барды  да,  шоқ  қайыңның  түбіне  қисая  кетті.  Арқасындағы  қоржынын  басына 
жастап,  бір  сәт  сұлық  жатты.  «Әйтеуір,  қиын  асудан  өттім  ғой,  -  деді  талмаусырап  жатып,  - 
жолдың көбі кетіп, азы қалды». 

139 
 
 
13. 
Кейіпкердің жас мөлшерін 
анықтаңыз 
A) Бозбала 
B) Қарт адам 
C) Жігіт ағасы 
D) Жігіт 
E) Oртa жастағы адам 
15.Кейіпкердің мақсат еткен асуын 
бағындырған кезі суреттелетін азатжол 
A) Тоғызыншы 
B) Алтыншы 
C) Бесінші 
D) Жетінші 
E) Оныншы 
17.Жолаушының Етікші шыңының 
жотасымен жүруді таңдау себебі 
A) Төте жол 
B) Ұзақ жол 
C) Ауыр жол 
D) Жеңіл жол 
E) Қатерлі жол 
19 Мәтінде суреттелетін жыл мезгілі 
14.Мәтіннен кейіпкердің арманы 
сөз болатын азатжолды көрсетіңіз 
A) Оныншы 
B) Екінші 
C) Алтыншы 
D) Сегізінші 
E) Үшінші 
16.Табиғат көрінісі суреттелген азатжол 
A) Екінші 
B) Сегізінші 
C) Үшінші 
D) Алтыншы 
E) Бірінші 
 
18.Мәтіннің стилін анықтаңыз 
A) Іс қағаздар 
B) Ауызекі сөйлеу 
C) Ғылыми 
D) Көркем әдебиет 
E) Публицистикалық 
A) Жаз 
B) Көктем 
C)  Күз 
D) Жазғытұры 
E) Қыс 
20.«Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп, азы қалды» деген ойы арқылы 
автор кейіпкердің кандай сезімін көрсетеді? 
A) Асығыстығын 
B) Шарасыздығын 
C)  Қамсыздығын 
D) Қиналысын 
E) Үмітін 
 
1147 нұсқа 
Бір  ормаңда  екі адам  ағаш шабады  екен.  Бірінші  адам  таңертең  ерте  ұйқысынан оянып,  бір 
ағаш  шапса,  дереу  екіншісіне  өтіп  тыным  тапайды.  Таңнан  қара  кешке  дейін  дәл  осылай 
еңбектеніп,  тынығу  дегенді  білмейді.  Тіпті  түскі  тамақты  да  ұмытып  кететін  болыпты. 
Кешкісін  әлгі  досынан  бірнеше  сағат  кейін  үйіне  қайтады  екен.  Екінші  адам  болса,  ағаш 
шауып  түсірген  сайын  біраз  отырып  тынығып,  қас  қарая  бастағанда  үйіне  қайтып  кететін 
болыпты. 
Апта  бойы  осылай  еңбектенгеннен  кейін,  бір  апталық  ағаштарын  санайық  депті. 
Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты, 
Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды. Екінші адам азғана 
езу тартып былай деп жауап қатады: 
Мұның  айтарлықтай  сыры  жоқ.  Сен  тынбай  еңбектенесің.  Ал  мен  кей-  кейде  тынығып 
отырып,  балтамды  қайрап  алам.  Өткір  балтамен  жұмыс  істеу  жұмысты  жеңілдетеді  әрі 
шарашамайсың. 
1. 
Әңгіменің түйініне сәйкес келетін мақал. 
A) Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар. 
B) Ер дәулеті - еңбек. 
C) Келген дәулет,Кеткен бейнет. 
D) Еңбек түбі - береке,Көптің түбі -мереке. 
E) Еңбек етсең — емерсің,- 
2. 
Бірінші адамды ренжіткен жағдай. 
A) Уақыттың тығыздығы 
B) Екінші адамның жауабы 
C)  Қасындағы адамның еріншектігі 
D) Жұмыстың көптігі 
E) Көп күш жұмсап, төмен нәтижеге жетуі 
 
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өнірі - Бурабай. Осы 
төңіректегі  атаулар  Бурабай  көлінің  даңқымен  көпке  танымал  болған.  Бурабай  көлі  емдік 
қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. 
Көл  -  теңіз  деңгейінен  320,6  м  биіктікте.  Қыратта,  тектоникалық  ойыста,  табиғи  тұрғыда 
пайда  болған  бұл  көлдің  ұзындығы  4,5  км,  ені  3,9  км.  Едәуір  терең:  орташа  алғанда  4,5 
метрден, ең тереңі 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұшы, жұмсақ, тұнықтығы сондай - түбі 
және  ондағы  жәңдіктер  анық  көрінеді.  Ешқайда  қосылмайтын  тұйық  көл  болғанымен, 
ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан сияқты балықтар өседі. 

140 
 
 
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын 
жатқан  Көкшетаудың  сексен  көлінің  бір  үзікті  тізбегі  -  Шортанды,  Үлкен  Шабақты,  Кіші 
Шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда 
дүниенің  көп  еліне  аты  мәлім  «Бурабай»,  «Оқжетпес»  демалыс  және  сауықтыру  орындары 
бар. 
Бурабай демалыс орны тұрғысында 1910 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен 
емдеу-сауықтыру  орны  ашылған.  1920  жылдан  мемлекеттік  маңызы  бар  демалыс  орнына 
айналған. 
Тәуелсіз  ел  болғалы,  іргесіне  Астана  келгелі,  Бурабай  колінің,  мұндағы  демалыс 
орындарының  маңызы  бұрынғыдан  да  арта  түскен.  Жақсы  жол  салынып,  демалыс  үйлері 
жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған. 
3. 
Мәтінге қатысты дұрыс тұжырым: 
1. 
Көкшенің әсем табиғатын суреттеу. 
2. 
Бурабайдағы тас жолдардың сапалылығын жеткізу. 
3.Бурабайдағы демалыс орындарымен таныстыру. 
A.  Біріншісі мен екіншісі дұрыс. 
B. Біріншісі дұрыс, үшіншісі бұрыс. 
C.  Біріншісі мен үшіншісі дұрыс. 
D. Екіншісі дұрыс, біріншісі бұрыс. 
E. Екіншісі мен үшіншісі дұрыс. 
4. 
Автор Бурабай көлінің мөлдірлігін калай жеткізеді? 
A.  Суындағы жәндіктер анық көрінеді. 
B.  Бурабай көлі осы өңірге ерекше сипат береді. 
C.  Тұйық көл болғанымен балықтар мекен етеді. 
D.  Суының терендігі 4,5 метр, 
E.  Суы тұщы әрі жұмсақ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет