I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет44/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


2111 – Нұсқа 
1-Мәтін 
 
Тау  басын  қар  түсіпті. Тау  басынан  аса  алмаған  жырым-жырым  ақша  бұлттың  бауырынан 
өрт шалғандай, аспандағы жалынның алауы парттай қызыл перде боп әр үйдің әйнегінде жүр. 
Қарағайлы алқаптың жықпылында қара киімге жасырынған ақ жамаудай іркілеп тұман жатыр. 
Апта бойы толастамаған нөсер тайғаны да есеңгіреп тастапты: тым бұйығы, самалы таусылып, 
сызы ғана қалғандай, бұрынғысынан да аспандап, керме иық мінез көрсетеді.Көк жүзіне сіңбей 

283 
 
 
кемер- кемерге іркіліп қалған ақша бұлттардың сүт реңі мұздай суық, шызынаған көк шағыр 
аспан  ызғар  ескендей.  Еркімен  өріп  өз  аяғымен  қайтатын  мал  да  бақайының  сықырын 
байқатпай бүрісіп, ауылға ұрланып кіріп жатыр. 
 
1. Мәтінде қай жыл мезгілі суреттелген 
А) жазғы тұрым 
В) жаз 
С) күз 
D) қыс 
Е) көктем 
2.Мәтін мазмұнында сөз болмайтын табиғат сипаты 
А) мөлдіреген таңғы шық 
  С) қарағайлы алқап 
Е) тау басы 
В) толастамаған нөсер 
D) көк шағыр аспан 
 
2- Мәтін 
 
«Көптік  құдіреттіліктің  бір  белгісі»  дегенді  айтқан  қазақ  қандай  шаруаға  болса  да  жұмыла 
қимылдаудың  артықшылығын  пайымдаған  сондай  істері  арқылы  бауырмалдығын, 
ынтымағын, бір біріне ізет құрметіне танытып отырған. Ел ішіндегі күш қайраты жоқ, жалғыз 
ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнай ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ 
қанша  қалжыраған  халі  кетсе  де,  ары  мен  намысын  жоғары  ұстайды.  «Жаным  арымның 
садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасаса да ол сөз адамның намысына тимеуі керек. 
Барлық  шара  сол  негізде  құрылады.  Сондай  шараның  бір  түрі  асар.  Жалғыз  басты  қарт 
адамдардың  бітпей  жатқан  жұмысына  ауылдың  жігіт  желеңдері  жабыла  қолғабыс  беріп,  тез 
тындырып  тастау  әдісін  қазақтар  «асар»  деп  атайды.  Мұның  өмірлік,  қоғамдық  және 
әлеуметтік  мәні  бар.  Жұмыс  күші  кем,  ісі  бітпей  жатқан  адамдар  осы  шараның  арқасында 
шаруасын тындырып алады. 
Асардың да ел қолдаған жон жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, 
жұрт  қолдаған  сипаты  сақталады.Күші  мығым  қайратты  жігіттердің  құрдастарын 
жәрдемдесуге  шақыру  асарға  жатпайды.  Асарды  үйіне  қайратты  кісісі  жоқ  не  науқасқа 
шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара датқани адамдар жасайды. Ағайын жұрты 
мұны  қолдайды.  Сөйтсе  де  асар  салушы  жинаған  қауымды  қанағаттандыратындай  дәрежеде 
дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді. 
 
Асар қазақ арасында біріне бірі көмек көрсететін ымыралы салт.Ағайынын разы ету үшін 
қандай қиындық болса да көптің біріккен кқшімен қатар тұрып жеңудің амалы нақты шара 
 
3. 
Мәтінде қозғалатын мәселе 
А) жолдастық 
С) шыдамдылық 
Е) аяушылық 
В) туысқандық 
 D) қамқорлық 
4. 
Асты сызылған сөзге балама болатын нұсқа 
А) келісімге келу 
С) тіл табысу 
Е) ақылы көмек беру 
В) жоспарлы көмек беру    D) бірлесіп көмек беру 
5. 
Берілген мақал –мәтелдердің қайсысы мәтіннің бірінші бөлімінің мағынасын ащып тұр 
А) көп түкірсе -көл 
В) қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды 
С) жаманбұзар, жақсы түзер 
D) барымен базар, жоқты қайдан табар 
Е) қайраты жоқ кісінің берекеті жоқ ісінің 
6. 
Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар 
А) үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз жандар 
В) күші мығым қайратты жандар 
С) шаруасының науқаны өтіп бара жатқан қауқарсыз адамдар 
D) үйінде қайратты адамы жоқ балалы шағалы әйелдер 
Е) жалғыз басты қарт адамдар 
 
3- Мәтін 
 
Түһ,  түн  неткен  қараңғы  еді!  Жұлдыздар  да  шілде  ортасындағыдай  шүпірлей  қалыпты.  Анау 
темірқазық.  Анау  жетіқарақшы.  Анау  ақбота,  көкбоз...  Анау  Аңырау,  ат  құлағының  арасынан 
қылаңытқан  күлдей  бозаң  шоғыр  Үркер  ғой!  Жарықтық,  бұдан  ұсақ  ,  бұдан  солғын  жұлдыз  
жоқ  шығар.  Бірақ  соған  қарамастан  қаншама  самала  шырақтар  самғаған  түнгі  аспанда  оны 
көзің  бірден  шалып  тұр  ау!  Оның  сиқыры  неде  екен?  Әлде  жұп  ажыратпай  бірге  туып,  бірге 
бататынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз. Неғұрлым жарығы солғын болған 
сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайток еді! Жаздың 

284 
 
 
жаңбырлы, құрғақ , ыстық жайлы жайсыз болатынын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды.Бәрін 
алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, 
бірін-бірі  төбеден  нұқып  жатқан  әумесер  дүниеде  аз  халықтарға  да  осы  Үркер  мінез  керек 
шығар.  Бәлкім,  олар  мынау  ұйытқымасы  көп  аласапран  дүниеде  тек  Үркердей  тығыз  тұрып, 
дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана аман 
қала алатын шығар... 
Жолға  шыққанда  Үркердің  маңдайынана  туғанын  жақсылыққа  жорымаушы  ма  еді?!  «Үміт 
артсаң, Үркерге қара» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені 
алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдында жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе! 
Үркердің қарсы алдынан туғаны маңдайыңның ашылайын дегені ме екен?! 
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. 
Бұрын қайда аттан боса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді! 
Енді не де болса бір үміт бар емес пе! 
Ендеше  мынау  Үркер  де  жақсылығымен  туған  шығар.  Тек  бұның  тек  мынау  талайды  көріп, 
талай  тауға  басын  соққан  көнтері  жұртының  алдынан  ылғи  да  осылай  үміт  шырағы  туып 
тұрғандай. 
 
7. 
Мәтіндегі Үркер сипаты 
А)Ұсақ, солғын шоқ жұлдыз 
D) таң алдында ғана көрінетін жұлдыз 
В) тез туып, тез сөнетін жұлдыз    Е) Ерекше жарық жұлдыз 
С) түсі көгілдір, оқшау жұлдыз 
8. 
«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген? 
А) Дәстүрді құрметтегендіктен 
D) таң алдында ғана көрінетін жұлдыз 
В) Жақсылыққа жорығандықтан 
Е) Ерекше жарық жұлдыз 
С) түсі көгілдір, оқшау жұлдыз 
9. 
Автордың  «  ...  Тек  бұның,  тек  мынау  талайды  көріп,  талай  тауға  басып  соққан  контері 
жұртының  алдынан  ылғи  осылай  үміт  шырағы  туып  тұрғандай!»  деп  аяқтауының  мақсаты 
қандай? 
А) Келешегінен қорқу 
 С) Өткенді дәріптеу 
Е) Болашаққа сенім арту 
В) Болашаққа алаңдау 
D) Өткеніне налу 
10. 
Автордың жұлдыздар мен түнгі аспанды суреттеген жыл мезгілі 
А) Жаз 
В) Күз 
С) Қыс 
D) Көктем 
Е) Жазғытұрым 
11. 
Мәтін мазмұнына сәйкес «бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан 
әумесер  дүниеде  аз  халықтарға  да  осы  Үркер  мінез  керек  шығар!»  деу  арқылы  автор  қандай 
нәрсеге назар аудартады? 
А) бірлікке 
С) сабырлыққа 
Е) сыпайылыққа 
В) сенімділікке 
  D) турашылдыққа 
12. 
Мәтіннің тақырыбы қандай? 
А) дала халқы 
С) күндізгі аспан 
Е) сабырлы халық 
В) ырымшыл халық 
  D) жайлы ауа райы 
4- Мәтін 
 
1. 
Тау іші .Иен жайлау . Ұшқөан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. 
Жаз  жәрмеңкесі  тарқап,  таулы  өлкеге  қоңыр  күз  қонақтаған.  Аспан  да  жер  де  сұп-сұр. 
Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген 
сопыдай күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, 
тәкаппар  басын  тік  ұстапкөкке  шаншыла  қарап  тұр.  Сай-ссаладан  құлай  ағып  жатқани  көк 
қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-таспай , салқын сабырмен жуасын ғана сырғиды. 
2. 
Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, 
бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді. 
3. 
Кеш батысымен иен жұртқа аш қасқырлар келіп, емін- еркін тіміскілейді. Қош жолдарына, 
айдалған  мал  ізіне  түсіп,  тұмсықтарын  көтеріп,  ұзақ-ұзақ  қарап  тұрады.  Сүйек  қажалап,  тері- 
терсек,  жүн-жұрқаны  жұлмалайды.  Бұтаның  арасында  қалып  қойған  тоқты-  торымды  іздеп 
сандалады. Жердегі жемістес досына қарайлап, көкте құзғын айналады... 
4. 
Жаздың  шіліңгір  ыстығында  басынан  бұлт  кетпейтін  Етікші  шыңы  бұл  күнде  бозғылт 
мұнараға  оранған.  Бұл  Тарбағатай  сілемдерінің  бір-  бірімен  ұшарласа  келіп,  күрт  көтерілген 
тұсы.Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады. 
5. 
Арғы бетке өтетін жолаушы қиын болса, көбінше осы шыңның желкесімен асатын. Өйткені 
өркеш-өркеш тауларға, терең құздар мен терең өзендерге соқпай өтетін ең төте жол осы.  Юиік 

285 
 
 
жалдың басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың күнгейі 
мен теріскейі табанының астында жатады. 
6. 
Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының 
бір  оқшау  биігіне  көтеріледі.  Бар  салмағын  таяғына  салып,  тізесі  дірілдеп,  зорға  жылжып 
келеді. Кеудесі сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсән-әлі тоқтап дем алады. Бірақ алдында 
көлденең  сұлап  жатып  алған  қырсық  асудың  төбесіне  ббір  шықсам-ау  деген  арманы 
қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, өршелене қайта ұмтылады. 
7. 
Күн  тас  төбеге  көтеріліп,  ес  кетіп,  жан  шыққанда  асудың  ұшар  басына  да  жетті-ау.  Қыр 
жалдың үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. 
Таяғына  сүйеніп,  төрт  тағандап  әзер  қалды.  Күні  бойы  жеткізбей,  діңкесін  құртқан  шыңға 
ерегісті ме, болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз 
аялдағысы  келді.  Аппақ  шоқша  сақалы  желге  желпілдеп,  сығырайған  кәрі  көзімен  айналаны 
шолып, қарт жалдың басында бірталай тұрып қалды. 
8. 
Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, 
тұла  боцын  суық  қармап  сірестіре  бакстады.  Ол  шырқау  биіктен  жан-жағына  соңғы  рет  көз 
тастады да, ілгері жүре кетті. 
9. 
Бірі  тәуірі,  ендігі  беталысы  төмен,  еңіс  екен.  Ылдиға  қарай  құлдырап  тез  төмендеді.  Көк 
жалап,  жылтырланып  алған  сірі  шоқайы  киіздей  ұйысып  жатып  қалған  бетегеден  тайғанап, 
тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады. 
10. 
Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн 
жылынайын  деді.  Титығы  құрып,  әбден  қалжыраған  қарттың  бұдан  әрі  жүруге  халі  келмей, 
тәлтіректеп  барды  да,  шоқ  қайыңның  түбіне  қисая  кетті.  Арқасындағы  қоржынын  басына 
жастап,  бір  сәт  сұлық  жатты.  «Әйтеуір,  қиын  асудан  өттім  ғой»  -  деді  талмаусырып  жатып, 
жолдың көбі кетіп, азы қалды». 
 
13. Кейіпкердің мақсат еткен асуын бағындырған кезі суреттелген азатжол 
А) алтыншы 
С) оныншы 
Е) жетінші 
В) тоғызыншы 
D) бенсінші 
14. Табиғат көрінісі суреттелген азатжол 
А) бірінші 
С) үшінші 
Е) сегізінші 
В) екінші 
D) алтыншы 
15. Жолаушының Етікші шыңының жотасымен жүруді таңдау себебі 
А) ауыр жол 
С) ұзақ жол 
Е) қатерлі жол 
В) төте жол 
D) жеңіл жол 
16.Мәтінде суреттелетін жыл мезгілі 
А) жазғытұры          В) көктем 
С) қыс 
D) күз 
Е) жаз 
17. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп, азы қалды» деген ойы арқылы автор 
кейіпкердің қандай сезімін көрсетеді? 
А) асығыстығын 
 С) шарасыздығын 
Е) үмітін 
В) қиналысын 
D) қамсыздығын 
18. Мәтіннің стилін анықтаңыз 
А) ғылыми 
С) көркем әдебиет 
Е) публицистикалық 
В) ауызекі сөйлеу 
  D) іс қағаздар 
19. Мәтінен кейіпкердің арманы сөз болатын азатжолды көрсетіңіз 
А) екінші        В) үшінші 
С) оныншы D) сегізінші Е) алтыншы 
20. Кейіпкердің жас мөлшерін анықтаңыз 
А) жігіт ағасы 
С) қарт адам 
Е) жігіт 
В) орта жастағы адам 
  D) бозбала 
 
2116 – Нұсқа 
1-мәтін 
Кітапты сүйіп, дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Оған ең жақын досым, ақылшым деп 
қарау  керек,  Жазушы  -  халқы  үшін,  жастар  мен  балалар  үшін  жазады.  Егер  ешкім  оқымаса, 
жазудың да, еңбектенудің де қажеті жок. 
«Біздің заманымызда кино, теледидар, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жетпейді», - деген 
қате пікірлер де кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, теледидар 
да кітаптай бола алмайды, ойыңмен бөлісе алмайды. Оқушы жас күнінен бастап кітап оқуға ден 
қоюы  керек.  Әйтпеген  күнде  кітап  оқу  қиын  болады.  Аспай-саспай  әуелі  кітаптың  ырғағына 
түсіп,  жаттығып,  оқиға  ішіне  кіре  оқымаса,  ауыр  тиеді.  Әр  кітаптың  езінің  ырғағы  бар,  сол 
ырғақты тауып оқу құмартудан туады. Балалар әуелі ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса, 

286 
 
 
біртіндеп кұмартып, оқуды жақсы көріп кетеді. 
1. 
Теледидар, киноның кітаптың орнын баса алмауының себебі 
A) 
Қызықтыра алмауында 
B) 
Уақытыңа сай келмеуінде 
C) 
Сырлас досыңа айнала алмауында 
D) 
Алып жүруге қолайсыздығында 
E) 
Тандау жасай алмайтынында 
2. 
Мәтін бойынша баланы жасынан оқуға деген қызығушылығын тудыру үшін қай кітаптан 
бастату керек? 
A) 
Мысалдардан 
B) 
Әңгімелерден 
C) 
Тақпақтардан 
D) 
Ертегілерден 
2- 
мәтін 
E) 
Жырлардан 
 
Бір  кездері  аттарын  ғана  анда-санда  бір  еститін  көптеген  жемістер  бұл  уақытта  көше- 
көшеде,  тіпті  аяқ  асты  дейтіндей  жерлерде  де  сатылатын  болды.  Сондай  көп  сатылатын 
жемістің  бірі  банан  екенін  көріп  жүрміз.  Дәрігерлердің  айтуынша,  бұл  жемістің  де  пайдалы 
шипалық қасиеттері көп көрінеді. Ол әсіресе сусамыр (кант диабеті) ауруына шалдыққандарға 
өте  пайдалы  делінеді.  Мұндайда  піскен  жемістің  өзімен  бірге  піспегендері  де,  банан 
қабығының  қайнатылған  тұнбасы  да  шипалы  болып  шығады.  Атеросклероз,  гипертония 
ауруларына, бауыр мен бүйректің бірқатар ауруларына бұл жемістің шипалық әсері болатыны 
анықталды. 
Бананда А, В, РР және Е дәрумендері мол болғандықтан оның бас ауруларына, терінің күпсуіне 
қарсы  шипасы  бар,  көздің  көру  касиетіне  игі  ыкпалы  мол,  қандағы  холестерин  мөлшерін 
азайтады,  қалқанша  бездің  қызметін  дұрыстайды.  Бананның  жаңа  піскен  мәуесі  ана  сүтін 
молайтумен қоса, ағзаның қартаю процесін баяулатады. 
 
3. 
Бананның адам ағзасына әсері. 
A) 
Холестерин мөлшерін арттырады 
B) 
Қанды қоюлатады 
C) 
Қартаю процесін тежейді 
4. 
Мәтіннің такырыбы қандай? 
A) 
Жемістердің зияны 
B) 
Дәрумендердің тарихы 
C) 
Бананның қасиеті 
D) 
Шипагерлік қасиеттер 
E) 
Көп жемістердің пайдасы 
 
6. 
Банан қандай ауруларға пайдалы? 
 
D) 
Көздің көру касиетін баяулатады 
E) 
Қартаю процесін ұлғайтады 
 
5. 
Мәтінге қай тұжырым сай келеді? 
1. 
Бананның емдік қасиеті көп. 
2. 
Бананды жегеннен ана сүті молаяды. 
A) 
Біріншісі дұрыс 
B) 
Екіншісі дұрыс 
C) 
Біріншісі бұрыс 
D) 
Екеуі де бүрыс 
E) 
Екеуі де дүрыc 
A) 
Талма дерті 
B) 
Қант диабеті 
C) 
Жүрек ауруы 
D) 
Остеохондроз 
3- 
мәтін 
E) 
Жүйке ауруы 
 
Менің  әкем  алғанына  емес,  біреуге  бергеніне  қуанатын  адам  еді.  Күзгі  жеміс  жинау  кезеңі  - 
әкемнің  өміріндегі  ең  бақытты  күндері  болатын.  Мәуе  төккен  күзгі  ағаштар  түбінде  асығыс- 
үсігіс  жеміс  жинап  жатқан  балаларға  мейірлене  ұзақ  қарап,  іштей  елжіреп,  нұрланып,  
рухтанып,  тіпті  көрер  көзге  кәдімгідей  жасарып  кететін  еді.  Маған  әкем  өзінің  өмірін,  күш- 
қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты жүздерін 
көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін. 
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан 
шығар,  әйтеуір  ауылда  біреудің  пеші  яки  тандыры  бұзылып  қалса  да,  есік-терезесі  қирап 
немесе  құдығынан  су  шыкпай  жатса  да  әкемді  шақырып  әкететін.  Өз  үйіміздегі  қыруар 
шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. 
Түн  ортасы  болса  да  орнынан  тұратын  да  әлгі  жәрдем  сұрап  келген  адамға  ілесіп,  үн-түнсіз 
үйден  шығып  кете  беретін.  Мұндайда  әкемнің  қабақ  шытқанын  көрген  емеспін.  Ең  бастысы 
әкем  өз  еңбегі  үшін  әлгі  адамдардан  көк  тиын  да  алмайтын.  «Еңбегіңіз  ғой,  алыңыз»  деп 
қоймайтын кісілерге катты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін 
ауылдастары  мұндайда: «Бізден қайтпаса,  кұдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. 
Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын. 
Бір жолы әкем үйге өте кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір калған бір көп балалы әйел 
бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем 

 
 
қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі: 

Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз қалай? 
- деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына 
сұрақпен жауап берді: 

Әркайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген 
малдан қандай айырмамыз болмақ? 
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған 
күлімсірей қарады. 
Қазір ойлап карасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын 
пәннен  мықтап  дәріс  беріп  кеткен  екен.  Бүгінгі  қиын-қыстау  кезеңнің  өзінде  ауылдастарым 
бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалган көршісінің тозығы жеткен 
шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен. 
7. 
Мәтінде суреттелетін кезең 
A) 
Соғысқа дейінгі жылдар 
B) 
Жеңіс қарсаңындағы жағдай 
C) 
Сотыс кезіндегі жағдай 
D) 
Соғыстың алғашқы жылдары 
E) 
Соғыстан кейінгі жылдар 
8. 
Ағасының зілді сөзіне қайтарган жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді? 
A) 
Өзімшілдігін 
B) 
Бірсөзділігін 
C) 
Сабырсыздығын 
D) 
Қырсықтығын 
E) 
Кеңпейілдігін 
9. 
Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын? 
1. 
Шешесі 
2. 
Ағасы 
3. 
Жеңгесі 
4. 
Көршілері 
5. 
Ауыл адамдары 
10. 
Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі 
A) 
Әкесі өзінен гөрі басқалардың қамын көбірек ойлаған 
B) 
Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған 
C) 
Әкесі тек өз үйінің камын ойлаған 
D) 
Әкесінің мінезі ауыр болған 
E) 
Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған 
11. 
Жеңгесінің әрекетінен оның қандай ойын аңғарамыз 
A) 
Күйеуінің сөзін қолдамайтынын 
B) 
Күйеуінің сөзімен келісетіндігін 
C) 
Мән-жайға немқұрайлылығын 
12. 
Мәтіннің негізгі ойы кандай? 
D) 
Інісінің сөзін қолдамайтынын 
E) 
Жағдайды түсінбегендігін 
A) 
Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені туралы айту 
B) 
Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы 
C) 
Әкесіне деген өкпесін жеткізу 
D) 
Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату 
E) 
Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету 
4- 
мәтін 
1. 
Астрономияда  жаңа  туған  айдың  ұштарын  «Ай  мүйіздері»  дейді.  Халық  сүйікті  деген 
малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды. 
2. 
Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ 
болып  мақтанып,  Күн  оны  қызғанып  Айдың  бетін  тырнап,  оған  дақ  түсірген.  Кесірлі  Ай 
жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын 
немесе  кемігенін  ел  Ай  «қорғалады»  дейді.  Күнге  жакындап  барғанда  Ай  «қорғалап»  бетін 
жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. 
Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
3. 
«Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы казақ ортасында 
елеулі  оқиға  болып  келді.  Жаңа  туған  Айды  көргенде  шаруа  адамның  көңіліне  әр  түрлі  ой 
келеді,  шаруаға  жайлы  бола  ма,  жоқ  жайсыз  бола  ма  деген  ойлар  тумай  қоймайды.  Қазақ 
арасында  егер  Ай  тігінен  туса,  ауа  райы  шаруаға  жайлы,  жылы  болады.  Ал,  Ай  шалқасынан 
жатса,  ай  суық,  жайсыз  болып  өтеді.  Мұны  «Айдың  өзіне  жайлы,  халыққа  жайсыз  болғаны» 
дейді. 
4. 
Қазақ  тұрмысында  Айды  қастерлеуге  себеп  көп  болды:  Ай  болмаса,  түн  қараңғысын 
жамылып  қасқыр  да,  ұры  да  малға  шабуылды  күшейтеді,  шаруа  жайымен  ұзақ  түн  қату  да 
қиын тиеді. Аталарымыздың ай караңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске 
алсак,  неліктен  айды  қастерлегендігін  жақсы  түсінеміз.  «Қараңғыалғыр»  деген  сөз  тегін 
шықпаған.  Елдегі  үлкен  ақсақалға  Айға бата қыл  дегенде:  -  Ай шалқасынан  туыпты,  бұл  мен 
бата  қылмайтын  Ай  екен,  -  депті.  Жұрттың  бұл  сенімдерін  саралай  келіп,  ғылыми  түрғыдан 
келгенде  мынадай  қорытынды  шығарамыз. 
2
Ж
8
а
7
ңа  туған  Айдын  қалпына  қарай  жұрттың  ауа 

 
 
райы өзгереді дегені бос сөз емес. 
5. 
Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан 
жатады»,  өйткені  қыстыгүні  түнге  қарай  эклиптика  (Күн  жолы)  аспанда  жоғары  тұрады,  Ай 
жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарық береді 
де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен 
ауа  райының  арасындағы  бұл  қызық  іліктестік  Күн  мен  Айдың  аспандағы  жолдарының  әр 
мезгілдегі өзара орналасуына байланысты. 
6. 
Атан  түйе  мен  шіркей қандай  болса,  үлкендігі  жағынан  алғанда Күн  мен  Ай  да  сондай.  Ай 
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес 
білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, карақшы бәрі де 
Айды  бақты.  Ойшыл,  сыншылдар  да  тіпті  еріккенде  Айға  қарады.  Кәне,  ойланайықшы,  «Мен 
ұрлық  қылғанда  ай  жарық  болды»;  «Ай  қарап  тұрсың  ба?»  дегендей  сөздер  де  бар  емес  пе? 
Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш peт ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды 
кордім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді. 
7. 
Өмір  бақи  меңіреу  жатқан  кең  дүниенің  түкпірлерін  шарлауда  адам  перзенттерінің  аяғы 
тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет 
болып табылмақ. 
 
13. 
Ай бетіндегі дақтар
 
A) 
Төбешіктері 
B) 
Қыраттары 
 
C) 
Тегістеу жерлері 
D) 
Күнгей жерлері 
 
E) 
Ойпаттау 
жерлері 
14. 
Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі
 
A) 
Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым 
B) 
Күн жылы болады деген сенім 
C) 
Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет 
D) 
Ескі ай мен жаңа айды салыстыру 
E) 
Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек 
15. 
Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз
 
A) 
Тұлпар мен серке 
B) 
Жылқы мен құлын 
C) 
Бура мен құмырсқа 
D) 
Өгіз бен бұзау 
E) 
Қой мен ешкі 
16. 
Айдың тууына байланысты халық әрекеті.
 
A) 
Ауа райын болжаған 
B) 
Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
C) 
Болашағын болжаған 
 
D) 
Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған 
E) 
Құстардын 
қайтуын 
болжаған 
17. 
Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата 
қылмайтын Ай екен» деуінің сыры
 
A) 
Толған айға катысты беріледі 
B) 
Ырым, наным-сенімге байланысты 
C) 
Айға батаны жас адамдар ғана береді 
D) 
Айға бата беру - надандық 
E) 
Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы 
18. 
«Ай түяқты тұлпарым, Аймүйізді ақ серкем» деп мадақтау төрт түліктің қайсысына қатысты 
айтылған?
 
A) 
Жылқы мен койға 
B) 
Түйе мен қойға 
C) 
Жылқы мен сиырға 
D) 
Қозы мен ешкіге 
E) 
Жылқы мен ешкіге 
19. 
Аңыз бойынша Ай өзінің кандай мінезінің кесірінен жапа шегеді?
 
A) 
Қарапайымдылығынан 
B) 
Мақтаншақтығынан 
C) 
Ұялшактығынан 
20. 
Тұжырымдардың дұрысын табыңыз: 
D) 
Көреалмаушылығынан 
E) 
Қызғаншақтығынан 
1.  Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді. 
2.  Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді. 
3.  Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді 
A) Бірінші мен үшіншісі 
B) Үшіншісі 
C)  Екіншісі 
D)  Екінші мен үшіншісі 
E)  Үшеуі де 
 
288 

 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет