I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет51/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


2364-Нұсқа 
1-мәтін 
Жер  шарында  теректің  жүзден  астам  түрі  бар.  Біздің  елімізде  теректің  отыз  шақты  түрі 
кездеседі.  Қазақстан  жерінде  ақ  Терек,  көк  терек,  кара  терек,  мырза  терек  сияқты  түрлері 
өсіріледі. 
Терек  өте  тез  өседі.  Оның  биіктігі  елу  метрге  дейін  жетеді.  Мүндай  әсем  де  ірі  ағаш  көше 
бойына,  аулаға,  су  қоймаларының  жағалауына  отырғызылады.  Қалалар  мен  ауылдарды 
көгалдандыруға, егіс алқабым қорғауға пайдаланылады. 
Теректің  бір  артықшылығы  -  көп  күтім  тілемейді.  Оны  көшеттерден  көбейтуге  болады. 
Теректің  кейбір  түрлері  жүз  жиырма,  жүз  елу  жыл  өседі.  Терек  ағашы  жұмсақ  болады.  Одан 
сіріңке, қағаз, түрлі бүйымдар жасалады. Теректі құрылыста да кеңінен пайдаланады. 
I. 
Түжырымдардың дұрысы: 
1. 
Терек баяу өседі 
2. 
Терек көп күтім тілемейді. 
3. 
Терек қатты ағашқа жатады. 
A) Үшеуі де 
B) Тек екінші 
C) Екінші мен үшінші 
2. 
Мәтін тақырыбын анықтаңыз. 
A) 
Қазақстанда өсетін ағаштар 
B) 
Ағаш түрлері 
C) 
Терек ағашы 
D) 
Ағаштың пайдасы 
E) 
Ағаш өнімдері 
D) Бірінші мен екінші 
E) Тек бірінші 
 
 
 
 
 
 
2-мәтін 
 
Екі  дос  бір  егістікте  жұмыс  істейтін.  Бірі  үйленген,  3  баласы  бар.  Екіншісі  -  бойдақ.  Күн 
батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің 
бірінде  бойдақ  болғаны  ішінен:  «Өнімді  және  шыққан  пайданы  тепе-тең  бөлгеніміз  дұрыс 
болмады»,  -  деп  ойлайды.  «Мен  жалғыз  тұрамын,  сондықтан  да  айтарлықтай  көп 
қажеттілігім  де  жоқ».  Осындай  ойымен  түн  сайын  үйінен  шығып,  бір  қап  өнімді  жасырын 
түрде досының үйінің алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім 
мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар - 
қартайғанымда  олар  маған  қарайтын  болады.  Досымның  болса  ешкімі  жоқ,  қартайған 
кезінде оған қарайтын адам болмайды», - дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден 
шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы 
қаптар  саны  неліктен  еш  азаймағанын  екі  доста  түсінбей  жүреді.  Бір  түні  жасырын  түрде 
бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған 
жағдайды  түсінеді.  Қаптарды  жерге  қоя  салып  достардың  бір-біріне  деген  адал  ниеті  мен 
достығы алдында көз жастарын тыя алмады. 
3. 
Неліктен достардың өнімі азаймады? 
A) 
Екеуі еңбексүйгіш болғандықтан 
B) 
Өнімді көп жинағандықтан 
C) 
Өнімді үнемдеп пайдаланғандықтан 
D) 
Жерлері құнарлы болғандықтан 
E) 
Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан 
4. 
Екі дос неліктен өнімді бір-бірінің үйіне тасыды? 
A) 
Өзі үйленбеген, бойдақ болғандықтан 
B) 
Досына қарыз болғандықтан 
C) 
Досы өтініш жасағандықтан 
D) 
Досы отбасын асырай алмағандықтан 
E) 
Досына көмектескісі келгендіктен 

328 
 
 
5. 
Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A) 
Ниеттес адамдардың мейірімділігін үлгі ету 
B) 
Адал еңбек етуге шақыру 
C) 
Адамдарды кәсіппен айналысуға шақыру 
3-
 
D) 
Көркем мінезді үлгі ету 
E) 
Үлкенді сыйлауды дәріптеу 
6. 
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) 
Ақымақ достан ақылды қасың жақсы. 
B) 
Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды, Жер - қазына саусаң да 
таусылмайды. 
C) 
Жақсы жұмыс - жанға тыныс. 
D) 
Еңбегің қатты болса, 
Татқаның тәтті болар. 
E) 
Айтулы достың малы бір, 
Кемедегінін жаны бір. 
3-мәтін 
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүлірлей қапты. Анау - 
темірқазық, анау - жетіқарақшы. Анау - ақбоз, көкбоз... Анау... Алырау, ат құлағының арасынан 
қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ 
шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны  көзің 
бірден  шалып  тұр-ау!  Онын  сиқыры  неде  екен?  Әлде  жұп  ажыратпай  бірге  туып,  бірге 
бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған 
сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың 
жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін 
алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, 
бірін-бірі  төбеден  нұқып  жатқан  әумесер  дүниеде  аз  халықтарға  да  осы  Үркер  мінез  керек 
шығар!  Бәлкім,  олар  мынау  ұйтқымасы  көп  аласапыран  дүниеде  тек  Үркердей  тығыз  тұрып, 
дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман 
қала алатын шығар... 
Жолға  шыққанда  Үркердің  маңдайынан  туғанын  жақсылыкқа  жорымаушы  ма  еді!  «Үміт 
артсаң,  Үркерге  қара!»  деуші  еді  ғой.  Желтоқсанда  да  Үркердің  ат  құлағынан  асып 
көтерілмегені  алдағы  қыстың  жайлылығы  шығар.  Алдыңда  жақсылықтан  асқан  бақыт  бар 
дейсің бе! 
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайыңның ашылайын дегені ме 
екен?! 
He  де  болса  үміт  бар  ғой.  Қаршадай  Ералы  көз  көрмеген  алыс  жолға  сол  үмітпен  аттанды 
ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Енді, не де болса, бір үміт бар 
емес пе. 
Ендеше,  мынау  Үркер  де  жақсылығымен  туған  шығар.  Тек  бұның,  тек  мынау  талайды  көріп, 
талай  тауға  басын  соққан  көнтері  жұртының  алдынан  ылғи  осылай  үміт  шырағы  туып 
тұрғандай! 
7. 
Мәтін  мазмұнына  сәйкес  «Бәлкім,  мынау  бірін-бірі  иықтап,  бірін-бірі  төбеден  нұқып 
жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор 
қандай нәрсеге назар аудартады? 
A) 
Шынайылыққа 
B) 
Сабырлыққа 
C) 
Бірлікке 
D) 
Сенімділікке 
E) 
Турашылдыққа 
8. 
Автордың «. Тек бұның,,тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соқкан көнтері 
жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты 
қандай? 
A) 
Өткеніне налу 
B) 
Келешегінен қорқу 
C) 
Өткенді дәріптеу 
D) 
Болашаққа алаңдау 
E) 
Болашаққа сенім арту 
9. 
Автордың жұлдыздар мен түнгі аспанды суреттеген жыл мезгілі 
A) 
Жазғытұры 
B) 
Жаз 
C) 
Көктем 
D) 
Күз 
E) 
Қыс 
10. 
«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген? 
A) 
Ерекше әдемі болғандықтан 

329 
 
 
B) 
Жаксылыққа жорығандықтан — 
C) 
Түн жарық болатындықтан 
D) 
Дәстүрді құрметтегендіктен 
E) 
Түн жылы болатындықтан 
11. 
Мәтіндегі Үркер сипаты 
A) 
Таң алдында ғана көрінетін жұлдыз 
B) 
Ұсак, солғын шоқжұлдыз 
C) 
Түсі көгілдір, оқшау жұлдыз 
D) 
Тез туып, тез сөнетін жұлдыз 
E) 
Ерекше жарық жұлдыз 
 
 
 
12. 
Мәтіннің тақырыбы қандай? 
A) 
Дала халқы 
B) 
Сабырлы халык 
C) 
Ырымшыл халық 
D) 
Жайлы ауа райы 
E) 
Күндізгі аспан 
4-мәтін 
I.  Жеделхат  -  телеграф  (телетайп)  арқылы  берілетін  жедел  сипатты  құжат.  Қазіргі  заманда 
ақпаратты  жедел  жеткізудің  факс,  интернет  сияқты  түрлері  де  болғанымен,  жеделхаттар  өз 
маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне 
чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал 
телефон  арқылы  жүргізілген  әңгімені  іске  тігіп  қоя  алмайсың,  сондықтан  ең  ыңғайлысы 
жеделхат болып табылады. 
II. 
Жеделхатты  кез  келген  қызметкер  құрастырып  жібере  алады;  қажет  болған  жағдайда 
жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 
сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.
 
Жеделхат  мәтіні  қысқа,  дәл,  ең  ұзақ  дегенде  300  сөзден  аспауы  керек.  Қысқа  жеделхаттың 
бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн. 
III. 
Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде 
жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген 
немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып 
үшке бөлінеді.
 
Басқа  құжаттар  сияқты  жеделхаттың  да  өз  реквизиттері  болады.  Олар:  жеделхаттың 
категориясы  мен  түрі,  номер!,  датасы,  жіберілген  уақыты,  алушының  аты  мен  адресі,  мәтін, 
қол. 
ГѴ. Жеделхат ... 
Мекенжайы  («кімге»).  Алдымен  жеделхатты  алушының  толық  почта  индексі,  елдің  аты,  елді 
мекеннің аты, типі (қала, ауыл. т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы: 
480021, Қазақстан, 
Алматы каласы, 
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 немесе 
250000, Украина, 
г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44. 
Алушыньщ  аты-жѳні  («кімге»).  Адресатгьщ  аты-жѳні,  әкесінің  аты  толык  жазылады,  кейде 
фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Білім меңгерушісіне» т.б. 
V.  Жеделхат  мәтіні.  Жеделхаттың  негізгі  мақсаты  керекті  ақпаратты  тез  жеткізу  
болғандықтан,  оны  қыска  және  түсінікті  етіп  жазу  керек.  Бірақ  сөздерді  түсініксіз  етіп 
қысқартып  тастаудың  кажеті  жоқ,  түсінікті,  стандарт  қысқартуларды  ғана  пайдаланган  жөн. 
Егер  жеделхат  мақсаты  алушыдан  ақпарат  алу  немесе  мәселені  шешу  т.б.  болса,  онда 
етістіктерді  бұйрық  рай  түлғасында  беріңіз.  Мысалы:  «жіберіңіз»,  «салып  жіберіңіз»,  «шешім 
қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашык рай тұлғасында 
қолданылатын. Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б. 
«Тез  арада»,  «жеделдетіңіз»,  «жедел»,  «қалай  да»  сѳздерін  орынсыз  кѳп  қолданудың    қажеті 
жок,  себебі  сіздің  жеделхат  жібергеніңіздің  өзі  алушыға көп  нәрсені  білдіріп  тұр.  Цифрларды 
жазбаша  жазған  дұрыс.  Мысалы:  101347  -  бір  нөл  бір  үш  төрт  жеті,  бұларды  бір  сөз  ретінде 
біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті. 
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері 
қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды. 
Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия қажет болғанда жіберушінің 
кызметі қоса көрсетіледі. 
13. 
Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын етістік 
формасы 
A) 
Бұйрық рай 
B) 
Шартты рай 
C) 
Қалау мен ашық рай 
D) 
Ашық рай 
E) 
Қалау рай 

330 
 
 
14. 
Қай жауапта IIІ бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп тұр? 
A) 
Құжат елден шетелге жіберілгенде «жедел» деген белгі қойылады. 
B) 
Ел мен ел арасында жүретін құжаттарды «сыртқы» құжаттар дейді. 
C) 
Бір ел ішінде қатынап жүретін құжаттарды «жай» құжаттар дейді. 
D) 
Ел ішінде жүретін хаттарға ешқандай белгі қажет емес. 
E) 
Халықаралық құжаттарда «үкіметтік» деген белгі болуы мүмкін. 
 
15. 
Жеделхаттың мәтініндегі ең кѳп сөз 
саны 
A) 
300 
B) 
150 
C) 
200 
D) 
100 
E)  
250 
17. 
Қандай 
кұжат  түрі 
ақпараттық- 
анықтамалық кұжаттарға жатпайды? 
A) 
Акті 
B) 
Құттықтау хат 
C) 
Телефонхат 
D) 
Түсініктеме 
E) 
Жеделхат\ 
19. 
Жеделхатты  жеткізудің  ең  қысқа 
мерзімі 
A) 
10-12 сағат 
B) 
3 сағат 
C) 
Жарты сағат 
D) 
1 сағат 
E) 
24 сағат 
16. 
Қандай  сөзді  IV  бөлімдегі  кѳп 
нүктеніңорнына қоюға болады? 
A) 
сипаты 
B) 
құрастыру үлгісі 
C) 
бланкісі 
D) 
толтыру үлгісі 
E) 
мәтіні 
18. 
Жеделхаттың бөлінуі 
A) 

B) 
2 
C) 

D) 

E) 

 
20. 
Жеделхатта цифрлардың жазылуы 
A) 
Цифрлар жазылмайды 
B) 
Бөлшек түрінде 
C) 
Рим цифрымен 
D) 
Арап цифрымен 
E) 
Жазбаша жазылады 
2365-нұсқа 
1- 
мәтін 
Нан тарихының тамыры ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне Қарағанды, ол 
он  бес  мың  жылды  құрайды  екен.  Алғашқы  нанның  өсімдігі  бидай  да,  сұлы  да,  арпа  да  емес, 
кәдімгі емен екен. 
Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан ұн жасаған. Бұган археологтардың қазба жұмыстары 
дәлел.  Дәнді-дақылдарды  қолдан  егуді,  оның  дәнінен  ұн  жасауды  адамдар  бірте-бірте 
меңгерген.  Сұйық  ботқа  -  қазіргі  нанның  бастапқы  түрі  болған.  Ал  Африка  мен  Азиянын 
бірқатар елдерінде осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады. 
1. 
Мәтін мазмұнына кай мақал сәйкес келеді? 
A) 
Ac - елдің құты 
B) 
Жаман ауруға жақсы ас 
C) 
Ac атасы - нан 
2. 
Алғашқы нан неден жасалған? 
A) 
Емен жаңғағынан 
B) 
Қарағай жаңғағынан 
C) 
Шырша жаңғағынан 
D) 
Ac иесімен тәтті 
E) 
Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп 
 
D) 
Арпа-бидайдан 
E) 
Ұннан 
 
2- 
мәтін 
1. 
Сонау көне заманда, бүгінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты 
қос Пырақ өмір сүріпті. Сол қос Пырақты  бүгінгі Қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн 
мен  Сақтың  ата-бабалары  алғаш  рет  ауыздықтап,  жанына  серік  етіпті.  Сөйтіп,  «Ат  -  ердің 
қанаты»  деп,  желден  жүйрік  тұлпар  мінген,  тұлпар  емес-ау,  Пырақ  мінген  Ерлердің  рухы 
биіктеп, бойларына желік бітіпті. 
2. 
Сонымен олар ұшса, қайыспас қанат, ұмтылса, қайырылмас қару болып, жер-дүниені кезіп, 
шарлапты.  Бергеннің  қолынан,  бермегеннің  жолынан  деп,  ел  мен  жерді  жаулапты.  Шығыста 
сонау Амурдан, Батыста сонау Дунайға, тіпті Римге дейін саулапты. Бірақ, бір уақыттарда «ел 
аралаған сыншы болар» дегендей, Ерлер есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп, 
«Отан - оттан да ыстық», «Өз елім - өлең төсегім» деп, Ергенеқон еліне қайтып оралыпты. 
3. 
Олар қайтып оралғанда, алдарынан қалқып Қыран шығыпты. 

Иә, не көрдіңдер, не түйдіңдер? - депті Қыран. Сонда қос Пырақ: 

Көргенімізді айтсақ, көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, әркімнің өз жері - жұмақ екен, - депті. 

331 
 
 

Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың, - деп қостапты Қыран. 

«Кісі елінде дүркірегенше, өз еліңде дүркіре» деген екен, Алтын Шаңырағымызды өз 
еліміздің төріне тігуге бел байладық. 
4. 
-  Онда  алдарыңнан  жарылқасын,  -  депті  Қыран.  Сол  Шаңырағымыз  биік,  берекелі  болсын, 
нұр  шашсын,  шайқалмасын  деп,  қанаттың  астына  алып,  Жұлдызымыз  әрдайым  жоғары 
болсын деп, қырағы қорғаны болу керек. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, мен де Көк 
төрінде төбелеріңнен қалықтайын. Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды асқақтатайын. 

Тауып айттың, Қыран! Ынтымақ түбі - игілік. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты 
елдің мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт емес пе!? 
7. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A) 
Ауызекі сөйлеу стилі 
B) 
Ресми іс қағаздар стилі 
C) 
Публицистикалық стиль 
8. 
Мәтіннің тақырыбы қандай? 
A) 
Ұлттық рәмізіміз - әнұранның шығу тарихы 
B) 
Ата-бабаларымыздын тарихы 
C) 
Қос Пырақтың әңгімесі 
D) 
Көркем әдебиет стилі 
E) 
Ғылыми стиль 
D) 
Ұлттық рәміздер - елтаңба мен тудың пайда болуы 
E) 
Ергенеқон елінің бақытты өмірі 
9. 
Мәтіннің мазмұны қай үлгіде кұрылған? 
A) 
Эпос 
B) 
Ертегі 
C) 
Аңыз 
D) 
Қисса 
E) 
Дастан 
10. 
Мәтіннің 2-азатжолындағы ойға сәйкес тұжырым(-дар) 
1. 
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 
2. 
Туған жер - тұғырың. 
3. 
Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар. 
A) 
Бірінші, үшінші 
B) 
Үшеуі де 
C) 
Бірінші, екінші 
D) 
Екінші, үшінші 
E) 
Тек бірінші 
11. 
Қос Пыракты ауыздықтаған Ерлердің алғашқы әрекеті қандай болды? 
A) 
Елдермен достасты 
B) 
Елін асқақтатты 
C) 
Елдерді аралады 
D) 
Елдін басын қосады 
E) 
Айла ойлады 
12. 
Мәтіннің негізгі ойы қай бөлім(-дер)де берілген? 
A) 
Екінші және төртінші 
B) 
Үшінші және төртінші 
C) 
Екінші 
D) 
Үшінші 
E) 
Бірінші 
 
3- 
мәтін 
1. 
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір- бірімен сауда байланысын 
жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, 
алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы 
аң  терілері,  қола  мен  темірден  жасалған  заттар,  мата,  азық-түлік  және  басқа  да  тауарлармен 
алмасқан.  Кейіннен  ақшаға  сауда-саттық  басталып,  көптеген  елдер  мен  қалаларды 
байланыстырған орталықтар - базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. 
2. 
Жолдар бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, 
көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осындай сауда жолдарының арқасында Eypoпa мен Азияны 
біріктірген  Ұлы  Жібек  жолы  пайда  болды.  Ол  жолдардың  әрқайсысының  өз  аттары  болған. 
Мысалы, «лазурит», «нефрит» жэне «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы» — Мысыр, Иран, 
Вавилон елдеріне лазурит (ляпис - лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте 
кәделі  саналып,  аса  жоғары  бағаланған.  «Нефрит  жолымен»  қытай  патшалары  мен  бай- 
шонжарларына  арналып  жасалатын  зергерлі  әшекей  бұйымдарына  қажетті  асыл  да  әдемі 
гауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы 
елдерге таралған. 
3. 
Ұлы  Жібек  жолы  бүкіл  адам  ағзасын  қоректендіруші  қан  жүйесіне  ұқсас.  Себебі  ол  бүкіл 
Eypoпa  мен  Азия  елдерінің  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіндік  туғызып,  ондағы 
халықтарды  біріктіреді.  Ұлы  Жібек  жолы  ежелгі  атау  емес, ол  1877 жылы  пайда болған.  Оны 
қолданысқа  енгізген  белгілі  неміс  географы  Фердинанд  фон  Рихтгофен.  Жолдың  бұлай 
аталуына  сауданың  негізгі  заты  Қытайдан  шығарылатын  жібек  мата  себен  болды.  Сонау 
Eypoпa  мен  Азияны  біріктіріп  жатқан  бұл  жол  адамзатты  ғажайып  жетістіктерге  жеткізді. 
Дамыған  елдердің  бір-бірімен  сауда-саттықпен  айналысуына,  ғылым  салаларының  дамуына, 

332 
 
 
діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті. 
4. 
Ұлы  Жібек  жолы  ежелгі  Қазакстан  жерімен  де  өткен.  Ең  негізгі  сауда  жолы  Тянь-Шань 
тауының  етегімен,  Сырдария,  Талас,  Шу,  Іле  аңғарлары  арқылы  Қытайға  ұласқан.  Жолдың 
ендігі бір  бөлігі  Яксарт,  Сейхун  деп  аталған  Сырдария,  Орал  (Жайық)  өзендерін  жағалай  ары 
қарай  Қарагеңіз  маңы,  Византия  мен  Батыс  Eypoпa  жерлеріне  дейін  созылып  жатыр.  Негізі  
күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға 
қарай  жолдар  өткен.  Осындай  жолдардың  бойында  Испиджап,  Отырар,  Түркістан,  Тараз, 
Сауран,  Саудакент  сияқты  ірі  қалалар  болған.  Бұл  қалалардың  өркендеуіне  Ұлы  Жібек 
жолынын тигізген әсері зор. 
Жібек жолындағы тарихи қала - Йасы, ол кейіннен Түркістан атанған. Ол да сол кездердегідей 
негізінен  саз  балшықтан  кұйылған  кірпіштермен  тұрғызылған.  Қала  орталығында  биік 
күмбезді  цитаделі  болған,  Қожа  Ахмет  Йассауидің  кесене  ғимараты  -  бүкіл  Орта  Азиядағы 
сәулет  өнерінің  керемет  үлгісі.  Йасы  қаласы  XII  ғасырда  аса  дәуірлеген:  қолөнері  мен  ауыл 
шаруашылығы қатар дамыған. 
13. 
Лазуритті аса жоғары бағалаған елдердің бірі 
A) 
Қытай 
B) 
Византия 
C) 
Ирак 
D) 
Мысыр 
E) 
Монголия 
14. 
Ұлы Жібек жолы тарихындағы қазіргі қала 
A) 
Бозоқ 
B) 
Сарайшық 
C) 
Түркістан 
D) 
Отырар 
E) 
Саудакент 
15. 
Жолдың атауына негіз болған зат 
A) 
Аң терілері 
B) 
Қытай фарфоры 
C) 
Асыл тастар 
 
D) 
Жібек мата 
E) 
Інжу-маржандар 
16. 
Мәтіннің 3-азатжолына қандай тұжырым сәйкес келеді? 
A) 
Йасы қаласы VII ғасырда өте дамыған қалалардың біріне айналды. 
B) 
Ұлы Жібек жолы Eypoпa мен Азия елдерінің қарым-қатынас жасау мүмкіндігін туғызды 
C) 
Ежелгі Қазақстан қалалары да Ұлы Жібек жолының бойында жатты. 
D) 
Көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар -жәрмеңке, сауда жолдары 
ашылды. 
E) 
Адамдардың тауар алмасу қажеттілігінен базарлар пайда болды. 
17. 
Бесінші азатжолда сөз болатын өнер түрі 
A) 
Жазушылық 
B) 
Сәулет өнері 
C) 
Музыка 
D) 
Сурет 
E) 
Поэзия 
18. 
Аңдардың бағалы терісін тасымалдаған жолдың атауы 
A) 
«Нефрит жолы» 
B) 
«Лазурит жолы» 
C) 
«Гауһар жолы» 
D) 
«Алтын жолы» 
E) 
«Құндыз жолы» 
19. 
«Нефрит» жолымен тасымалданған басты зат 
A) 
Аң терісі 
B) 
Алтын 
C) 
Гayhap тас 
D) 
Лазурит 
E) 
Күміс 
20. 
Қазақстанның ірі қалалары арқылы өтетін Жібек жолының бір тармағы қайда апарған? 
A) Тянь-Шань тауына 
B) Қара теңіз маңына 
C) Мысыр мен Иранға 
D) Византия мен Батыс Еуропаға 
E) Алтай мен Моңғолияға 
 
2367-нұсқа 
1-мәтін 
Құмда өсетін сексеуіл орман ағаштарына ұқсамайды. Онда жапырақ жоқ. Оның орнына 
жасыл шашақ, бұтақтар өседі. Жапырақ аз болған сайын ылғалдың булануы көп болмайды. 
Өсімдіктер осылайша ыстыққа да қалыптасады. 
Құмайт  дала  өсімдіктері  ылғалдың  мол  кезі  -  ерте  көктемде  немесе  күз  түскенде  тіршілік 
етуге  бейімделген.  Ерте  көктемде  құмның  арасы  бірнеше  аптадай  кілемше  құлпырады.  Қияқ 
арасынан  қызыл  гүл  шығады.  Шөл  даланы  бір  сәт  алауға  бөлейді.  Көп  ұзамай  күн  ысиды. 
Жасыл  кілемді  сарғайтады,  өсімдіктерді  күйдіріп  жібереді.  Алайда  өсімдіктер  гүлдеп,  тұқым 
шашып үлгереді. 
1. 
Сексеуілгүлі 
A) 
Жасыл 
B) 
Гүлдемейді 

 
 
C) 
Жапырақты 
D) 
Түрлі-түсті 
E) 
Қызыл 
2. 
Сексеуіл кандай жерде өседі? 
A) 
Егінді далада 
B) 
Көл жағасында 
 
 
 
C) 
Шөлейт жерде 
D) 
Тоғай ішінде 
 
 
 
E) 
Орманды алқапта 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет