ХVІ «Менің сүйікті актерім»-5 сағат.
Қазақ халқының белгілі актерлері. Қазақ киносының жұлдыздары. Шәкен Айманов. Асанәлі Әшімов . Жіктеу есімдігі.
1. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Шәкен Айманов Алдаркөсе, ...
|
... әртүрлі бейнелерді сомдады.
|
2. Асанәлі Әшімов Құрманғазы атындағы ...
|
... Жамбылдың рөлдерінде ойнады.
|
3. Нұрмұқан Жантөрин 80-ге жуық фильмдерде ...
|
... Ленинград кинофестивалінде «Ең таңдаулы ана рөлі үшін» деген атаққа ие болды.
|
4. Әмина Өмірзақова «Ана туралы аңыз» фильміндегі ана рөлі үшін ...
|
... Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
|
2. Берілген есімдіктерді мағыналық түрлеріне қарай топтастырыңыз.
Жіктеу есімдігі-----------------------
Сілтеу есімдігі-----------------------
Сұрау есімдігі------------------------
Не?, мен, анау, қайсы?, сіз, біз, осы, нешеу?, мына, сен, ол, қанша?, бұл, мынау, оның, сол, оған, менің.
3. Жақша ішінде сөздерді дұрыс тұлғада қолданыңыз, септік жалғауын анықтыңыз.
Сұранысқа ие жас (актерлер) бірі-Берік Айтжанов. Ол «Жау жүрек мың бала» (фильмі) Әбілқайыр ханның рөлін керемет ойнады. Сонымен қатар жас (актерлер) бірі-Санжар Мәдиев. Ол «Жүрегім (мен)-Астана», «Құрбылар», (фильмдері) сомдады. Аға буын өкілі Асанәлі Әшімов соңғы жылдары бірнеше (жоба) қатысты. 2011 жылы актер «К вам едет доктор Ахметова» (сериалы) басты рөлін ойнады.
4. Көп нүктенің орнына жіктеу есімдігін қойыңыз.
... Отандық киноларды көргенді ұнатамын. ... Қазақстандық киноларды отбасымызбен көреміз. ... сүйікті актерім-Асанәлі Әшімов. ... «Қыз Жібек», «Нанның дәмі», « Атаманның ақыры» фильмдерінде ойнаған. ... «Қыз Жібек пен Төлеген» фильмі өте ұнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |