І. «Жайлауға бардым» 5 сағат


Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз



бет2/18
Дата29.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#151205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
5-с деңгейлік тапсырмалар

2. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1) Денсаулықтың жақсы болуы ... .
2) Дұрыс тамақтану ... , ... .
3) ... , ... тамақты күнде бір мезгілде ішу керек.
4) ... мен ... адамға өте пайдалы.
5) ... әбден шайнап жұту керек.
3. Дидактикалық ойын: « Егер де..- не болар еді?»
- Егер де күн болмаса не болар еді?
- Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.
- Егер де су болмаса не болар еді?
- Шөптер құрғайды, шөлдейміз.
- Егер де ауа болмаса не болар еді?
- Дем ала алмаймыз.
4. Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз.
1 Азық - түлік базарда, дүкенде сатылады.
2 Адам күніне бір рет тамақтану қажет.
3 Ас адамға күш береді.
4 Аста адамға қажетті дәрумендер жоқ.
5 Азық-түлік адамға қажет емес.
6 Ас - адамның арқауы
5.Тиісті жалғауларды қойып, тамақты қалай жеу керек екендігі жайында айтыңыз.
1. Нанды ортақ тәрелке ... қолымен басқа тілімдерге тимей, өз тәрелкесі.... салып, шетінен сындырып жейді.
2. Қуырылған тамақ ... пышақ пен шанышқыны пайдаланып жейді.
3.Күріш... шанышқы ... жейді.
4.Торт... дастарқан ... кесіп әкеледі?
5. Картоп пен көкөніс... сол қолға ұстаған шанышқы .... бөлшектейді, пышақ... картопты ұстап отырады.
ІІІ «Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз» - 5 сағат.
Тіл білу-өнер. Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі. Қазақ тілін үйрену жолдары. Туған тілде сыры терең жаным бар. Қазақ тілін үйренейік.Зат есім, оның түрлері.
1. Берілген нақыл сөзді оқып, тілдің қоғамда қаншалықты қажет екенін түсіндіріңіз.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр етте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырза Әли)
2. «Тіл» сөзіне синквейін әдісін қолданыңыз.
1. Зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
3. Өлеңнен қазақ тіліне тән дыбыстарын тауып талдаңыз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім-жүрек үнім, наныңдар!
Нанабасаңдар, жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет