І. Жансүгіров атындағы жетісу



бет73/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы- халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субьектілерінің теңдігі – мемлекеттің материалдық - техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделнтіні, ал мемлекет меншіктің барлық субьектілерінің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететіндігі жөніндегі ереже бекітілген. Республика басқа мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз ететін оның құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демократизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны – олардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктердің Конституция мен заңдар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен қабылдауға, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет