І. Жансүгіров атындағы жетісу


Теңдік, еркіндік және әділеттік



бет75/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)

Теңдік, еркіндік және әділеттік


тұрғыдағы құқық
Формалді теңдік тұрғысындағы құқық осы пәнді игеруде ерекше орын алады.Әртүрлі адамдарды құқықтық теңестіру негізі және өлшемі құқық

қабілеттілігі мен құқық субъектілігі бітімін мойындау әрі растау түріндегі қоғамдық қатынастардағы индивидтер еркіндігі болып табылады.
Құқық тарихы-формалдық (құқықтық) теңдіктің мазмұны, көлемі, мөлшері және өлшемінің дамудағы тарихы, осы принцип кез келген құқық жүйесіне, жалпы құқыққа тән. Адамдар қатынасындағы еркіндік пен құқықтың тарихи дамуының әртүрлі кезеңдеріне еркіндіктің өзіндік мөлшері және өзіндік өлшемі, өзіндік субъекттер ортасы және еркіндік пен құқық қатынастары, бір сөзбен айтқанда, формалдық (құқықтық) теңдік принципінің өзіндік мазмұнына тән. Сөйтіп, формалды теңдік принципі құқыққа әрқашан тән-тарихи өзгерістегі мазмұн принципін негізге алады.
Жалпы алғанда формалдық теңдік принципінің мазмұны, көлемі, әрекет өрісінің тарихи эволюциясы құқыққа тән бола тұрып, өзге әлеуметтік реттеуліктерден (мораль, дін және т.б.) ерекшеленеді. Осыны ескере отырып былай айтуға болады: құқық дегеніміз қоғамдық қатынастардағы адамдардың формалдық теңдік принципі арқылы еркіндікті нормативтік формада білдіруі.
Еркіндік тұрғысындағы құқық пәнінің негізгі қарастыратын мәселелерінің бірі.
Еркіндік пен теңдік бөлінбейді және бірін-бірі өзара ұйғарады. Бір жағынан алғанда, еркіндіктің адами өлшемінің бастапқы және анықтаушы бітімі еркін индивид болып табылады - ол жалпы алғанда

құқыққабілеттілігі мен құқықсубъектілігінің қажетті негізі; ал басқа жағынан алғанда, индивидтердің осы еркіндігін сол индивидтердің анықталған шеңбердегі арақатысанстарының әмбебаптық принципі, нормасы және теңдік формасы арқылы көрсетуге болады.
Өздерінің бейеркіндіктен еркіндікке, еркіндіктің бір сатысынан одан жоғарғы сатысына өтуінде, еркіндіктің туа біткен тәжірибесінде адамдар мен халықтар осы шақпен келер шақтағы еркіндікті де сезіне алмайды, өйткені адамдардың еркіндікті өмір тіршілігінде, практикалық тәжірибеде жүзеге асыру өте қиын мәселе.
Адамдардың қоғамдық өмірінде еркіндіктің болмысы мен болу формасын, құқықтан өзге ешбір салада, адамзат ойлап тапқан жоқ. Еркіндікті логикалық та, практилық та жүзеге асыру мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет