Шет тілі екі шетел тілі
210-топ Ақыбай Жайна
Тұлға қалыптасуының кезеңдер заңдылықтары Негізгі сұрақтар:
1.Дамудың периодизациясы.
2.Психикалық дамудың заңдылықтары.
3.Психикалық даму факторлары
4.Тұлға белсенділігі, субьективтілік
5.Психикалық даму заңдылықтары
1.Дамудың периодизациясы. Даму психологиясы немесе жас ерекшеліктерінің психологиясы — жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму:
1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;
2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі.
Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.