І. Жансүгіров атындағы жетісу


Экономика философиясының даму кезеңдері



бет85/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)

Экономика философиясының даму кезеңдері


Антика ойшылдарының (Ксенофон, Платон, Аристотель) қоғам өміріндегі экономикалық орны мен маңызы туралы. Тұңғыш экономикалық ой-

пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым - философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған. Ксенофонт, Платон, Аристотель пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан. Көне Рим ойшылдары Сенека, Лукреций Кар құлиелену- шіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы дейді олар. Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді.
Ерте дүниеде де, орта ғасырларда да экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған. Сондықтан замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам, адам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құл иелену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болып (грекше: "политейя"– қоғам, "ойкос"– үй, шаруашылық, "номос" – заң), ал экономикаға (гр. Oikonomia – үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар деген анықтама берді.
Саяси экономия – қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. Экономикалық ой - пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI- XVII ғасырларды қамтиды, саяси экономия дербес ғылымға айналды.

Т.Мор және Т.Кампанелланың утопиялық социализмі. Жаңа дәуірдің негізін философиялық-экономикалық идеялары: Д.Локк (мемлекеттің еңбек теориясы), Т.Гоббс (мемлекеттің экономикалық мәні және табиғи құқық), И.Бентам (утилитаризм және мемлекеттің құқықтық теориясы). Ағартушылық дәуірі: Ж.-Ж.Руссо (қоғамдық келісім және жеке меншікті сынау), Т.Мальтус(тұрғылықты халық теориясы), А.Смит және Д.Рикардо (еңбек бөлісі, экономикалық факторлар және құнның еңбек теориясы).
Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық- экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
Г.Ф.Гегель қоғам өмірінде экономиканың орны мен мәні жөнінде. К.Маркстің экономикалық теориясы және марксизмнің пайда болуы (Ф.Энгельс, П.Лафарг және т.б.). Анархистің экономика философиясы мен методологиясының дамуы: Д.С.Милльден А.Маршалға дейін.
Қазіргі экономикалық ойдың негізгі бағыттары (монетаризм, неоклассика, кейнсианство) және олардың философиялық- экономикалық идеялары. Философиялық-экономикалық бөлшегіне оинституционализм. Орыс экономика философиясы (С.Н.Булгаков, Н.Д.Кондратьев және т.б.).
Кейнсшілдік (ағылшынша экономисі әрі публицисі Дж. Кейнстің есімімен) - экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу қажеттігін жақтайтын экономикалық саясат. Дж. Кейнс – қатаң баға белгіленіп монополияландырылған экономиканың заңдылықтарын тұңғыш зерттеуші. Ол нарық тетіктерінің құдіретті емес екендігін‚ жұмысқа жарамды халықтың жұмыспен толық қамтылмауы және өндірістік қуаттардың жұмыс істеуі жағдайында тепе-теңдіктің (тепе- тең шаманың) орнатылуы мүмкін екенін көрсетті. Ол және оның ізбасарлары дағдарыстар және сылбыр шаруашылық жағдаяты (конъюнктурасы) кезеңдерінде орнықты экономика өсуді және жоғары деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін ағылшын үкіметіне экспансиялық қаржы саясатын (мемлекеттік шығысты ұлғайтып‚ салықтарды төмендету) және несие-ақша саясатын
(айналыстағы ақша санын көбейту) жүргізуді ұсынды. Оның пікірінше‚ мемлекет жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін жою мақсатында‚ экономика саясатқа араласып‚ оны жүргізуге‚ сұранымның жалпы шамасына ықпал етуге тиіс. Идеяның мәнісі сұранымның көлемін ұлғайта отырып‚ жұмыссыздықтың көбеюін жоюға‚ ал оны қысқарта отырып‚ инфляцияның өсуін болдырмауға болады дегенге саяды.
Институционализм – XX ғасырдың 90-жылдарында тек әлеуметтік ғылым ғана емес, сонымен катар экономикалық, саяси ғылымдар да "жаңа институционализм" теориясына канық бодцы. "Жаңа институционализм" теориясының негізін салушылар арасында көптеген келіспеушіліктер бодцы, сонымен катар институттар туралы ортақ түсініктер де орын алды. Ол институттарда ресурстардың бірдей етіп бөлінбеуін қолдан отырып, белгілі бір билік етуші топтардың өзара іс-қимыл ережелерін ұсынуына мүмкіндік беретін әлеуметтік конструкциялар деп түсіндірді[2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет