Алдымен, субъективтік тұрғыдан құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы,
білім алу,
еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құқығы секілді тікелей субьектімен байланысты құқықтар. Обьективтік мағынадағы құқық – нормативтік құқықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек - субьективтік құқық обьективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқталады. Құқықтық обьективтік және субьективтік мағыналардың біріктіріле түсінетінділігі де жоққа шығарылмайды. Осыларға қарап құқықтың күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз - мемлекет белгілеп мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларының сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
«Құқық»
терминінің көптеген мәні бар, ол
заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады.
Заң ғылымында «Құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, «Құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың
еңбек ету бостандығы, білім алу,
меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.