Қр конституциясы 30 тамыз



Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#81098
Байланысты:
www.zharar.com-konstituciya

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз


Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады
Сонымен Қазақстан республикасының конститутциясы (Ата заңы) - 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
1-бап
  • Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

  • 2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Біздің Конституциямыз - бұл біздің таңдауымыз. Оны құрметтеп, бағалау - бізге міндет. Конституция бойынша өмір сүру ол - демократияның ең жоғарғы сатысы, оны білу, үйрену, тағлым ету - бәрімізге парыз. Бүгінгі қол жеткенге тоқтамай, алға басуымыз керек, тек қана алға!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет