І. Жансүгіров атындағы жетісу


Қазіргі өркениет және ғылым



бет33/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100

Қазіргі өркениет және ғылым


Ғылым мен мәдениеттің өзара байланысын, мәдениеттегі ғылымның алатын орнын өркениет дамуының екі түрлі – дәстүрлі қоғам мен техногенді

өркениетті салыстыра қарауға болады.

Дәстүрлі қоғам әлеуметтік өзгерістердің жай жүруімен сипатталады. Дәстүрлі қоғамда бір қоғам өмірін кешкен ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан адамның бірнеше ұрпағы ауысуы мүмкін. Қызмет түрлері, олардың құралдары мен мақсаты тұрақты стереотип ретінде жүздеген жылдар бойы өмір сүреді. Осыған байланысты бұл қоғамның мәдениеттегі маңызы – дәстүрлер, үлгілер мен нормалар, ұрпаққа жалғасқан тәжірибелер болады. Жаңашыл әрекет мұнда жоғарғы құндылық болмайды.
Техногенді өркениет – мына қасиеттермен сипатталатын әлеуметтік дамудың ерекше түрі:
әлеуметтік өзгерістердің жоғарғы жылдамдығы қоғамның материалдық негіздерінің қарқымды дамуы адамның өмір сүру негіздерін қайта құру;
техногенді өркениет тарихи антикалық мәдениет дамуынан басталған, адамзатқа екі ұлы ашылуды – демократия мен теоретикалық ғылымды силаған полистік мәдениет дамуынан басталуы;
бұл ашылулар - әлеуметтік байланыстарды реттеу саласында және әлемді тану әдісінде болашаққа маңызды сілтеме, өркениеттік прогрестің жаңа түрі болуы.
Тарихтың қалыптасуында техногенді өркениет екінші және өте маңыздысы – адамды ерекше таныған еуропалық ортағасырлық болып табылады, адам бейнесі құдайға ұқсас, адами санамен, құдайлық әрекетті түсіне алатын және құпиясын ашатын, әлемді жасауда Құдай жазған хаттарды оқи алады деп түсінген. Таным мақсаты Құдай ойын түсіну, Құдай шығармашылық жоспарын ұғыну. Ренессанс дәуірінде антикалық дәстүр жетістіктері қалыптасты.
Осы кезден бастап ХҮІІ ғ. бастау алатын техногенді мәдениеттің мәдениеттік матрицасы қалыптасты. Ол үш сатыдан өтті: индустриалдықтан бұрынғы, индустриалдық және индустриалдықтан кейінгі сатылар. Индустриалдықтан кейінгі сатыда өмір сүрудің маңызды негізі – техника мен технологияның дамуы өндіріс саласындағы төтенше жаңалықтар жасауымен ғана емес, техникалық- технологиялық үрдістерде жаңа ғылыми білімдер генерациясы мен енгізу есебімен дамыту болады.
Осыдан барып, адам өмір сүретін табиғи ортаның заттай әлемнің тез өзгеруіне негізделген дамудың өзгеше түрі қалыптасады. Бұл әлем өзгерісі адамдардың әлеуметтік байланысының белсенді трансформациясына әкеледі. Техногенді өркениетте ғылыми- техникалық прогресс адамның байланыс, қарым-қатынас түрлерінің, өмір сүру және тұлғалық түрлерінің үнемі өзгерісіне әкеледі.
Нәтижесінде болашақты көздейтін прогресстің бағыты көрініс табады.
Техногенді қоғам мәдениеті үшін өткеннен бүгінгі арқылы болашаққа ағатын қайтымсыз тарихи уақыт көрінісі тән. Көптеген дәстүрлік мәдениетте басқа түсініктер болды; яғни уақыт айналым ретінде қабылданған, әлем кезең түрде алғашқы жағдайға қайтып келеді деген ойлар бар. Дәстүрлі мәдениетте алтын ғасыр өтіп, ол артта қалды деп саналған. Бұрынғының батырларына еліктеуге тұрарлық үлгілі әрекеттер жасаған. Техногендік қоғам мәдениетінде басқа көзделеді. Әлеуметтік прогресстің ойы болашаққа жақсы өзгерістерді күту, ал болашақ бақыты әлемді құруды қамтамасыз ететін өркениеттік жетістіктер өсімімен сипатталады.
Үш жүз жылдан артық өмір сүрген техногенді өркениет тек қарқымды және жылжымалы ғана емес, сондай-ақ агрессивті, себебі ол бағындырады, түрлендіреді және дәстүрлі қоғам мен оның мәдениетін басып алады. Техногенді өркениеттің белсенді өзара әсері соңғыларының құлдырауына, көптеген мәдени дәстүрлердің жойылуына әкеледі. Дәстүрлі мәдениет тек периферияға шығарылмайды, сондай-ақ жаңару техногенді даму жолында дәстүрлік қоғам енуінде толық өзгереді. Көбінесе бұл мәдениеттер рудименттер ретінде фрагменттері сақталып қалады. Техногенді өркениеттің мәдени матрицасы дәстүрлі мәдениетті өзгертеді, өмірге маңызды жақтарын түрленіп, жаңа әлемді тану доминанттарымен ауысады.
Ең бастысы және шын мәнінде дәуірлік, бүкіл әлемдік, тарихи өзгеріс, ол дәстүрлі қоғамның техногенді өркениетке ауысуына байланысты, жаңа құндылық жүйесінің қалыптасуы болып табылады. Құндылықтар иерархиясында ең жоғарғы, маңызды орын – тұлға еркіндігі, бұл дәстүрлі қоғамға мүлдем жат нәрсе. Онда тұлға белгілі корпорацияға жатып, соның қарапайым бөлігі болып іске асады. Техногенді өркениетте тұлға еркіндігінің өзгеше түрі туады; адам өзінің корпоративтік байланысын өзгерте алады, оған тығыз байланысты емес, адамдармен қарым-қатынас жасай алады, түрлі әлеуметтік қоғамдарға тереңдеуге, көбінесе түрлі мәдени дәстүрлерге үңілуге мүмкіндігі бар.
Техногенді өркениеттің әлемді тану доминанты мынаған саяды; адам әлемге қызметтік қатысты белсенді тіршілік иесі болады. Адам әрекеті жаңашылдыққа, сыртқы әлемді түрлендіру мен қайта құруға ең алдымен адам өзіне бағынышты қылатын табиғатты түрлендіруге тиіс. Өз кезегінде сыртқы әлем адам әрекетінің аренасы ретінде қаралады, әлем адам үшін жаралған, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған болады. Әрине жаңа еуропалық мәдени
дәстүрде басқа әлемді тану ойлары, альтернативтік (балама) ойлар қалыптаспайды емес, техногенді өркениет өз негіздерін үнемі өзгертетін қоғам ретінде анықталады. Ол мәдениетте жаңа образдар, ойлар, концепциялар (ұстанымдар) генерациясы бағаланады, бірақ оның біразы ғана бүгінгі шындықта жүзеге асуы мүмкін, ал қалғандары алдыңғы ұрапқтарға арналған өмір сүрудің болашақ бағдармалары болады. Техногенді қоғам мәдениетінде доминант құндылықтарға балама ойлар мен құндылықтарды анықтауға болады, бірақ қоғамның шынайы өмірінде олар белгілі рөл атқара алмайды. Қоғамдық сана шетте қалады және адамдар тобының қозғалысына әкелмейді.
Әлемді түрлендіру ойы және табиғатты адамның бағындыру ойын академик Степин атап өткен, техногенді өркениетте өзінің барлық тарих сатысында қазірге дейін негізгі болып табылады. Бұл ой техногенді қоғамның өмір сүруі мен эволюциясын анықтаушы генетикалық кодтың маңызды құрамы болып қала береді.
Адам әрекеті түсінігі техногенді әлем танудың маңызды аспектісі мен тығыз байланысты, яғни табиғат түсінігі – табиғат заңдарын ұсынған саналы тіршілік иесі заңды, реттелген кеңістіктегі сыртқы процестер мен нысандарды өз бақылауына алып, билігін жүзеге асыра алады. Тек табиғи процесті қолдан алмастырып және оны адам үшін қызмет етуіне қойып, жаңа технология ойлап табу қажет, сонда бағынған табиғат барлық масштабта адами қажеттіліктерді қанағаттандыра алады. Бұнда табиғат – адам құрамына кіретін тірі организм болады, бірақ адам мұнда жалпы заңдылықтармен басқарылатын заңдық өріс болмайды. Әлеуметтік өмірді реттейтін заңдылықтардан өзгеше табиғат заңы ұғымы дәстүрлі мәдениетке жат.
Сонымен бірге техногенді өркениетпен құндылықтар жуйесінде ғылыми тиімділіктің ерекше статусы байланысты болады, ғылыми – техникалық көзқарастың әлемге өзгеше маңыздылығы, әлемді тануы, оның түрлену шарты болып табылады. Адам табиғат пен әлеуметтік өмір заңдарын білсе, табиғи және әлеуметтік процестерді өз мақсаттарына сәйкес реттей алады. Ғылымилық категориясы өзіндік символикалық мәнге ие болады. Ол гүлдену мен прогрестің қажетті шарты болып қабылданады. Ғылыми тиімділік құндылығы және мәдениеттің басқа салаларға белсенді әсері –техногенді қоғам өмірінің сипаттық қасиеттері
Сонымен, әлемдік даму түрлеріне байланысты ғылымды қараудың мәдени аспектісі оның адами әрекеттің түрлі салаларына әсер ету деңгейін кеңейтеді, оның әлеуметтік гуманитарлық маңызын арттыра түседі.

тән;




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет