Мәдениет осы немесе басқа замандар дүниетануының мінез- құлқын ескертеді және ғылымды білу туралы талаптарын қояды. Ортағасырлық ғылымға теологизм, схоластика, догматизм тән болатын, ол діни мәдениеттің әлеуметтік және практикалық қажеттіліктеріне қызмет еткен. Бұл шарт бойынша ғылым діни ілімдік парыздармен өз шешімін амалсыз келістіріп отыру керек еді.
Сол уақытта теология барлық сананы қамтып алуды тырысқан, бірақ мазмұны, ғылыммен табылатын, онымен қайшылыққа жиі түскен. Сондықтан ғылым өзіне меншікті теориялық құруларды салып бітіре алған жоқ, олар ғылыми техникалық проблемалардың шешімі арқасында дамып отырды.
Ғылым дамуына арналған университеттерінің ашылуы зор мәнге ие болды. 1158 жылы Болон университеті құрылды, 1167 ж. – Оксфорд, 1209 ж. – Кембридж, 1215 ж. – Париждің университеті, ал кейінірек Неапольде, Прагада, Краковте университеттер ашылды. 16 ғасырдың аяғында Европада 63 университет болды. Университеттерде теология,
медицина, математика, геометрия, астрономия, физика, грамматика, философияпәндері оқытылған.
Ғылыми ой ХХШ-Х1У ғасырларда негізінде орталықтағы екі университетте шоғырланған – Парижде және Оксфордта, ғылыми қайшылықтарды және ортағасыр жаратылыстануының дамуына көрнекті рөл атқарды. Статика мен гедравлика сұрақтары талқыланып, зерттелген, жантайған жазықтық денелердің тепе-теңдігін, салмақ проблемасын және ауырлықты есептеуде математикалық әдіс кеңінен қолданылды.
Ортағасырлар заманында көптеген табиғат зерттеуші ғалымдар жұмыс жасап өмір сүрген. Олардың ішінде атап өтетіндер ғылыми тануында тәжірибенің маңызды рөлін атқарған Р.Бэконды; алгебраны өңдеумен шұғылданған, «Liber Abaci» трактатын жазған, Леонардо Пизанскийді; жай секстантты ойлап тапқанЛеви бен Герсонды; астрономикалық құралдарың одан әрі дамуына, жақсаруына жұмыс жасағанДж. Чосерді; астролог П.Догамирді, итальян математигі Кремоннан келген Жеромды, француз математигі Ж. Неморариусты және т.б. Техника жағынан да көптеген жетістіктерге жеткен. Х1У ғасырдың ортасында алғашқы домналық ошақ салынған болатын, су арқылы жұмыс жасайтын және жел арқылы істейтін диірмендер таралды, сағаттық механизм жақсартылды, кітап бастырушылық ойлап табылды және т.б.
Дегенмен, ғылымда кереметтей жаңалық болмады. Диалектикалық тілмен айтқанда, саны бар сапасы жоқ. Жеке ұсыныстар және жақын келулер білім сферасында ғылыми революцияны іске асыруға жол бермеді.
Сонымен, орта ғасырда европалық ғылым өзіне меншікті негіздерге ие бола алмады және қоғамның рухани өмірі теологиялық бағытта болды.