3. Мектеп мұғалімдерінен кезекшілік ұйымдастырылып, түнгі сағат 21.00 – 24.00 аралығында АІІБ полиция қызметкерлерімен бірге «Балалар түнгі қалада» атты рейдтік іс- шара күнде өтті.Әр күні кезекшілер АІІБ барып тіркеліп, полиция қызметкерлерімен бірге аудан басының жасөспірімдер көп шоғырланатын орындарына рейд жасады.
4. Психолог П.Курганбаева «Ерте жаста отбасын құрудың оң және теріс жақтары» тақырыбын 9-11 сынып оқушыларының арасында ток - шоу ұйымдастырды. Бұл ток шоуға аудан мешітінің имамы Әділхан қажы ,аудандық білім бқлімінің әдіскер маманы С.Г.Ибикенова және АІІБ маманы А.С.Абенова қонаққа шақырылды. А.Абенова аудан бойынша ерте жаста отбасын құрған отбасыларға және оның себептеріне тоқталып өтті. Келген қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |