Астрахан №1 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы тәрбие жұмысының
І жартыжылдық бойынша есебі.
Астрахан №1 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылынында «Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Оқу жылының басында 2015-2016ж. атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2016-2017 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді.Аз қамтылған отбасы оқушылары мен қамқорлыққа алынған 48 бала жаппай біліммен қамту қорынан тегін ыстық тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.
Егеменді еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу қазіргі заманның сұранысына сай ой-өрісі кең, өзіндік көзқарасы бар,тұлға тәрбиелеу бүгінгі мектептің басты міндеті. Осы орайда 2016– 2017 оқу жылында мектеп ұжымы ҚР-ның «Білім туралы» заңын бұлжытпай орындай отыра ой –өрісі жоғары , жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан –жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу мақсатын алға қоя отырып жұмыс жүргізуде. Мұғалімнің кәсіби даярлығы жеткілікті болып, алған біліміне сай жаңа технологияны сабақта шебер қолдана алатын болса, алдына қойған мақсаты айқын, шәкірттеріне қажетті білімді таңдай алуға үйрете білсе ғана тиімді нәтиже болады.
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жанжақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету. 2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету. 3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету. 4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету. 6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. 7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту 8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие 2. Рухани-адамгершілік тәрбие 3. Ұлттық тәрбие 4. Отбасы тәрбиесі 5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі 8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
2016-2017 оқу жылының тәрбие жоспары осы 8 бағыт бойынша жоспарланды. Қыркүйек айында «Қауіпсіз мектеп», «Мектепке жол » республикалық акцияларымен басталды.Барлық іс-шаралар жоспар бойыынша өтті.Ерекше тоқталатын мектептің ЖҚЖИ отрядының 1 сынып оқушылары мен бастауыш сынып оқушыларына арналған "Жол тәртібін білейік, аман - есесн жүрейік" акциясы. Жетекшісі Г.Б.Жанабекова
Астрахан №1 орта мектебінде оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кыркүйек айының 14 мен 20 аралығында жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Қыркүйек айының 15 күні оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектебіміздің ЖҚЖИ отряды 5-11 сыныптар арасында «Жол тәртібін жадында ұста!» тақырыбында лездеме өткізді. Жол ережелері мен қауіпсіздіктеріне тоқталды.
Кыркүйек айының 16 күні жалпы мектептік ата-аналар жиналысын ұйымдастырып ,АІІБ маманы А.С. Аменованы шақырып ата-аналарға құқықбұзушылықтың және жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында дәріс оқыды. Ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Қыркүйек айының 19 күні мектебіміздің ЖҚЖИ отряды мен тәлімгер Г.Б. Жанабекова бастауыш сыныптар арасында және жүргізуші ата-аналармен акция жүргізді. Ата-аналарға жол ережесі туралы нұсқаулықтар таратылды.
Сәтті шыққан көрмелердің бірі П.Ж.Курганбаеваның ұйымдастырған "Бақытты сәттер" отбасылық фотосурет және сурет салу байқауын айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |