Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: « Физика-техникалық»
Кафедрасы: « Киберфизика»
СӨЖ Тақырыбы:“Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру”
Орындаған:Нұржанұлы Ернар Тексерген: Қозғамбаева Гүлнар
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі
ә)Интенеттегі әлеуметтік желілердің жариялымдарын талдау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Ядролық қарудан бас тарту мәселесі барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық полигондар -20 ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғатына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды өзгерістер туғызды.
500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып,олардың саны әлем бойынша сынақтардық 4/1-ін құраған.Ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарыслыстан бірнеше есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері дәлелдейді. 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды.Ол-ядролық қарусыз әлем құру үшін жасалған еді.Дегенмен,ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелерде жоқ емес. Атом технологиялары мен материялдарының халықаралық ланкестер қолына түсуінің қаупі зор. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтық «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай деген: «Ядролық қаруды таратпай режімін нығайту жөніндегі бастамаларыз- әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесімізӘлемде алғашқы болып Семей полигонын жауып және атом қаруынан бас тартып, біз жетекші ядролық державлардан (АҚШ,Қытай,Ресей,Ұлыбритания) қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық »,-дед тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстанның әлем мемлекеттері арасында бірінші болып қуатты Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы арқылы өз ұстанымының айқын екенін көрсетті. Ол -- ядролық қарусыз әлем құру. Қазақстанның осындай саясатының үлгісін Ұлыбританияның Стэнфорд университетінің Ядролық қатерді қысқарту жөніндегі бастама қоры аса жоғары бағалады. 2011 жылы Лондонда болған Гувер институтының Тежеу: өткені және келешегі атты халықаралық конференцияда ядролық қаруы мен қондырғылары бар 13 дамыған мемлекеттің ірі мамандары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол қойса,олардың 154-і ратификациялап үлгерген. Тұтастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар жасалды. Дегенмен, ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес. Оларға Елбасы жекелей тоқталды. Бүгінде Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстағы ядролық қарулануды халықаралық бақылаудың тиімді тетігі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |