ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ: Саламандық декларациясын талқылау
Орындаған: Қалханбек Жәнира
Қабылдаған:Мукажанова Эльмира
Алматы 2020
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1.Саламан декларациясы
2.Инклюзивті білім берудің міндеттері
3.Инклюзивті білім берудің принциптері
III Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқықтарын білім жүйесінде іске асырудың инициаторы Біріккен Ұлттар Ұйымы болып табылады. БҰҰ құрылған күннен бастап (1945 ж.) мемлекеттердің назарын мүмкіндігі шектеулі адамдардың сапалы білім алуы мен білім алудың қолжетімділігі мәселесіне назарын аударды. Бұл мәселелер БҰҰ бірқатар құжаттарында бейнеленген: адам құқықтарының Декларациясы (1948 ж.), білім саласында дискриминациямен күрес туралы Конвенция (1960 ж.), бала құқықтарының Декларация (1959 ж.), ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы Декларациясы (1971 ж.), мүгедектердің құқықтары туралы Декларация (1975 ж.). Алғашқы рет мемлекеттер халықаралық деңгейде адамның білім алуға құқықтарын 1948 жылы қабылданған адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясында мойындады.
Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |